Сауд әулеті режимі АҚШ және БАӘ-нің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменге басқыншылық жасап, Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд- Раббу Мансур Һадиді билік басына қайтару сылтауымен бұл елді құрлық, теңіз және әуе кеңістігі арқылы қоршауға алды. Осы қақтығыстардың салдары БАӘ мен Сауд Арабиясының қарамағындағы әскерилердің Йеменнің оңтүстік аймақтарында, әсіресе маңызды Аден қаласында бір-бірімен қақтығысуына әсер етіп, бұрын-соңды болмаған түрде шиеленісе түсті.

Бүгінде БАӘ мен Сауд Арабиясының Йемендегі ашкөздігі Йеменнің оңтүстігіндегі тұрғындар арасында жаппай қақтығыстарға ұласып, іс жүзінде бұл аймақтың тұрғындарын Абд-Раббу Мансур Һадидің басқарған үкіметті құлатуды жақтаушылар немесе оны қолдаушылар деген екі топқа бөлді.

Бұл мәселе Абу-Дабиді Сауд Арабиясының Йеменнің оңтүстік облыстарындағы ықпалын азайтуға талпыныс жасауға итермеледі. Сол себепті де маңызды айлақты Аден қаласы БАӘ-не қарасты Йеменнің оңтүстігінің өтпелі кеңесіне тәуелді содырлар мен Йеменнің отставкаға кеткен прездиенті Абд-Раббу Мансур Һадиді жақтаушы содырлар арасындағы теке-тірес пен қақтығыс сахнасына айналды.

Қақтығыстардың ашық түрде жалғасуына байланысты бұрын солтүстік облыстардың барлығын бақылауда ұстап отырған Йемен әскері мен "Ансаролла" қозғалысына қарсы соғыста одақтас болуға келіскен Сауд Арабиясы мен БАӘ қазір Йеменде бір-бірінің көзін жоюға мүдделі. Осыған байланысты Сауд Арабиясы Йеменнің Санаға дейінгі солтүстік бөлігіне үстемдік орнатуды көздесе, БАӘ оңтүстік облыстардағы коалицияға бағынышты содырларға қолдау көрсетіп отыр.

Йеменнің оңтүстігіндегі жаңа шындықтар мен Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменнің оңтүстігіндегі ықпал үшін қақтығыстарының шиеленісуіне байланысты Рияд пен Абу-Даби арасындағы теке-тірес те арта түскен. Себебі, Біріккен Араб Әмірліктері Йеменнің оңтүстігін бақылуға алып, барлық аралдар мен айлақтарға үстемдік етуге бағытталған өз стратегиясын жылдамдатуды көздеуде.

Бұл бағдарлама Йемендегі ішкі өзгерістер мен қиындықтарды және Йеменнің оңтүстігіндегі оқиғалардың ықтималды салдарларының Йемендегі өзгерістер мен оның саяси келешегіне әсер етуін зерттеуге бағытталған.

Бүгінгі бағдарламада Йеменнің ішкі жағдайын қарастырылып, аймақтық және халықаралық деңгейлердегі қауіпсіздікке әсер ете алатын жайттар мен олардың жай-жапсары баяндалады.

Алғы сөз:

Мәселенің мән-жайы

Йеменнің ішкі өзгерістері соңғы жылдары бақылаушылар мен Таяу Шығыс аймағы мен аймақтан тыс алып елдердің назарын өзіне аударды. Сауд Арабиясы әскерилерінің Саада көтерілісіне араласуы, АҚШ-тың Йемен істеріне араласып, әскери коалиция құруы Йемендегі дағдарыс пен ішкі тынышсыздықтардың тамыры және аймақтан тыс алпауыт елдер мен халықаралық қауымдастықтың осы өзгерістерге қатысты күннен-күнге артып бара жатқан назарының себебі жайлы болжамдар тудырды.

Теориялық тұрғыдан Таяу Шығыстың геостратегиялық және геоэкономикалық аймағының тәртібі мен қауіпсіздігін бұзған кез келген фактор АҚШ-тың гегемониясына қауіп төндіреді. Осындай болжаммен Йемендегі өзгерістер аймақтық және халықаралық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіріп, соның салдарынан АҚШ-тың гегемониясы да қауіп төндіреді.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөліктері тұрғысынан АҚШ-тың осы аймақтағы гегемониясын шынайы қатерге ұшырататын ең үлкен қауіп аймақтық тынышсыздықтардың етек жаюы мен әл-Каида мен соған ұқсас ұйымдардың күшеюі арқылы өзі де тынышсыздықтарды көбейту циклына айналады. Теориялардың нақты дәлелдерге негізделгеніне қарамастан, АҚШ әл-Каида мен ДАИШ-тың рөлін пайдаланып, лаңкестікпен күресті сылтауратып, аймаққа ықпал етуді көздейді. Соңғы жылдардағы ДАИШ-тың Сирия мен Иракқа үстемдігі АҚШ-тың өзінің Батыс Азиядағы ықпалын ілгерілетіп, әскери гегемониясын пайдалану мақсатындағы стратегияға айналған.

