Лаңкестік ешқандай шек білмейтін әлемдік құбылыс саналады. Соңғы он жылдық ішінде аймақ пен әлемнің түкпір-түкпірінде лаңкестіктің кең етек жаюымен барлық формадағы лаңкестікпен күресу және лаңкестіктің пайда болған негіздерінің көзін жою қажеттігі бұрынғыдан бетер өзекті мәселеге айналды.

Иран халқы мен әлемнің басқа да көптеген мемлекеттерінің халықтары, соның ішінде Палестинаның мазлұм халқы көп жылдар бойы Батыс елдері мен Израиль секілді қылмыскер режимдердің қамқорлығындағы лаңкестіктің құрбанына айналды.

Иран Ислам революциясынан кейін лаңкестік қастандықтардың ауқымды толқынына ұшырады. Соның салдарынан 17 000-нан астам адамның лаңкестіктің құрбанына айналуы бұл ащы шындықты растайтын құжат саналады. "Мұнафеқин" лаңкестік тобының мүшелері 1979-1981 ж.ж. көптеген жауапты тұлғалар, революция күштері мен халықтың түрлі топ өкілдеріне қарсы террор жасаған болатын.

ИИР-ның күнтізбесінде лаңкестік салдарынан Иранның ең көп құрбанға ие екенін көрсететін осы секілді ащы оқиғалар тіркелген.

Маусымның жиырма жетісінен шілденің үшіне дейінгі, яғни х.ш.ж.с.б 6-12 тир аралығы ауыр лаңкестік оқиғаларды еске салады. "Мұнафеқин" тобының ИИР-ның лауазымды тұлғаларына қарсы жасаған лаңкестік әрекеттер жиынтығы осы кезеңде шарықтау шегіне жеткен болатын. Х.ш.ж.с.б. 1360 жылы тир айының алтысы (1980 ж) хазірет аятолла Хаменеи Теһрандағы Абузар мешітінде сөз сөйлеп тұрған кезде лаңкестік шабуылдың нысанасына алынған болатын. ИИР тарихындағы ең ірі лаңкестік жарылыс саналатын осы оқиғадан кейін х.ш.ж.с.б 1360 жылы тирдің жетісі күні, сәйкесінше 1980 жылы маусымның жиырма жетісі лаңкестік әрекеттер жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл күні Теһрандағы Ислам республикасы партиясының жиналыс залындағы бомба жарылысы салдарынан Иранның Жоғары сотының төрағасы аятолла Сейіт Мұхаммад Хусейни Беһешти осы елдің 72 жауапты тұлғасымен бірге, атап айтқанда 4 министр, 12 вице-министр мен Иран Мәжілісінің 30-ға жуық депутаты "Мұнафеқин" тобының бомба жаруы салдарынан шәһид болған.

Одан бірнеше айдан кейін, х.ш.ж.с.б 1360 жылдың шаһривар айында, сәйкесінше 1981 жылы тамыздың жиырма тоғызы орын алған лаңкестік жарылыс  салдарынан Иранның президенті Мұхаммад Әли Раджаии мен премьер-министр Мұхаммад Джавад Боһонар шәһид болды.

АҚШ пен кейбір Еуропа елдері бұл лаңкестік топтың мыңдаған күнәсіз адамдардың қанын төккенін біле тұра, "Мұнафеқин" тобы Ираннан қашқан кезде оларды өз қамқорлығына алды. "Мұнафеқин" тобы біршама уақыт Францияда болып, таңылған соғыс басталысымен дұшпанның Иранға қарсы басқыншылығына қолдау көрсету үшін Ирактың территориясына енген болатын. АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасап, Саддам режимі құлағаннан соң, осы лаңкестік топтың мүшелері бұрынғыдай АҚШ пен Еуропаның қолдауына ие болып, Батыс елдерінің демеуімен өздерінің азат әрекеттерін жүзеге асыруды жалғастыру үшін Албанияға көшірілді.

Өздерін лаңкестікпен күрестің туын көтеруші ретінде таныстырған Батыс елдерінің басшылары лаңкестік топтарға қолдау көрсетпейтіндіктері туралы уәж айтты. Бірақ, неліктен Франция өз территоиясында бұл лаңкестік топтың отырыстары мен жиналыстарын ұйымдастырды  деген сауал туындайды.

АҚШ пен Франция секілді елдердің мақсаты гуманитарлық әрекеттер және лаңкестікпен күрес емес. Шын мәнінде, олар өз мүдделеріне қайшы келмейтін кез келген жерде лаңкестікпен күресіп немесе лаңкестікті өз мүдделеріне сай пайдаланады. Лаңкестікті құрал ретінде пайдалану белгілі бір әлемдік деңгейдегі мәселеге айналып бара жатыр. Өкінішке орай, күн сайын әлемнің жер-жерінде лаңкестікпен күрес сылтауымен орын алып жатқан қайғылы оқиғалардың басым бөлігі саяси мақсаттардың екіұштылығының салдары саналады.

Бұл шындықта АҚШ-тың лаңкестікке қолдау жасауы Вашингтонның аймақтың ішкі істеріне араласып, исламдық Иранға соққы беруге бағытталған стратегиясының бір бөлігі жатқаны белгілі.

