• Жетекші көзқарасы

Хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. фарвардин айының жиырма бесі сенбі күні таңертең жүйенің жауапты тұлғаларының бір тобы мен ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі топ өкілдерін қабылдады. "Мабас" мерекесіне орай өткізілген бұл кездесуде ислам революциясының жетекшісі таухидті Ислам пайғамбары беғсатының ең негізгі жолдауы және ақиқаттың жалғанмен күресін таухидтің басты қажеттіліктерінің бірі деп атады. Ол АҚШ-тың Сирияға қарсы жасаған зымырандық шабуылына қатысты пікір білдірді.

Хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. фарвардин айының жиырма бесі, сенбі күні таңертең жүйенің жауапты тұлғаларының бір тобы мен ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі топ өкілдерін қабылдады. "Мабас" мерекесіне орай өткізілген бұл кездесуде ислам революциясының жетекшісі Ислам пайғамбары (с.ғ.с) беғсатының жылдығымен құттықтап, таухидке қайта бет бұруды және адам өмірінде илаһи білім мен қуат, шапағат пен діни билік орнатып, өзімшілдік, диктатура және үстемшілдікпен күресуді беғсаттың негізгі жолдауы деп атап: "Таухид езгі мен қанау және қысым көрсетумен күрестің барлық тұстары мен принциптерін қамтиды. Сондықтан ақиқат майданы әрдайым жалғанмен күресуі тиіс. Бұл күрестегі жалғанның ақырғы тағдыры артқа шегіну болмақ",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи беғсатты адамзат баласы тарихындағы жалғыз әрі теңдессіз оқиға және Жаратушының адам баласына төккен рақымшылығының шарықтау шегі деп атап: "Сол күннен бастап қазіргі кезге дейін адам баласы дамып, бір-бірінің орнын басқан діндер айтып кеткен көптеген ақиқаттар адамзат қоғамының салт-дәстүріне еніп, Құдайға шүкір, адамдардың жүректері руханилыққа қарай бет алды",- деді.

Аятолла Хаменеидің "Мабас" мерекесінде жүйенің жауапты тұлғаларының бір тобын, ислам елдерінің елшілері мен халықтың әртүрлі топ өкілдерін қабылдауы

Ислам революциясының жетекшісі таухидті беғсаттың ең негізгі жолдауы деп атап: "Таухид дегеніміз – Алла Тағалаға ерекше түрде құлшылық ету, яғни құмарлықтың, әуесқойлық пен ынтықтық және ашу-ызаның адам өміріне билік етпеуі, диктатура, үстемшілдік пен өзімшілдіктің адам өмірін басқармауы. Таухид адам өмірін басқарудың қайнар көзі саналады. Оған илаһи ілім, илаһи қуат, илаһи рақымшылық, илаһи шапағат пен илаһи жетекшілік кіреді. Таухид осы мағынасында ең алдымен үстемшілдік, тәкаппарлық пен қанаушылық арқылы адамзат баласы қоғамына билік орнатуды қалайтын адамдарды артқа шегіндіреді. Сол себепті мұндай адамдар таухидке қарсы дұшпандық танытады. Құдай Құран Кәрімде: "Осылайша әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап, бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой",- деген (Әнғам сүресінің 112-аяты)»,- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бір Құдайға сенетіндердің жалғанмен күресуі қажеттігін қуаттап: "Таухид осы күрестің барлық тұстарын, қағидалары мен негізгі жолдарын қамтиды. Барша пайғамбарлар таухидтің жаршылары ретінде әлемдегі билік пен байлық иелерімен, үстемшілдер, қанаушылар және перғауындармен бепте-бет келіп, олармен күрескен",- деді.

Жүйенің жауапты тұлғаларының бір тобы, ислам елдерінің елшілері мен халықтың әртүрлі топ өкілдерінің "Мабас" мерекесінде аятолла Хаменеимен кездесуі

