2017-ші жылдың қаңтар айында Дональд Трамп АҚШ Президенті міндетін бастағаннан бері оның саясаттары мен әрекеттері халықаралық деңгейдегі қайшылықтардың арттыруымен бірге Батыс әлемінің, әсіресе Атлант мұхитының екі жағындағы қарым-қатынастарды қайшылықтарға тіреді

Трамп біржақты саясаты және деспоттық ұстанымымен Вашингтонның еуропалық әріптестеріне өзінің әртүрлі ұстанымдары мен талаптарын қабылдатуды мақсат етуде. Трамп еуропалықтарды НАТО-ғы үлестерінің  жеткіліксіздігімен сан рет айыптады. Бірақ өзі климатқа қатысты Париж келісімінен шығып, Еуропаның үлкен мемлекеттері басшыларының сындарымен бетпе-бет келді. Сондай-ақ, мамыр айында Трамптың АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялауы Еуроодақтың қалауына толығымен  қайшы болды. Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға талпыныс жасайтындықтарын қуаттады.

Трамптың қайшылықтары еуропалық әріптестерімен шектелмей, АҚШ-тың популист президентінің сауда саласындағы  шектен тыс талаптары мен ауыр тарифтер салуы G7 тобы басшыларының саммитіне әсерін тигізді. G7 тобы өнеркәсіптік дамыған жеті мемлекеттен, атап айтқанда АҚШ, Германия, Франция, Британия, Италия, Канада және Жапониядан құрылды. Негізінде 2018-ші жылдың маусым айының 8-9 күндері Канадада өткен G7 тобы басшыларының саммиті бір жақтан Трамптың, екінші жақтан еуропалық басшылар мен Канада Премьер-министрінің бұрын-соңды болмаған жанжалдарына куә болды. Кейбір сарапшылар бүгінде «G7 тобы» деп айтудың орнына бұл топтың ішіндегі алауыздық пен оның белгісіз келешегін білдіретін «6+1» тобы деген тіркесті қолдануда. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы мүшесі Роберт Мали: «Дональд Трамптың біржақтылығы АҚШ-ты оқшауландырды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен сауда тарифтерін салуы оқшаулықты одан сайын әшкерелей түсті»,- деді. Трамп G7 тобының соңғы саммитінде басқа мүшелеріне қысым көрсетіп, Ресейдің бұл топтағы мүшелігін қайта жаңғырту мәселенсін қозғады. Бірақ деректер бұл топтың өзін G6 тобына айналдыруға дайын екенін көрсетіп отыр.

G7 тобы 1975-ші жылы экономикалық және сауда мәселелері негіздері бойынша құрылды. Әлемнің дамыған экономикаларынан құрылған бұл топ сауда мәселелерінің мүшелері арасында саяси қайшылықтарға айналуына тосқауыл бола алады деген мақсатты көздеді. Бірақ, АҚШ Президентінің болат пен алюминийге тариф салу туралы соңғы шешімдері іс жүзінде G7 тобын интеграцияға жігерлендірді. «Политика» сайты бұл туралы: «АҚШ Президенті Дональд Трамп Канадада өткен G7 тобы басшыларының саммитінде оқшау қалды. Оның оқшаулануына «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен темірдің импортына жаңа тарифтер салуы себеп болды»,- деп жазды. Басқа жақтан Канададағы G7 тобы басшыларының саммитінде өткен жылдармен салыстырғанда аталмыш топ мүшелері арасындағы қайшылықтар екі есе артып, тіпті, бұл топтың алты мүшесінің басшылары өздерін Трамптың аяқ астынан топтан шығу ықтималына дайындады. Еуропаның болат пен алюминийіне ауыр кедендік тариф салу, климатқа қатысты Париж келісімінен біржақты түрде шығу, Тынық мұхитының екі жағындағы азат сауда келісімінен, Солтүстік Америка еркін сауда келісімінен, сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуы, Трамптың еуропалық одақтастары мен Канадаға немқұрайдылық танытуы мен халықаралық келісімдерді бұзуы АҚШ пен G7 тобының еуропалық мүшелері мен Канада арасындағы қайшылықтарды арттырды. Еуропа комиссиясы басшысының орынбасары Франс Тиммерман Еуроодақтан әрекеттері болжауға келмейтін АҚШ Президенті Дональд Трамптың алдында өз тағдырларын шешуді бұрынғыдан шынайырақ өз қолдарына алуды сұрап: «1945-ші жылдан бері бірінші рет АҚШ Президенті Еуропаның дамуы мен біртұтастығында стратегиялық мүддесін анықтаған жоқ»,- деді.