Солтүстік Африка мен Батыс елдері жөніндегі сарапшы Джафар Ғаннадбаши: "АҚШ пен кейбір еуропалық елдердің лаңкестік "Мұнафеқин" тобына қолдау көрсетуі Батыс елдерінің Ирандағы лаңкестікке қолдау жасап жатқанының бір көрінісі саналады",- деді.

Бұл әрекеттер бүгінгі таңда да ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсетумен жалғасып жатыр. АҚШ қоғамды алдайтын дәлелдерімен және лаңкестікті "жақсы" және "жаман" деген екі топқа ажырату арқылы лаңкестерді құрал ретінде пайдаланып, лаңкестікпен күресудің орнына жыл сайын өздерін лаңкес деп атайтын топтардың тізімін жариялап, басқаларды лаңкестікке қолдау көрсетуде деп айыптайды.

Революция жетекшісі 7 тир шәһидтерінің отбасыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "Бұл екіұшты әрекет осылай көрініс тауып отыр. Иранда лаңкестік қылмыс  жасаған адамдар қазір Еуропа мен АҚШ-та еркін түрде белсенділік жасап, бұл елдің басшыларымен кездесулер өткізіп, тіпті олар үшін адам құқықтары тақырыбында лекциялар оқып, жиындар ұйымдастырып жатыр" деді.

Революция жетекшісі бұл мәселені Еуропа елдері мен АҚШ үшін үлкен масқаралық деп атап: "Бұл лаңкестік топтың мүшелері – халықты қорғау, тіпті Исламды қорғау туралы уәжімен Иран халқының күрестеріне араласып, бірақ соның жалғасында 7 тир оқиғасы және қарапайым халықты террорға ұшырату секілді апаттар ұйымдастырып, соңында Саддам секілді адамның жанынан табылып, бүгінде АҚШ-тың қамқорлығына алынған адамдар",- деді.

Habilian қорының бас хатшысы Джавад Һашеминеджад Батыс елдерінің лаңкестік топтарды қолдауына тоқталып: ""Мұнафеқин" лаңкестік тобының мүшелері Иракта болғаннан кейін қазірде демократия талап ету жайлы уәж айта алуы үшін бет-бейнесін өзгерткен", - деді.

Сол кезеңде орын алған лаңкестік оқиғалардың жиынтығы шын мәнінде әлемдік үстемшілдіктің Ислам республикасының революциясы мен оның жаңадан құрылған жүйесіне қарсы соққы беруге бағытталған алдын-ала есептелген жоспардың бір бөлігі ғана болды. Бұл сұрқия мақсат әлі де түрлі әдіс арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Өткен 20-40 жылдың ішінде орын алған лаңкестік оқиғалармен келген ащы тәжірибе БҰҰ мен әсіресе Қауіпсіздік кеңесінің осы салада айқын саясатты ілгерілету қажеттігін көрсетіп отыр. Оны лаңкестіккке қарсы әлемдік қауіпсіздік пен ортақ ерік-жігерге қол жеткізу үшін сенімді жол деп атауға болатын саясатты алға ілгерілету керек.

Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы әрі теоретик Ноам Хомский АҚШ пен оның одақтастарын лаңкестік шабуылдардың ұйымдастырушылары санайды. Ол  "АҚШ-тың мақсаты лаңкестікті жігерлендіру ме, әлде оны тоқтату ма?" деген сауалға: "Егер лаңкестікті тоқтатуды қаласаңыздар, ең алдымен "Лаңкестік неліктен туындады? Оның негізгі себептері мен оның түп-тамыры қандай?» деп сұрау керек. Содан кейін осы сауалдарға жауап беру қажет",- деді.

АҚШ-тың барлау ісі жөніндегі сарапшысы 2017 жылы желтоқсанның жиырма алтысы күні Трампқа жолдаған хатында үкіметінің Иранды лаңкестердің негізгі демеушісі деп атаған сөзіне қатысты алаңдаушылық білдіріп: "Қазіргі таңдағы лаңкестіктің демеушісі – Иран емес, Сауд Арабиясы. АҚШ Үкіметінің өзі бұрын Иранға қарсы "Мұнафеқин" лаңкестік тобына қолдау көрсеткен",- деді.

Шындық мынада: Үстемшіл мемлекеттер лаңкестікті пайдалану арқылы өздерінің заңсыз мақсат-мүдделеріне жетуді көздеп отыр. Сол себепті лаңкестерге қолдау көрсетіп, оларды құрал ретінде қолдануды өз саясаттарына қосып, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу үшін өз көзқарасы тұрғысынан лаңкестерді "жақсы" және "жаман" деген екі топқа бөлген. "Мұнафеқин" лаңкестік тобы да 12 000-нан астам бейкүнә адамның өлуіне себеп болған лаңкестік топтардың қатарына жатады. "Мұнафеқин" мен басқа да лаңкестік топтар соңғы жылдары АҚШ пен Сауд Арабиясының қаржылай және әскери қолдауымен аймақ елдерінде көптеген қылмыстарды жүзеге асырды.

 

Jun 28, 2018 15:10 Asia/Almaty
Сараптама