Хазірет ақиқат күреспейтін болса, жалғанның артқа шегінбейтінін баяндап: "Адамзат баласы тарихының алғашқы күнінен бастап бүгінге дейін күннен-күнге илаһи тағылымдарға жақындай түсу осы күрестің арқасында",- деді. Ақиқаттың жалғанмен күресу қажеттілігі Ислам дінінің маңызды тағылымдарының бірі саналады. Құдай Құран Кәрімде: "Сондай иман келтіргендер, Алла жолында соғысады да кәпірлер шайтан жолында соғысады" (Ниса сүресі ,76-аят),- деген. Сондықтан "لااله الاالله" (Алладан басқа тәңір жоқ) деген таухид ұғымы толығымен наным-сенімдік және саналық мәселе емес, бұл – әсер мен амалдың қайнар көзі. Ислам революциясының жетекшісі ислам үмбетінің толығымен таухидке оралуы қажеттігін қуаттап: "" لااله الاالله" (Алладан басқа тәңір жоқ) яғни, Алла Тағала мен оның елшілері басқаратын биліктен басқа биліктің мәні жоқ дегенді білдіреді. Сол себепті пайғамбардың "قولوا لا اله الا الله تفلحوا" "Алладан басқа тәңір жоқ" деп айтқан адамға билік пен байлық иелері дәл сол Меккенің ортасында оған қарсы сап түзеген. Мәдинеде Ислам үкіметі құрылғанда әлемдегі үкіметтер, империялар мен алпауыттар Исламға қарсы сап түзеген. Мұндай сап түзеулер алғашқы күннен қазіргі таңға дейін болған және алғашқы күннен қазіргі кезге дейін осы шайқаста артқа шегіну жалғанның, ілгерілеу ақиқаттың тағдыры болды. Меккеде қысымның астында өмір сүрген шектеулі халық бүгінде көптеген мақтаныштары, мүмкіндіктері мен үміті және жарқын болашағы бар адамзаттың ірі қауымдастығына айналды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі бір Аллаға сенімнің езгі мен қанаушыларға қарсы табандылық танытуға негізделгенін айтып: "Ислам республикасының "Мазлұмдық болған және жеңіс қажет кез келген жерде біз де бармыз" деп мәлімдеуі осы таухидтің арқасында. Біздің Палестина мәселесіне табандылық танытуымыз осыған байланысты. Себебі, таухид қанаушының мазлұмды жәбірлеуіне қарсы тұруын қажет етеді. Таухидтің ақиқаты осы және беғсат бізді осыған үйретеді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестинаның мұсылман халқының Израильдің ашкөздігіне қарсы табандылық танытуына тоқталып: "Сионистер бір халықтан басым түсіп, ол халықты өз елінен қуып, мүмкіндіктерінен айырып, сол елге үстемдік орнатқаннан кейін дәл сол әлсіз халық бүгінде сионистік үкіметке қауіп төндіріп отырған қуатты Палестинаға айналды. Сионистік үкімет Палестинамен қарсыласуда өзінің әлсіздігі мен қауқарсыздығын сезіп отыр. Палестиналықтардың сионистерден басым түсіп, Палестинаның палестиналықтарға қайтарылатыны шәксіз",- деді.

Жүйенің бір топ жауапты тұлғалары, мұсылман елдерінің елшілері және халықтың түрлі топ өкілдерінің "Мабас" күні аятолла Хаменеимен кездесуі

Ислам революциясының жетекшісі Иранның Батыс Азия аймағындағы қарсыласу топтарының жанынан табылуын таухидтік сенімнің арқасында екенін айтып: "ИИР-ды өктемпаз деп атап, пәлен жерді жаулап алғысы келеді» деген сөздер – шындыққа жанаспайтын, мағынасыз сандырақ. Жоқ, біз әлемнің ешбір жеріне қатысты өктемпаздық танытып отырған жоқпыз және мұны қажет те етпейміз. Құдайға шүкір, Иран халқының кең-байтақ, гүлденген және бай жері бар. Жоғарыда айтылған құзыр Батыс Азияда Сирия аумағындағы езгіге қарсы қарсыласу майданының болғаны мен болуына байланысты. Сол себепті біз сонда орналастық. Ал енді илаһи рақымның арқасында қарсыласу майданы көрсетілген көмектердің және сириялық әскери күштердің бойындағы ерліктің арқасында АҚШ пен Батыс елдері және Сауд Арабиясы секілді олардың жалдамалылары тарапынан қалыптасқан лаңкестерден басым түсіп, оларды жеңіліске ұшыратуда сәттілікке қол жеткізді",- деді.

ДАИШ-тың пайда болуы мен оның аймақтың мұсылман халықтарына, атап айтқанда Ирак пен Сирия халықтарына қарсы жасаған қылмыстары мен қатыгездіктерінен кейін ИИР Ирак және Сирия үкіметтерінің өтініші бойынша және лаңкестікпен күресу мақсатында өзінің әскери кеңесшілерін осы екі елге жіберді. Сардар Ғасем Солеймани басқарған ирандық әскери кеңесшілердің жоғарыда аталған екі елдің халықтық және әскери күштерімен бірге жасаған төрт жылдық талпыныстарының нәтижесіне ДАИШ-ты толығымен жеңіп, бұл лаңкестік топтың осы мемлекеттердің территориясынан шығарылуы жатады.

