• Адам құқығы ұғымының шынайы мағынасы: АҚШ-тың көзқарасы

Маусымның жиырма тоғызы, х.ш.ж.с.б тир айының сегізі Ирактың БААС режимінің Иранның батысында орналасқан шекаралық Сардашт қаласына химиялық шабуыл жасаған күннің жылдығы саналады.

Х.ш.ж.с.б 1366 жылы тир айының сегізі, яғни 1988 жылдың маусым айында Саддам режимі химиялық бомбаларды пайдаланып, Иранның батысындағы Сардашт қаласын бомбалады. Химиялық шабуыл салдарынан 110 адам шәһид болып, 8000-нан астам адам улы газбен уланып, зардапқа ұшырады. Адамзат баласына қарсы жасалған бұл қылмыстың ащы салдарлары әлі сақталып отыр.

Сол оқиғадан бері Сардашт қаласын химиялық қарумен бомбалаған күннің жылдығына орай арнайы отырыстар мен пікірталастар ұйымдастырылады. Бұл оқиғаға қатысты пікірталас АҚШ пен басқа адам құқығын қорғау туралы уәж айтатындармен тікелей байланысты.

Егер олардың бұл оқиғаға қатысы болмағанда, Сардашт пен Халабчедегі мыңдаған күнәсіз адам химиялық қарулардың құрбанына айналмас еді.

Бүгінде әлемдегі қоғамдық пікір Саддам режимі қолдаушыларының да осы қылмыстың негізгі айыпталушыларының бірі екенін жақсы біледі. Себебі, олардың көмегімен және Ирактың БААС режимін химиялық қарулармен қамтамасыз ету арқылы Саддамның химиялық қару пайдалануға батылы барып, осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Бұл ешқашан ұмытылмайтын шындық саналады.

Құжаттар мен дәлелдерге сәйкес, 400 шетелдік компания химиялық бомбаларға қажет заттарды дайындауда Ирактың БААС режимімен әріптестік жасаған. Алайда, халықаралық қауымдастық тарапынан бұл салада ешқандай әсерлі әрекеттер мен шаралар жүзеге асырылған жоқ.

Иран СІМ-нің орынбасары Хосейн Қашқави былай деді: "Гаагадағы халықаралық соттың қолында еуропалық компанияларды айыптайтын 12 000 беттен асатын құжаттар бар. Бірақ, бұл сот қазіргі таңға дейін тек бір голландиялық азаматты ғана осы мәселеге қатысты айыптаумен шектелді. Бүгінге дейін Сардаштың қорғансыз халқына көмек көрсету мен келтірілген шығындарды өтеу үшін халықаралық қауымдастық тарапынан бір доллар да төленген жоқ".

Сардашт апаты құқықтық конвенциялар мен міндеттемелердің жаппай қырып-жою қаруларын пайдалануға тыйым салуға қатысты саяси ойлар мен "адам құқығын қорғау" туралы уәж айтатын елдердің пайдакүнемдік көзқарасының ықпалына қалай түсетінін көрсетті. Дәл осы мемлекеттер химиялық қаруларға тыйым салу туралы конвенцияны жүзеге асыруға тосқауыл жасап жатқан жағдайда бүгінде дәл осы мемлекеттерде химиялық қарулар жөнінде түрлі конференциялар мен отырыстар өткізіледі.

Сардашты бомбалаған күннің жылдығы қарсаңында Лондон химиялық қаруларды пайдалануға тыйым салу тақырыбына арналған конференция ұйымдастырды.

Ұлыбританияның СІМ Лондондағы Химиялық қаруларды пайдалануға тыйым салу туралы конференцияның ұйымдастырылуына орай жариялаған мәлімдемесінде бұл ел мен оның батыс одақтастарының Саддам режиміне қолдау көрсетудегі рөліне тоқталмастан, бұл режимнің Иранға қарсы соғысы кезінде жасаған қылмыстарын мойындады.

Ұлыбританияның сыртқы саясат жөніндегі органы Ирак басшысы Саддам басқарған БААС режимінің Иранға қарсы таңылған соғыс барысында жасаған химиялық шабуылдарын трагедия деп атады.

"Химиялық қаруға жол жоқ" хештегімен жарияланған Ұлыбритания СІМ-нің жолдауында сол соғыс кезінде мыңдаған ирандық сарбаздың Саддамның БААС режимінің химиялық шабуылдарының нысанасына алынғаны айтылды.

Батыс елдері, атап айтқанда АҚШ, Ұлыбритания мен Германия үкіметтері Саддамның БААС режимін химиялық қару шығаруда шикізат және технологиямен қамтамасыз еткен демеушілердің қатарын құрайды.

