• АҚШ-ның  ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатына шолу 4

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында бұл елдің әлемді билеу мақсаты белгіленген.

АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының төртінші негізі АҚШ Президенті Дональд Трамптың шілде айының 2 күні айтқан сөзімен басталады: «Барлығынан маңыздысы – біз барлық адамдарға құрмет көрсетіп, баршаның құқықтарын қорғаймыз, Барша азат өмір сүре алады деп үміттеніміз»,- деген болатын. Бұл сөйлемнен кейін АҚШ-ның  ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында АҚШ-тың халықаралық жүйенің макро тақырыптары, әлемнің  әртүрлі елдері, географиялық аймақтарға қатысты ұстанымдары мен әлемде америкалық құндылықтарды тарату туралы баяндалды. Трамп АҚШ  ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатын таныстырған кезде: «Біздің стратегиямыздың соңғы төртінші тірегі АҚШ-тың әлемдегі ықралын арттыру болып табылады. Бірақ бұл іс елдің ішіндегі байлық пен билікті нығайтумен басталады» деді. АҚШ Президенті өз елінің қайтадан әлем билігін өз алғысы келетінін қуаттап: «Біз өзіміздің өмір сүру тәсілімізді ешкімге міндеттемейміз, бірақ ешкімнен кешірім сұрамай, құндылықтарымызды таратамыз»,- деді. Трамп сонымен бірге коалициялар мен мықты компанияларды АҚШ-тың әлемдегі ықпалын тарататын негіздер деп атап: «Біз жаңа компанияларымызды бізбен ортақ мақсаттар мен мүдделерімізді ортақ арманға айналдыратындармен бірге құрамыз»,- деп мәлімдеді. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында белгіленген әлемді билеу мақсаты кедергілерімен бетпе-бет келуде. Бұл кедергілер мен қиындықтардың қомақты бөлімі АҚШ-тың ықпал ету күшінің төмендеуі мен бұл елдің бақталастарының ықпалының артуына және бір бөлімі америкалық ұлтшыл ағымдардың Трамптың өкілеттігіне қатысты көзқарастарына байланысты.

АҚШ Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен бірден өзінің экономикалық байлықтары мен ядролық қаруына сүйеніп, әлемнің жартысын билеп-төстеуді бастады. Соғыстан көптеген шығын көріп, қираған және коммунизмнің ықпалына түсумен бетпе-бет келген Еуропа АҚШ-ты капиталистік және либералдық демократия үлгісімен Батыс әлемінің басшысы ретінде сайлап, бұл елдің қауіпсіздік шатырының астына кірді. Сол кезде АҚШ өз империясын басқаруға немесе әлемнің түкпір-түкпірінде соғыс ашуға  қажет көптеген қаржы көздеріне ие болды. Сол кездегі АҚШ-тың сыртқы саясаты достарына сүйену және дұшпандарын қауіп-қатерге тіреу сынды екі негіз бойынша қалыпасты. Доллар арқылы  достарының адалдығын сатып алып, армиясы арқылы дұшпандарын басып-жаншыды. Осылайша, АҚШ әлемнің жартысын билейтін болды. Шығыс блогы ыдырап, Кеңес Одағы жіктелген соң америкалықтардың өздерін әлемнің жалғыз алпауыт құдырет сезінуі үшін қолайлы мұрсат пайда болды. Фрэнсис Фукуяма сынды саясаттанушылар социализмнің сәтсіздікке ұшырауын тарихтың соңы санап, 21-ші ғасырды «АҚШ ғасыры» деп атады. Сол кезде АҚШ-тың қолында коммунизмнен босаған мемлекеттерді өз шатырының астында паналатып, 1991  жылдағы бірінші Парсы шығанағы соғысы сияқты соғыстарды жалғастыру үшін қажет көптеген қаржы болды. Қалай болғанда, АҚШ-тың халықаралық жүйені билеп-төстеуі басталған соң АҚШ-тың осалдығының белгілері байқала бастады. 20  ғасырдың соңындағы қаржы саясаттары мен Рональд Рейганның президенттік кезіндегі ұзақ мерзімді «жұлдыздар соғысы» атты жобаға үлкен қаржы жұмсауы АҚШ-тың қаржы потенциалын әлсіретті. 20 ғасырдың ортасында  әлемнің ең ірі несие беруші мемлекеті саналған АҚШ бұл ғасырдың соңғы жылдарында әлемнің ең үлкен қарызға батқан мемлекетіне айналды. АҚШ қарызының көбін Вашингтонның саяси және экономикалық бәсекелері саналатын Қытай ман Жапониядан алған болатын. Ресейдің әскери құдыретін жаңғыртып, Қытай құдыретінің пайда болуымен АҚШ армиясының күш-қуаты дағдарысқа тірелді. Америкалықтар әлемдегі өз басшылығын дәлелдеу үшін қазіргі ғасырдың басында Иракқа қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс АҚШ үшін елес пен әшкерелеуге айналды.

