• Күннің қасындағы ай

Режеп айының 13 жұлдызы – хазірет Әли (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.

"Мұхитты елестетіңіздер. Адам үшін бұл мұхиттың жағалауын көру түгілі, ұзақ зерттеулер арқылы оны түсіну де мүмкін емес. Әр жақтан қарағанда дүниенің айбындылығын байқайсыздар. Көптеген мұхиттар, зерттелмеген тереңдіктер, мұхиттың әртүрлі жаратылыстары мен ғажайыптары адам үшін әлі де белгісіз қалып отыр. Егер мұхитты  басқа тұрғыдан зерттейтін болсақ, ұқсас жағдай мен ұқсас оқиғаны көреміз. Мұхитты қай тұрғыдан зерттесек те ғажайыптарын байқаймыз.  Бұл имам Әли (ғ.с.)-ның болмысының кішкентай ғана мысалы. Осы теңдессіз тұлғаға әр тұрғыдан шолу жасасақ, шексіз ғажайыптарды көреміз. Бұл үгіт-насихат емес. Бұл – жылдар бойы  имам Әли (ғ.с.)-ның өмірі туралы зерттеген және таңырқау сезімін өз болмысынан байқаған адамның пікірі. Имам Әли (ғ.с.)-ның болмысы әр тұрғыдан таңғалдырады".

 

Бұл – Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің үзіндісі. Хазірет Әли бен Абиталип хиджри жыл санағы бойынша 30 жылы, умм ул-фил жылының режеп айының 13 күні Қағбаның, яғни Алланың үйінің ішінде дүниеге келді. Ол – Абуталиптің перзенті. Оның атасы Абдолмуталеп – Хашим әулетінің ұлы. Анасы Фатима – Асад бен Хашим бен Абдолманафтың қызы.

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның туған күні құтты болсын!

Табиғаттың мейрамы, гүлдердің биі мен бұлбұлдардың жүрекке жағымды әндері, өлі жердің төсінен шыққан көк шөп – ойландыратын, жаратылған әлемнің айбындылығының белгісі. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, жер өзінің әсем бақтары, жайқалған көп шөбімен әрбір жанды таңғалдырып, баршаны қуаныш пен шаттыққа шақырады. Алла Тағала құрғаған жерге өмірді қайтарып,  түрлі-түсті өсімдіктердің өсуіне көмектесу үшін  бұлттарды жаратты. Содан соң бұлттарды желмен қуып, жерге жаңбыр жіберді. Жер беті түрлі гүлдерге толып, тау бөктерлерінде көк шөп жайқалады».

«Наһдж ул-Балағе» – жаратылыстың сұлулығының сипаттамасы. Имам Әли (ғ.с.) жаратылған әлемді терең түсініп, баршаны оны пайдалануға шақырып, көктем көңіл-күйінің ерекшелігін арттырды.  Құстарды сипаттап, тауыс туралы: «Жаратылған құстардың ең ғажайыптарының бірі – тауыс. Алла Тағала оны өте әдемі етіп жаратып, түрлі түстермен әшекейледі. Тауыс өзінің әдемі құйрығын шатыр сынды ашып, оны басына көлеңке түсіру үшін пайдаланады. Оның мың құбылған құйрығы кеменің желкені сынды. Егер тауыс қауырсындарының түстерін жер бетіндегі өсімдіктерге теңейтін болсақ, көктемнің әртүрлі гүлдерінен жинақталған гүл шоғы сынды» деген.

Егер ойлансаң, жаратылыстың сырына бойлап, кішкентай құмырысқа мен үлкен құрма ағашының Жаратушысының бір екенін түсінесің. Сондықтан күн мен айдың, тал мен өсімдіктің, су мен тастың, түн мен күннің айырмашылығын, теңіздердің толқындары мен таулардың, әртүрлі сөздер мен түрлі тілдердің, мұның барлығының Жаратушының айқын белгілері екендігі туралы ойлан. Мақтауға лайықтыны қабылдамаған адам үшін қандай өкінішті»,- деген болатын.

