• Бахрейн дағдарысындағы араб ұйымдарының рөлі

Бахрейн халқының әл-Халифа режиміне қарсы "Меруерт көтерілісі" 2011 жылдың ақпан айының 14 күні басталды. Осы уақытта сол көтерілістен жеті жыл өтті.

Уақыт өте келе Бахрейн халқы көтерілісінің басқа араб елдері көтерілістерінен айырмашылығы айқынырақ байқалуда. "Меруерт көтерілісінің"  басқа араб елдері көтерілістерінен ең маңызды айырмашылығына шетелдік ойыншылардың, яғни басқа мемлекеттер мен ұйымдардың бұл көтеріліске немқұрайдылық танытуы, сондай-ақ, Сауд үкіметінің халықтың наразылықтарын басып-жаншып, әл-Халифа режимін Мысыр, Тунис, Ливия және Йемен басшыларының тағдырына ұқсас тағдырдан құтқару үшін Бахрейнге әскери шабуыл жасауы болды. Ұйымдар арасында БҰҰ сынды халықаралық ұйым ғана емес, аймақ ұйымдары да Бахрейн халқының көтерілісін қолдаудың орнына үнсіздік танытып, әл-Халифа режимін қолдады немесе ресми түрде Бахрейн халқының көтерілісіне қарсы тұрды. Мұндай жағдайда араб елдерінің екі органы, атап айтқанда Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі мен Араб мемлекеттерінің Лигасы Бахрейн халқынан гөрі әл-Халифа режимін қолдауды жөн көрді. Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесі алты араб мемлекеті, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, Кувейт, Оман және Қатар мүше болып кіретін араб  органдарының бірі болып табылады. Негізінде, Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесі Сауд әулеті саясаттарының билігіне тәуелді. Бұл фактор Бахрейн дағдарысында ресми түрде пайдаланылды. Халифа әулетінің қалауымен 2011 жылдың наурыз айының 14 күні, яғни наразылықтардың басталуынан нақты бір айдан  кейін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің қауіпсіздік күштері "Арал қалқаны" атты жоба бойынша Бахрейндегі наразылық қозғалысын басып-жаншу үшін бұл елге аттанды. Сөйтіп, 1200 арабстандық, 500 эмираттық әскери Бахрейнге енді. Сауд үкіметі Бахрейнге өз әскерилерін жіберуін Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің "Арал қалқаны" жобасына сүйеніп, ақтамақ болды. Аталмыш жоба бойынша Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесі бөгделердің шабуылымен кезіккен ұйымының басқа мүшесіне қолдау көрсетуі қажет. Негізінде, Бахрейн бөгделердің шабуылымен емес, халқының бейбіт наразылықтарымен бетпе-бет келген еді. Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесі Бахрейн дағдарысында ресми түрде Халифе режимін қолдады. Алайда "Араб қалқаны" жобасы бойынша, саудиялық қауіпсіздік күштерінің Бахрейнге енуінен екі күннен кейін, яғни наурыз айының 16 күні медициналық орталықтар мен халықтың шеруіне шабуыл жасау жұмыс кестесіне енгізілді. Бұл күні Халифе мен Сауд әулеттерінің әскери-қауіпсіздік күштері наразыларды Манаманың айналасындағы ауылдарда тарқатып, Бахрейннің ең үлкен үкіметтік ауруханасы Солеймание медициналық орталығын қоршап, оның қызметкерлері мен науқастарға оған кіруге рұқсат етпеді. Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігі  күштерінің Бахрейнге енуінен бұрын бір айдың ішінде тоғыз бахрейндік азамат өлтірілген болса, аталмыш күштер енген соң тек бір күннің ішінде, яғни наурыз айының 16 күні алты адам қаза болды. Бұл күннен кейінгі айлар мен жылдарда Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігі  күштерінің Бахрейндегі орналасуы Бахрейн үкіметінің бұл елдің халқына қарсы зорлық-зомбылықтарының күшейіп, халық пен әл-Халифа режимі арасындағы  қайшылықтарының артуына себеп болды. Басқаша айтқанда, "Арал қалқаны" күштері қысқа мерзімде әл-Халифа режимі күштерінің майдандық жағдайын жақсартқанымен, олардың ұзақ мерзімге сол елде қалуы әл-Халифа режимі үшін теріс әсерін тигізді. Өйткені, олардың құзыры әл-Халифа режимі үкіметінің заңдылығын дағдарысқа тіреді. Бахрейн халқының пікірінше, әл-Халифа режимі Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесіндегі одақтасынан Бахрейнге әскери араласуды талап етіп, Халифе әулеті үкіметінің бөгде елдерге, әсіресе Сауд Арабиясына тәуелді екенін көрсетті. Осы салада Сауд Арабиясы  Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі арқылы Бахрейнге 20 миллиард доллар бөліп, бұл долларларды халық пен үкімет қарсыластарының арасында таратып, елдегі үкіметке қарсы наразылықтардың кеңеюінің алдын алуға көмектеспек болды. 