2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі соғыстар америкалық азаматтар үшін алты триллион доллардан астам шығын келтіріп, бақайшығына дейін қаруланған АҚШ армиясының Ауғанстан мен Ирактың әскери жасақтарымен кезіккен кезде қатты зардап шеккенін көрсетті. АҚШ-тың ішкі және халықаралық жүйе деңгейіндегі қазіргі шындықтар бұл елдің әлемдік басшылығын қатерге тіреді. 2008 жылдағы қаржы дағдарысы мен қарыздануы АҚШ-тың экономикасын күшейту мүмкіндігінен айырылып, кейбір транштарынан артқа шегінуіне себеп болды. АҚШ транштары бұдан бұрын доллардың күшімен  сақталған болатын. Алайда қазір Трамп үкіметі халықаралық қаржы көмектерін азайту саясатын ұстануда. Бұл көмектердің азаюымен АҚШ-тың кейбір халықаралық ұйымдар мен әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі билеп-төстеушілігі біртіндеп төмендейді. Қазіргі әлем «қырғи-қабақ» соғысынан кейінгі жағдайға қайшы америкалықтарға бағынатын емес.  АҚШ-тың Париж климаттық келісімінен шығуы бұл елдің өткен ғасырдың соңғы онжылдығындағы  жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған Киото хаттамасынан шығуынан кейінгі жағдайға ұқсас болмады. Бұл жолы әлем тіпті дүниежүзі бойынша парниктік газдардың екінші өндірушісі саналатын АҚШ-сыз өз жолын жалғастыратынын, сондай-ақ Қытай жердің ысуына қарсы әлемдік талпыныстардың басшылығын өз мойнына алып, АҚШ-тың орнын басуға дайын екенін жариялады. Сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Трамптың Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялау шешімін айыптаған тарихи шешімі Вашингтонның халықаралық жүйедегі билігінің қаншалықты әлсірегенін көрсетті. БҰҰ-ның 128 мүшесі Трамптың қарсы шыққан елдерге қаржылай көмек көрсетпеумен қорқытуына қарамастан, АҚШ  Президентіне қарсы тұрды. Тіпті, әлемнің ең осал әрі ең кедей елдері де Трамптың қоқан-лоққыларына көңіл бөлмей, оған қарсы дауыс берді.

Трамп пен оның жақтастары халықаралық жүйедегі АҚШ-тың гегемониясын сақтап қалу үшін тарихтағы ең үлкен армияны құруға талпыныс жасауда. Трамп үкіметінің 2018 жылы Пентагонға 700 миллиард доллар бөлу шешімі Вашингтонның әлемдегі басшылығын сақтау үшін зеңбіректің оқпанынан қарайтынын көрсетеді. 21 ғасырда да әскери күш маңызды рөл атқарғанымен, АҚШ-тың қазіргі басшыларының жұмсақ күшке көп көңіл бөлетіні байқалады. АҚШ-тың Сыртқы қарым-қатынастар кеңесінің басшысы Ричард Хаас америкалық ұлтшылдардың оқшаулану ұстанымдарын сынап: «Трамп АҚШ-тың әлемдік басшылығына қарсы. Ол Еуропа мен Шығыс Азиядағы одақтастарының алдындағы АҚШ-тың қауіпсіздік міндеттемелерін бұзуда»,- деді. АҚШ-ты билеп отырған ұлтшыл ағымдар жұмсақ құдырет, қоғамдық дипломатия, халықаралық коалиция құру мен басқалардың мүдделерін құрметтеуге аса назар аудармайды. Трамптың «бірінші АҚШ» деген негізгі ұраны бұл мемлекеттің дұшпандарына, бәсекелестері мен тіпті одақтастарына шапқыншы ұстаным білдіруіне себеп болды. Сонымен бірге ұлтшылдық пен «өзіне оралу» идеясы АҚШ-ты халықаралық жүйе деп аталатын қарым-қатынастардан алыстататын жолға итермелеуде. Өткен бір жылда АҚШ Париждің климат келісімі мен Трансатлантика келісімінен, ЮНЕСКО ұйымының мүшелігі мен БҰҰ босқындар туралы келісімінен шықты. Сондай-ақ,  Трамп НАТО мүшелерін бұл әскери ұйымның қаржы шығындарын қамтамасыз  ету үшін үлестерін арттырмаса, АҚШ-тың НАТО-дағы рөлін азайтатыны туралы ескертті. АҚШ-тың жан-жақты сауда келісімдерінен шығуы бұл елдің халықаралық эконмикалық жүйедегі рөлін әлсіретеді. Бұл жағдай АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік құжатында белгіленген мақсаттарына қайшы.

Қорыта айтқанда, Трамп үкіметі АҚШ-ты әлемдік абсолюттік басшы етуге талпынуда. Трамптың 2016 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жетуі АҚШ құдыретінің құлдырауына алаңдаушылық білдірген және Трамптың ұрандарын ұнатқан азаматтардың реакциясы болды. Қалай болғанда да, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиялық құжатының төртінші негізіне  жету, яғни АҚШ-тың қауіпсіздігін ішінен нығайтып, экономикалық дамуға жігерлендіріп, бейбітшілікті күш арқылы қорғау басқа үш негізбен салыстырғанда қиынырақ деп айтуға болады.

 

 

Тегтер

Mar 04, 2018 02:21 Asia/Almaty
Сараптама