Жүйенің бір топ жауапты тұлғалары, мұсылман елдерінің елшілері және халықтың түрлі топ өкілдерінің "Мабас" күнінде аятолла Хаменеимен кездесуі

Хазірет аятолла Хаменеи Трамптың АҚШ-тың ДАИШ-ты жеңіліске ұшыратқанына негізделген уәждерін жалған деп атап: "Кеше ДАИШ-қа ашық және жасырын түрде қолдау көрсетіп отарған адамдар бүгінде олармен күресіп, оларды жеңгені жайлы уәж айтуда. Бұл барып тұрған өтірік. Мүлдем олай емес! Олар мүлдем бұл іске араласпады. Олар қажет деген жерге еніп, ДАИШ-ке қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан көмектесті. Олар ДАИШ-тың негізгі лаңкестері қоршауда болғандықтан, сол жерге еніп, лаңкестерді құтқарды. Мұның алдында да олар ДАИШ-ты құруға ықпал еткен. Саудиялықтар және соларға ұқсастардың ақшасымен осындай пасық құбыжықтарды қалыптастырып, оларды Ирак пен Сирия халқына қарсы айдап салды. Алайда "Қарсыласу майданы" АҚШ пен АҚШ-тың жалдамалыларына қарсы тұрып, осы екі елді құтқарды. Бұдан кейін де солай болады",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Франция мен Ұлыбританияның қолдауымен Сирияға жасаған әуе шабуылын қылмыс деп атап: "Мен ашық түрде АҚШ пен Франция президенттері және Ұлыбритания премьер-министрін қылмыскерлер деп атап, олардың қылмыс жасағандарын мәлімдеймін.

Олар ешқандай пайда таппады. Өткен жылдары олар Ирак, Сирия және Ауғанстанға да келіп, осыған ұқсас қылмыстарды жүзеге асырғанымен ешбір пайда таппады",- деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи мұсылман халықтары мен үкіметтерін оянып, қырағы болуға шақырып: «Дұшпандардың көздегені тек Сирия, Ирак немесе Ауғанстан емес, негізгі мақсаты – аймақтағы Ислам діні, яғни оған соққы беру. Мұсылман үкіметтерінің өздері АҚШ пен кейбір басқыншы Батыс елдерін мақсаттарына жеткізу үшін оларға қызмет етуде»,- деді. Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ президентінің Сауд Арабиясының үкіметін қаржылай тұрғыдан пайдалануына байланысты оны «сүтті сиырға» теңегеніне сілтеме жасап: «Белгілі бір мемлекет пен үкіметтің пасықтығы бұдан артық болмас. Ислам діні осындай пасық әрекеттерге қарсы. Егер олар мүмін болса, ардақты болуы тиіс. Осындай пасықтық олардың қожайындарының өтірік айтуы секілді олардың имансыз екенін, мүмін еместігін және өтірік айтатынын көрсетеді»,-деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың химиялық қаруды пайдалануға қарсы күрес мақсатында Сирияға жасаған шабуылға қатысты айтқан уәждерін жалған деп атап: «Олар химиялық қаруға немесе адамзат баласына қарсы кез келген қылмысқа қарсы емес. Олар Саддам Иран қалаларын химиялық қарумен бомбалағанда, оған қолдау көрсеткені секілді бүгінде Йемен халқы мен басқа мұсылман елдеріне қарсы жасалып жатқан қылмыстарды қолдап отыр. Дұшпандардың осыншама талпыныстарына қарамастан олар өз мақсаттарына жете алмай, ешқандай пайда таппады»,-деді. Хазірет Иран халқының қарсыласуы мен табандылық танытудағы қырық жылдық тәжірибесіне тоқталып: «Ақиқат жолындағылардың табандылығы мен қарсыласуы дұшпанды артқа шегіндірді. Бұл өзгермейтін илаһи дәстүр саналады. Құдай қаласа, мұсылман халықтары жақын болашақта осы тәжірибені қайталап, жеңіске қол жеткізеді»,- деді.

Тегтер

Apr 25, 2018 16:42 Asia/Almaty
Сараптама