Оқиғаны зерттеу:

Йемендегі өзгерістердің АҚШ пен Сауд Арабиясының аймаққа ықпал ету стратегиясында атқаратын рөлін қарастыру

  1. Йеменнің географиялық және стратегиялық тұрғыдан алатын орны

Йемен Араб түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оның Қызыл теңіз бен Аден шығанағындағы шекарасы өте үлкен. Бұл елдің стратегиялық орыны  Африка мүйізіне жоғарыдан үстемдік етуі мен осы аймақ пен Африканың шығыс жағалауларындағы әрекеттерді Йеменнің оңтүстігі мен батысындағы теңіз шекаралары және Сокотра аралы арқылы бақылау мүмкіндігінің арқасында бұл ел үлкен маңызға ие болды. Сонымен қатар, оның Баб әл-Мандеб бұғазына үстемдігі оны энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тауар транзиті тұрғысынан маңызын арттыра түседі.

Баб әл-Мандеб бұғазының қауіпсіздігі тауар мен қару-жарақ транзиті тұрғысынан Қызыл теңіз жағалауындағы барлық елдер үшін маңызды Мысалы, 1973 жылғы соғыс кезінде Мысыр мен Сирия Израильге қарсы шығып, Йемен Араб Республикасы Каирмен келісіп, кемелер мен қару-жарақ Израильге келмес үшін Баб әл-Мандеб бұғазын жапты. Осылайша, Израильдің теңіз күштерінің басым бөліктерін пайдалануына кедергі жасап, Қызыл теңіз арқылы Мысырға соққы беруіне тосқауыл жасады. Бұл іс Синай майданындағы соғыс амалдарына қатты әсер етті.

Сауд Арабиясындағы Джидда мен Янба қалалары мен Қызыл теңіз жағалауындағы онға жуық  қалалардағы сауда-саттық пен туризм Баб әл-Мандеб бұғазындағы қауіпсізлік пен тыныштыққа айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Сондықтан, Йеменнің Африка мүйізіне үстемдігімен қатар Баб әл-Мандеб бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де бұл елді стратегиялық ерекшеліктерге толы орынға орналастырды.

  1. Йеменнің ішкі әлеуметтік және саяси жағдайы

Йемен халқы мен әлеуметтік тұрғыдан тайпаның салт-дәстүрі кейде мемлекеттік заңдардан да маңызды саналатын тайпалық қоғам саналады. Бұл қоғамның тайпалары мәдени және қоғам қабылдайтын белсенділіктерінен бөлек саяси өмірге араласуда ең әсерлі ұйым болуы мүмкін. Йеменнің мемлекеттік басшыларының басым бөлігі Йеменнің атақты әрі текті тайпаларынан шыққан. Йеменнің бұрынғы президенті Әли Абдолла Салех өзі басқарған отыз жылдың ішінде Йеменде үлкен ықпалға ие Һашед тайпасы федерациясының мүшесі болды. Оның ақсақалдары, яғни әл-Ахмар әулетінің басшыларының басым бөлігі Йеменнің маңызды саяси басшылары саналады.

Йеменнің атақты басшылары мен маңызды тұлғаларының қонақ күтуге арналған "Қат отырыстары" өткізілетін үлкен залдары бар. Бұл жиындарда маңызды саяси мәселелер қарастырылып, ешбір шектеусіз талқыға салынып, сынға алынады. Шын мәнінде, тайпалардың билігі мен қоғамның осындай тайпаларға бөлінуі үкіметтің ықпалға ие болып, оның өктемшілдікке бет бұру әрекетін тежейді.

Егер Әли Абдолла Салехтің саяси өміріне көз жүгіртетін болса, оның бірде-бір одақтасына ешқашан адал болмағанын, тіпті ауық-ауық өз одақтастарына қарсы бүлік ұйымдастырып тұрғанын көреміз.

Оның саяси өмірін Сауд Арабиясының қолдауымен бастап, соңында Сауд Арабиясына қарсы коалицияның құрамына кіріп, хусилерге қарсы бес соғыс жүргізгеніне қарамастан, хусилермен бірігіп, ақырында хусилерге қарсы қастандық құруға қатысқанына назар аударудың өзі жеткілікті. Осылайша, кейбіреулердің пікірінше, Әли Абдолла Салех хусилердің оғынан емес, саудиялық коалицияның бомбалауы салдарынан қаза болған.

 

Mar 05, 2018 15:08 Asia/Almaty
Сараптама