Сауд Арабиясы Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесін Бахрейнге әскери араласу үшін пайдалануымен бірге бұл Кеңесті өзінің басқа мақсаттары үшін де қолданды. Сауд Арабиясы  Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің 2012 жылдың мамыр айының 15 күнгі отырысында аталмыш Кеңес мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды ынтымақтастық деңгейінен  бірлік деңгейіне көтеру жобасын ұсынды. Жобаны тек Бахрейн үкіметі ғана қолдады. Кувейт пен Қатар жобаға қарсылық білдірді. Біріккен Араб Әмірлігі  мен Оман отырысқа қатыспады. Бұл тақырып Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің ішкі қайшылықтарға ие екенін көрсетті. Қалай болғанда да, өткен 7 жыл ішінде Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің мүшелері арасында Бахрейн дағдарысына қатысты әшкере қайшылық байқалды. Сауд Арабиясы  қауіпсіздік шараларын қолданып, әскери араласу қажет деп санаса, Қатар мен Кувейт Бахрейн дағдарысын саяси жолмен шешу керек деп қуаттайды. Кувейт қарсыластар мен әл-Халифа режимі арасында арағайындық жасауға талпынды. Бірақ нәтижеге жетпеді. Қатар Бахрейнде 60 күннің ішінде  жаңа үкімет құрып, "Араб қалқаны" жобасы бойынша Бахрейнге енген күштерді шығаруды  ұсынды. Қатардың бұл ұсынысын Бахрейн үкіметінің қарсыластары қолдағанымен, Бахрейн мен Сауд Арабиясы  үкіметтері қабылдамады.

Келесі мәселе Сауд Арабиясы мен Бахрейннің Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесін Иранға қарсы мақсаттарын іске асыру үшін пайдалануы болып табылады. Өткен 7 жылда  Сауд Арабиясы мен Бахрейн үкіметтері Бахрейн дағдарысын мазхабаралық қақтығыстар деп көрсетіп, «ИИР Бахрейннің ішкі істеріне араласып, Бахрейн шиіттерін билік басына әкелуге талпынуда» деп айыптау үшін көп  талпыныс жасады. Оларға керісінше, ИИР әрқашан Бахрейн дағдарысының басқа араб елдеріндегі дағдарыстар сияқты үкіметке қарсы наразылықтар екенін, мазхабаралық қайшылық емес және Иранның бұл дағдарысқа ешбір қатысының жоқ екенін қуаттады. Бахрейн патшасы құрған шындықты зерттеу комиссиясының басшысы Шариф Басони 2011  жылдың қараша айындағы мәлімдемесінде: "Иран мен бахрейндік қарсыластар арасында қарым-қатынас жоқ",- деп мәліидеді. Шариф Басонидің 513 беттік мәлімдемесінің 378-ші бетінде: "Бахрейн үкіметі тәуелсіз зерттеу комиссиясына  Иранның Бахрейндегі бейберекеттіктерге қатысты болуы туралы құжат тапсыра алмады",- деп жазылды. Бахрейндегі АҚШ елшісі Томас Краджески де 2011 жылдың қыркүйек айының 21 күні: "АҚШ Иранның Бахрейндегі тынышсыздықтарға араласуы туралы ешбір құжат таба алмады",- деп мойындады. Осылайша, Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің араб патшаларын қолдайтын орган екені дәлелденді. Кеңес Бахрейн дағдарысында да сол елдің патшасын қолдаумен айналысуда. Осыған орай сарапшылардың көбі Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің бүгінгі құлдырауы бұл Кеңестің Бахрейн дағдарысындағы әрекетінен басталды деп санайды.