Канадада өткен G7 тобы басшылары саммитінің ресми күн тәртібінде экономикалық даму, жыныстық теңдік, әйелдердің жағдайын нығайту, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, климат пен мұхиттардың өзгеруі сынды тақырыптарды талқылау жоспарланған болатын. Бірақ, Еуропа мен АҚШ-тың екі маңызды мәселеге, атап айтқанда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен стратегиялық тауарларға, яғни болат пен алюминийге тарифтерді көтеруге қатысты қайшылықтары отырыстың басқа тақырыптарына әсерін тигізіп, тіпті оның нәтижесіз аяқталуына себеп болды. Германия Канцлері Ангела Меркель АҚШ-пен арадағы қайшылықтарды шынайы деп атап, G7 тобы басшыларының саммитінде АҚШ Президентімен Иран және сауда тарифтері туралы арнайы сөйлесетінін айтты. Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы біржақты шешімдері саммит басталмай тұрып, еуропалықтардың, тіпті канадалықтардың сынына ұшырады. Бұл салада саммиттен бұрын Франция Президенті Эммануэль Макрон Канада Премьер-мнистрі, әрі G7 тобы саммитінің иесі Джастин Трюдомен кездесіп, екеуі жан-жақты саясат ұстануды қуаттады. Франция президенті: «Иранның ядролық келісімін айыптайтын немесе «Иран өз міндеттемелеріне табанды емес» деп қуаттайтын соңғы мәлімдемені қабылдамаймыз»,- деп жариялады. Эммануэль Макрон G7 тобы басшыларының саммиті басталардан бұрын Твиттердегі жолдауында Трамптың тарифтер салу туралы шешіміне наразылығын жариялаған болатын. Трамп бұл жолдауға жауабында Еуропаның сауда әрекеттеріне шағымданды.  Сонымен, Канада саммитінде өткен жылғы Италия саммитіндегі жағдай қайталанады деген болжам болды. G7 тобы басшылары саммитінің ағымында мүше елдердің басшылары, әсіресе Германия мен Франция және Трамп арасында қатаң пікірталас орын алып, дәл осы мәселе қорытынды мәлімдеменің айқын болмауына себеп болды. Канадада өткен G7 тобы басшыларының екікүндік саммитінде дүниежүзінің өнеркәсіптік үлкен жеті мемлекеті қайшылықтарға ие тақырыптарды шеше алмады. Бұл саммит басынан бастап, оның алты мүшесі мен АҚШ арасындағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, тарифтер соғысы мен климат мәселелері жөніндегі Париж келісіміне қатысты қайшылықтармен кезікті. Германия, Франция және Британия, сондай-ақ, Канада басшыларының Дональд Трамппен жүргізген жан-жақты және екіжақты келіссөздеріне қарамастан, қазіргі қайшылықтарды шешудің орнына одан сайын арттыра түсті. Трамп күтпеген жерден G7 тобы басшылары саммитінің ортақ мәлімдемесін қолдап, нәтижесінде мәлімдеме жарық көрді. Бұл мәлімдеме АҚШ пен аталмыш топтың басқа мүшелері арасындағы үлкен жарықты әшкереледі. Сөйтіп, G7 тобы басшыларының 2017-ші жылғы Италияда өткен саммитінде Вашингтон мен басқа мүшелері арасында қайшылық орын алып, кейбір сарпшылар «G7 тобы» деп атаудың орнына «6+1» деген терминді қолданатын болғандай, биылғы саммит  бұл мәселенің ұран түрінен шындыққа айналғанын көрсетті. G7 тобының басқа мүшелері Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск айтқандай «АҚШ заңға сүйенген халықаралық жүйені дағдарысқа тіреді» деген сын айтты. Басқаша айтқанда, Вашингтон әлемдік заңдарға сүйенген халықаралық жүйе мен заңдылықты қорғаудың орнына халықаралық заңдар мен міндеттемелердің ең үлкен бұзушысына айналды. АҚШ-тың Иран мен «алтылық» тобы арасындағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығуы АҚШ-тың бұрынғы үкіметі қабылдаған міндеттемелерге қайшы әрекет болды. Канада премьер-министрі әрі саммиттің иесі Джастин Трюдо саммит аяқталған соң АҚШ Президентіне егер ол әділетсіз тарифтерді салуды жалғастыратын болса, Канаданың АҚШ-қа қарсы қарымта әрекет қолданатыны туралы ескертті. Бұл мәселе Трамптың ашуына тиіп, ол G7 тобындағы АҚШ өкіліне саммиттің қорытынды мәлімдемесін растамауды бұйырды. Трамптың Американың мүддесін ғана ойлап, басқа елдердің, тіпті өз одақтастарының пікірлері және мүдделерімен санаспайтын «Бірінші – АҚШ» деген ұраны АҚШ-тың оқшаулануына себеп болды. G7 тобы басшылары саммиті еуропалықтарды тек өз күштеріне ғана сүйену қажет деген нәтижеге жеткізді. Германияның Экономика министрі Питер Альтаймер: «G7 тобы басшыларының саммиті еуропалықтарды бір-бірлеріне жақындатты. Еуроодақ әрқашан АҚШ-қа қарсы бірлікті сақтауы керек. АҚШ пен аталмыш топтың басқа мүшелері арасындағы интеграция бұл топтың ықпалын азайтып, тіпті қайшылықтар жалғасатын болса, оның тарқауына соқтырады»,- деді.

 

Тегтер

Jun 27, 2018 02:43 Asia/Almaty
Сараптама