• АҚШ-тың Парсы шығанағы аймағындағы араласушылық рөлі

АҚШ-тың аймақта әскери құзырға ие болғанын ұзақ жыл болды. Шын мәнінде Ұлыбритания әскерилері 1971 жылы Парсы шығанағынан кеткеннен кейін АҚШ осы стратегиялық аймақтағы өзінің әскери құзырын нығайтуға айрықша талпыныс жасап, тіпті өзінің теңіз күштерінің бесінші әскери базасын Бахрейнде орналастырды.

Парсы шығанағы шикі мұнай қорларына бай болуына байланысты маңызды стратегиялық аймақ саналады. Алайда бүгінде бұл аймақ таңылған соғыстар мен қару-жарақ бәсекелестігінің алаңына  айналған. Осы үдерісте Иранның аймақтағы рөлін әлсірету АҚШ-тың саясатында басымдыққа ие.

АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль қазір де Иранды аймақтағы саяси өзгерістер үдерісінен шығару үшін бар күштерін жұмылдырып отыр.

Бүгінгі бағдарламамызда осы мәселені толығырақ қарастырамыз.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис қаңтардың он тоғызы жұма күні АҚШ-тың "Ұлттық қорғаныс стратегиясы-2018" атты жаңа құжатты таныстырды. Бұл құжаттың кейбір бөлімдерінде Иран алты рет аталып, Иранға қарсы негізсіз айып тағылды.

Бұл айыптаулардың басты тақырыбы лаңкестікке қолдау көрсету аясындағы Ираннан қорқыту саясатын, аймақтық ықпалы мен гегемония жобасын және зымырандық әлеуетіне қоқан-лоққы жасауды қамтиды.

Аталмыш құжатта АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) Иранды тізгіндеу үшін талпыныстарын жалғастыратыны айтылған. Пентагон бұл істі аймақтық коалициялар құру арқылы жүзеге асыруды көздеп отыр.

АҚШ бірнеше жылдан бері Иранды ауыздықтау үшін көпжақты саясат ұстанып келеді. Осы саясатқа сәйкес үш негізгі қозғалыс назарға алынған:

Бірінші қозғалыс – ислам революциясын бұрыс бейнеде көрсетіп, Иран Ислам Республикасын аймақ тұрақтылығын бұзатын ағым ретінде таныстыру. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы негізгі саясаты болған бұл қозғалыс әлі жалғасуда.

Екінші қозғалыс Иранды санкциялар қалыбында саяси-экономикалық тұрғыдан оқшаулап, Иранның экономикалық, ғылыми даму мен халықаралық қатынастар саласындағы ілгерілеуіне бөгет жасау болды. Бұл қозғалыс та әлі күнге дейін АҚШ-тың күн тәртібінен түскен жоқ.

АҚШ-тың үшінші стратегиялық қозғалысы Иранның айналасындағы ортада қауіпсіздік тұрғысынан қиындықтар тудырып, Иранның қорғаныстық қабілетін шектеуге талпыныс жасауды қамтиды. Бұл қозғалыс қазір де басты назарды аймақтағы Иранның зымырандық әлеуеті мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының рөлі мен Иранның тежегіш күшіне аударып отыр.

Бұл үдерістер АҚШ-тың «аймақта қауіпсіздік орнату» атты қолдан жасалған текетірестер мен дағдарыстарды сақтап қалу екенін көрсетіп отыр.

Бөгделердің аймақтағы әскери құзырын арттыру стратегиясы мақсаттарының бірі ерте заманнан бергі аймақта жікшілдік тудыру және арандатушы саясаттарының жалғасуы саналады. Бөгделер талай жылдан бері аймақтағы өз мақсаттарын ілгерілету үшін дәл осы саясатты ұстанып келді. Осыған байланысты Америка Құрама Штаттарының негізгі жеріне жасалған шабуыл деп бағаланған 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасы жаңа консерваторларға күш теңгерімін халықаралық деңгейде өзгерту үшін таптырмас мүмкіндік қалыптастырды. Осылайша, сол кездегі Парсы шығанағындағы жағдайды сақтау саясаты өз орнын сол жағдайды өзгерту саясатына берді.

11-қыркүйек оқиғасының орын алуымен күш-қуат пен АҚШ-тың жаңа кеңістіктегі гегемониясын қайта қалпына келтіруге негізделген саясатты теорияландыру үшін қолайлы мүмкіндік туды. Осылайша, әскери күш пен қуатты пайдалану АҚШ дипломатиясының тірегі ретінде тіпті халықаралық қауымдастықтың қолдауынсыз басты назарға алынды.

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери амалдары мен осы ел коалициясы күштерін Ауғанстанда орналастыруының жалғасында Вашингтонның аймақтағы саясаты әсірешілдік сипатқа ие болып, екі жақты тізгіндеу саясаты зұлымдық бағытындағы қарсыласу қозғалысына айналды.