Араб елдерінің келесі маңызды ұйымы – Араб Мемлекеттерінің Лигасы. Бұл ұйым Бахрейнде мүлдем бейтарап болды. Араб мемлекеттерінің Лигасы Парсы Шығанағының Ынтымақтастық кеңесі сынды әл-Халифа режиміне қызмет еткен жоқ, Бахрейннің көтеріліске шыққан халқына да қолдау көрсетпеді. Бұдан бұрын Араб Лигасы Сирия мен Ливия дағдарыстарында ресми түрде бұл елдердің биліктеріне қарсы тұрып, тіпті Сирияны бұл ұйымдағы мүшелігінен айырып,  Ливияның орнын Қаддафи жүйесінің қарсыластарына тапсырды. Сондықтан, Араб Мемлекеттерінің Лигасы Бахрейн дағдарысына үнсіздік білдіруімен жанама түрде әл-Халифа режимін қолдады деп айтуға болады. Араб ұйымдары неліктен Бахрейн көтерілісінде Тунис, Мысыр, Ливия, Йемен халықтарының көтерілістері мен Сириядағы лаңкестік соғысқа білдірген ұстанымдарына қайшы әрекет етті?  Бұл сұраққа жауап ретінде көптеген себептерді атауға болады. Тунис пен Мысыр халықтарының көтерілісі бір айға жетпей нәтижеге жетіп, іс жүзінде араб ұйымдарына бұл көтерілістерге ұстаным білдіруге мұрсат бермеді. Йемен дағдарысында Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің мүшелері Әли Абдолла Салехті билік басында қалдыру үшін талпыныс жасағанымен, Йемен халқының тасқынына қарсы тұра алмады. Ливия мен Сирия дағдарыстарында бір жақтан араб үкіметтерінің Батыс қолдаушылары бұл елдердің биліктеріне қарсы әрекет еткендіктен,  араб үкіметтері бұл саясатқа қарсы шыға алмады. Басқа жақтан, әсіресе Сирияға қатысты бұл елдің үкіметі арабтың патшалық биліктерінің аймақ мәселелеріне қатысты саясаттарын қолдамады. Сондықтан Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесі мен Араб Мемлекеттерінің Лигасы іс жүзінде Сирия мен Ливия жүйелеріне қарсы орналасты. Негізінде, Бахрейн оқиғасы өзгеше.  Бахрейн аймақ тұрғысынан Сауд әулеті мен Батыс биліктерінің саясаттарына тәуелді. Бахрейн билігінің басындағылар Сауд әулеті мен Батыс үкіметтеріне тәуелді. Бахрейн елінің географиялық орыны Сауд Арабиясы  мен Батыс, әсіресе АҚШ үшін ерекше маңызды. Бахрейндегі Халифа әулетінің құлдырауы Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің барлық мүшелерінің, әсіресе Сауд патшасының құлдырап құлауына себеп болады. Бахрейннің дағдарысына өзгеше ұстаным білдіруге себеп  болатын келесі мәселеге  Бахрейн халқы көпшілігінің шиіт мазхабын ұстанатындығы жатады. Бахрейн халқы көпшілігінің шиіттер екендігіне назар аудара, әл-Халифа үкіметінің құлауы Бахрейн үшін Ирак үкіметі үлгісіндегі үкіметтің құрылуына әкелуі мүмкін. Алайда мұндай нәтижені әсіресе Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігі  және Батыс елдері, әсіресе АҚШ қабылдамайды. Бұл жағдайлар кейбір араб және Батыс үкіметтерінің әл-Халифа режимінің қылмыстарына қолдау көрсетіп, кейбір басқа үкіметтердің  бұл қылмыстарға үнсіздік танытып отырғанын көрсетеді. Мұның барлығы Грэм Фуллердің "Бахрейн шиіттері – күнделікті кемсітушілік пен азап-қорлық көріп отырған, ұмытылған мұсылмандар" деген ой-пікірін дәлелдейді.

 

 

 

Mar 04, 2018 21:26 Asia/Almaty
Сараптама