Христиан философы Антуан Бара: «Мен көркем сөз бен шешендігі араласқан қасиетті «Наһдж ул-Балағе» кітабын кем дегенде 25 рет оқысам да, әр жолы оқыған сайын бұл кітаптың адамгершілігінің жаңа үлгілерін байқап, оның ғажайыбын түсіндім»,- деді. Антуан Бара «Әли – ислам философы» деген кітабында: «Уа, Әбу әл-Хасан! Кеудең хикметке толы. «Наһдж ул-Балағеңмен» мені таңғалдырдың. Сенің кітабың мен үшін Інжіл сияқты. Мен әрбір таң мен әрбір түнде оны оқып, жүрегім мен жанымды оған тапсырамын. Отбасым бұл кітаппен күндерін өткізеді»,- деп жазған болатын.

Бала кезінде Әли (ғ.с.) Алла елшісінің қасында тәрбиеленді. Ол өскен сайын пайғамбар оған көбірек көңіл бөліп, тәрбиесіне көбірек араласатын болды. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Мен аруананы іздеген бота сынды болдым. Хазірет күн сайын жақсы ахлақтық белгілерін көрсетіп, мені өзінің жақтастарының қатарына қосылуға шақырды» деді. Ол Исламның ұлық пайғамбарының Алламен қарым-қатынас орнатуының куәсі болды: «Исламның ұлық пайғамбары Хира тауында өзі жалғыз қалатын. Пайғамбарлық және уәһи міндеттерді көріп,  набоватының хош иісін естідім»,- деді. 

Хазірет құрайыш бүлігі кезінде пайғамбардың қасына келіп, өзінің жанын қатерге тіреді. Содан соң әрқашан пайғамбардың қасында болып, күннің қасындағы ай сияқты жарқырады. Соғыстардың көбіне, соның ішінде Хандақ пен Хейбар соғыстарына қатысты.

 

Хиджридың 8 жылы, Меккені жеңген жылы пайғамбармен бірге Қағбаны надандықтың пұттарынан тазартып, соғыссыз жеңіске жетудің қуанышына бөленді. Алла елшісі соңғы қажылық сапарынан екі айдан кейін дүниеден озып, Әли (ғ.с.)-ды өзінің орынбасары ретінде жариялады. Имам Әли (ғ.с.) пайғамбар дүниеден озғаннан 25 жылдан кейін билік басына келді. Сол кезде құндылықтардың көбі өзгеріп, илаһи ахкам жойылып, халықтың мүлкі талан-таражға түсіп, надандық әдет-салты халыққа үстемдік етті.  Хазірет Әли (ғ.с.) билік басына келген кезде жағдай өзгеріп, әділет пен адалдық орнатылды. Хазірет Әли (ғ.с.) әділеттің жоғары үлгісі болды. Әлем зорлық-зомбылықтан босап, әділет пен адамгершілікті танитын болды. Имам Әли (ғ.с.) халық және қоғаммен қарым-қатынас орнатып, терең ойларын көрсетті. Хазіреттің пікірінше, халық қоғамдық тұрғыдан екі топқа бөлінді: біріншісі – діни бауырлар, екінші топ – мұсылмандармен жаратылыста ұқсас жандар. Сондықтан хазірет бұл екі топпен де адамгершілік негіздеріне сай қарым-қатынас орнатты. Джафар бен Мұхаммад (ғ.с.): «Әли (ғ.с.) Алланың ризалығы үшін орындайтын екі істің арасында қалған кезде қиынын таңдайтын»,- деп айтқан болатын. Имам Мұхаммад Бен Әли (ғ.с.): «Әли (ғ.с.) Куфеде халыққа нан мен ет жегізіп, өзі қарапайым тамақтанатын»,- деген. Негізінде, имам Әли (ғ.с.) – діни құндылықтардың жиыны, мистик, саясаткер және қоғамтанушы. Имамның көзқарасы бойынша, адамды тәрбиелеп, алға ілгерілетіп, кемелдікке жеткізіп, оны Аллаға жақындататын ілім мен ғамал ғана құнды.

Исламға бет бұрған бірінші адам, Алла елшісінің бауыры әрі серігі хазірет Әли (ғ.с.)-ның туған күніне орай әлемнің барша мұсылмандарын құттықтаймыз!

 

Тегтер

Mar 30, 2018 17:22 Asia/Almaty
Сараптама