Теһран университетінің Халықаралық құқық пәнінің оқытушысы әрі Конституцияның Сақшылар кеңесінің заңгер мүшесі Аббасали Кадходайи "Екіұшты стандарттар – АҚШ пен Батыс елдерінің тұрақты бағасы" атты мақаласында былай деп жазды: "Бірнеше жыл бұрын осындай күні Саддамның соғысқұмар режимінің басшылары таңылған соғыс кезінде Иран мен Ирак халқына қарсы химиялық қаруларды пайдаланғанын ресми түрде мойындады. Ең өкініштісі, сол шабуылдар кезінде әскерилерді нысанаға алудың орнына химиялық бомбалар қарапайым бейбіт халықтың үстіне жауды. Сегіз жылдық таңылған соғыс кезінде Саддамның 378 химиялық шабуылы салдарынан Иранның Бане, Мариван, Сардашт, Пираншаһр, Сумар және т.б аймақтары мен Ирактағы Халабче, Фао, Маджнун аралы және т.б аймақтардың тұрғындары Саддамның химиялық шабуылдарының құрбанына айналды. Қолда бар статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы шабуылдар кезінде 50 000-нан астам адам шәһид болып, жараланған".

Енді Саддамның Иран мен Ирак халқына қарсы химиялық қарулармен жасаған шабуылдары бұл мәселеге қатысты АҚШ-тың мүдделері бәрінен басым болған жағдайда АҚШ пен Батыс елдерінің адам құқықтары жөніндегі алаңдаушылыықтарының бірі бола ала ма деген сауал туындайды. Бұл екіұштылық АҚШ-тың әрекеттерінің негізінде жатыр.

Сол кезде АҚШ пен батыс үкіметтері Саддамды химиялық қарулармен жаппай қамтамасыз еткен. Мысалы, Саддам Балтимордағы америкалық Al Kulak компаниясынан 500 тоннадан астам гликоль химиялық затын сатып алған. Гликоль сұйықтығы тұз ерітіндісімен араласқан кезде химиялық реакция нәтижесінде қыша газына айналады.

Сардашт қаласын химиялық қарумен бомбалау кезінде Ирактың бомбалаушылары қаланың халық ең көп жиналған әрі қозғалысы көп аймақтарын нысанаға алып, қала мен оның айланаласы қысқа мерзімнің ішінде улы химиялық газдан пайда болған бұлттың астында қалды. Осы алапаттың орын алуына байланысты тирдің сегізі Иранның күнтізбесінде "Химиялық және микробтық қарулармен күресу күні" ретінде белгіленген.

АҚШ-тың іс-құжаты Жапонияның Хиросима-Нагасакиді атом қаруымен бомбалау, Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын зымыран арқылы құлату және Сауд Арабиясына Йемендегі әйелдер мен балаларды өлтіру үшін тыйым салынған қарулар жіберу секілді қылмыстарға толы. АҚШ Саддамның Иран мен Ирак халықтарына қарсы химиялық шабуылдар жасау қылмысына қатысты болғанына өкініп отырған жоқ. АҚШ бұл салада рекорд жасап, жаппай қырып-жою қарулары саласында ең жаман іс-құжатқа ие. АҚШ сол елдің негізгі жергілікті тұрғындары саналатын үндістерді өлтіру үшін химиялық қаруды алғаш рет 1763 жылы пайдаланған болатын.

АҚШ Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде химиялық қару шығаруға қажет 5000 тоннадан астам химиялық зат шығарып, химиялық қарулары қорының бір бөлігін Еуропаға жіберді. АҚШ-тың өнеркәсіптік зауыттары мен әскери кешендері Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстары кезінде елдің химиялық қару қорларын 6 есе арттырып, оның көлемін 30 000 тоннадан асырды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, америкалықтар Вьетнам соғысы кезінде вьетнамдық ауыл тұрғындарына 75 миллион литрден астам химиялық токсиндерді төгіп, жүз мыңдаған гектар орманның көзін жойған. Осы улы заттардың салдарынан Вьетнамда 300 000-ға жуық адам көз жұмып, жүз мыңдаған бала дүниеге мүгедек, кемтар болып келген.

Шын мәнінде, АҚШ-тың іс-құжаты адамзатқа қарсы қылмыстарға лық толы. Қылмыскерлік АҚШ басшыларының ажырағысыз бөліктеріне айналған. Иранның солтүстік-батысындағы Сардашт шекаралық қалашығына жасалған химиялық қарумен бомбалау апаты АҚШ-тың адам құқықтары жайлы уәжінің шынайы болмысын әшкерелеп отыр.

 

Jul 03, 2018 13:54 Asia/Almaty
Сараптама