Иранның Ислам революциясы 1357 жылдың 22 бахманында (1978 ж. ақпан айы) жеңіске жетті. Бұл Таяу Шығысқа өзгеріс әкеліп, АҚШ-ты Ираннан біржолата шығарған үлкен оқиға болды.

Иран революцияға дейін таққа  АҚШ отырғызған Мұхаммадреза Пехлеви үкіметінің билігін бастан өткеріп, экономикалық-геополитикалық байлықтарды талан-таражға салуды көздеген АҚШ-қа тәуелді болды. Иранның мұнайын шетелдік компаниялар өндіретін. Теһрандағы АҚШ елшілігі тыңшылық жасайтын база ретінде пайдаланылды. Сол кездегі АҚШ Президенті Джимми Картер: "Иранға асау теңіздегі тыныш арал ретінде қараймын",- деген болатын. Бұл – АҚШ-тың соғысқа қарсы басшыларының бірі әрі "Virginia Defender" басылымының бас редакторы Ислам революциясы және АҚШ-тың Иран халқына қарсы ежелден келе жатқан дұшпандығының тамырлары туралы сұхбатының бір бөлімі.

Негізінде Иран Ислам революциясының жеңісіне дейін және одан кейін де АҚШ-тың әртүрлі қастықтарымен бетпе-бет келді. АҚШ жарты ғасырдан астам уақыт бойы Иранның істеріне араласып, дұшпандық білдіріп, бұл елге соққы беруге талпынды. Қазір де санкциялар мен қоқан-лоққыларды пайдаланып, өзін артық санап, Иран халқының рухын әлсіретіп, дамуы мен тәуелсіздігіне зиян келтірмек. АҚШ басшылары Иранның Ислам респуликасы жүйесі құрылған кезден бастап оны құлатуды өзінің стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде қалыптастырды. Барак Обаманың "Нью-Йорк Таймс" газетіне берген сұхбаты дәл осы тарихи шындықты мойындауы болды. Барак Обама сұхбатында: "Егер Иранның тарихына шолу жасайтын болсақ, біздің Ирандағы сайланған демократиялық үкіметті құлатуға араласқанымыз көрінеді. Біз Саддам Хосейннің соғыс кезінде  Иранға қарсы химиялық қару қолданғанын біле тұра оны қолдадық. Соның салдарынан қауіпсіздік саласында алаңдаушылық пайда болды",- деді. 20-шы ғасырдың тілтанушысы, сарапшы,  танымал ғалымдардың бірі Хомский "Nation" журналисіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының себептері туралы: "АҚШ басшылары мен баспасөз сарапшылары ертеден Иранды жер бетіндегі өте қауіпті мемлекет санады. Бұл мәселе Трампқа дейінгі кезеңге қатысты. Иранның кешірілмейтін күнәсі АҚШ-тың 1953-ші жылы әскери төңкеріс арқылы билік басына әкелген диктатураны құлатуы болды. Менің ойымша, оқиғаның тамыры дәл осы мәселеде",- деді.

Саяси мәселелер саласының танымал сарапшысы саналатын Хомский АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының себебін Иранның Вашингтонның алдында бас имеуіне байланысты деп санайды. Ол бұл тақырыпты Америкадағы "Жаңа демократия" арнасына берген сұхбатында баяндап: "Американың көзқарасы бойынша Иран үлкен қылмыс жасады. Иранның қылмысы – Американың бұйырықтарын орындамауы болды. Аналитикалық кітаптарда айтылмайтын халықаралық қарым-қатынастардағы негізгі доктриналардың бірі – мафиялық доктрина. Халықаралық мәселелер көбінесе мафиялардың басқаруына ұқсас басқарылады. АҚШ өзіне бағынбауды ешқашан қабылдамайды",- деді.                                                                                                  

 

Feb 10, 2018 00:49 Asia/Almaty
Сараптама