АҚШ-тың қауіпсіз аймақ құру туралы уәжі көбінесе саяси қалжыңға ұқсас. Әлемдегі зұлымдықтар мен тынышсыздықтың қайнар көзі саналатын АҚШ 11-қыркүйек оқиғасынан соң дәл осы уәждерімен Ауғанстанды, соңсоң Иракты басып алды. Бірақ бұл әскери жорық пен басқыншылықтың нәтижесі қауіпсіздік орнатудың орнына Әл-Каиданың пайда болуына әкеліп соқтырды. Содан кейін АҚШ-тың Ирактағы он жылдық әскери құзырының салдары саналатын ДАИШ тобы құрылды.

АҚШ саясаты тарихындағы таңқалдырарлық тұлға – Трамп бұдан бетер кесірлі әрі бүлдіргі ойларымен қауіпсіздік орнату сылтауымен назарын бірнеше мәселеге аударды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде АҚШ қауіпсіздігіне қатер төндіруші қоқан-лоққылар сылтауымен Батыс Азияны нысанаға алуын  атау керек.

Бұл қауіп-қатерлер лаңкестік, жаппай қырып-жою қарулары мен АҚШ-қа қарсы режимдердің одағынан құралған.

Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың сыртқы саясаты Таяу Шығыс және Парсы шығанағы аймағына, әсіресе Иранмен күресуге шоғырланған.

Теһран университетінің Саясаттану факультетінің Аймақтық зерттеулер кафедрасының профессоры және Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің зерттеулер орталығының Сыртқы саясат тобының меңгерушісі Мұхаммад Джамшиди бұл мәселе жайында: "Төңкеріс немесе басқа да айқын зұлымдықтар секілді өткенде орын алған кейбір өзгерістер АҚШ-тың әрекетіне қатысты ирандықтардың санасын ерекше бағытқа салды. Сондықтан олардың санасындағы пессимисттік көзқарастың болуы табиғи жағдай. Дұшпандықтан бөлек, америкалықтар Иранның аймақтағы әрекеттеріне қатысты қиялға беріліп, қателеспеуі керек. Иранның аймақтағы талпыныстары өз гегемониясын орнатуға бағытталған жоқ, ирандықтар аймақта тыныштық пен бейбітшілік орнатуға мүдделі. Иран аймақтағы демократияны жақтап, демократия бар кез келген жерде (Сирия, Йемен, Бахрейн, Ирак, Палестина) Иранның ұлттық мүдделерінің де қамтамасыз етіліп жатқанын жақсы байқап отыр. Сол себепті Иран аймақтан бейбітшілік пен демократияны іздеуде", - деді.

Алайда Америка Құрама Штаттары бос уәждер айту арқылы Иранды қауіпті деп көрсету арқылы басқа ойыншыларға ескертуге талпыныс жасауда.

Чикаго универсиетінің профессоры Джон Миршаймер жуырда х.ш.ж.с.б 1396 жылы азардың он тоғызы күні Теһранда өткен "Иран мен АҚШ көзқарасы бойынша Батыс Азияның аймақтық жүйесінің көкжиегі" атты семинарда АҚШ-тың 2002-2017 ж.ж. және 11-қыркүйек оқиғасынан кейінгі кезеңдегі сыртқы саясаты шеңберіндегі үдерістерге сілтеме жасап: "Режимді өзгерту АҚШ сыртқы саясатының Таяу Шығыстағы мақсаттарының біріне айналып, АҚШ оны Ауғанстан, Ирак, Сирия, Ливия мен Мысырда жүзеге асыру үшін талпыныстар жасады",- деп мәлімдеді.

Ол Трамптың сыртқы саясатына байланысты сөзінде: "Оның (Трамп) ешқандай тәжірибесі жоқ.  Ол АҚШ-тағы билік тізгінін қолына алғанына бір жыл толмаса да, аяқ астынан шешім қабылдап, маңызды мәселелерге байланысты пікірін өзгертіп отырады",- деді.

Алайда Парсы шығанағы аймағындағы басып-жаныштаушы Сауд Арабиясы мен араб елдері режимдері бұрынғы қателіктерін қайталап, АҚШ-ты әлі де өздерінің шайқалып тұрған үкіметтерінің тіректеріне кепіл беруші деп санайды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама 2015 жылдың қаңтар айында Иран мен "алтылық тобы" арасындағы ядролық келіссөздер нәтижесіндегі келісімнен кейін CNN телеарнасына берген сұхбатында: "АҚШ Иранға қатысты қателіктер жасады. Соның ішінде, АҚШ Иранға қарсы соғыста Саддам Хусейнге қолдау көрсетті",- деді.

Алайда АҚШ осы қателіктерін өзінің саяси мақсаттарына жету үшін көпірге айналдырып, енді АҚШ-тың Қорғаныс министрі Сириядағы ДАИШ-пен күресу жөнінде жаңа жобалар ұсынып жатыр. Бұл оның астарындағы айласы ДАИШ-пен күресу емес, Парсы шығанағы айналасындағы араб елдері  тарапынан Иранға қарсы әскери сап түзеу болған жағдайда орын алып отыр.

 

Feb 08, 2018 14:43 Asia/Almaty
Сараптама