• Йеменді бомбалауды тоқтатыңдар!

Йеменде үйлер иелерінің бастарына құлап, қираулардың астынан балалардың дауыстары естілуде. Бұл елден қираулардың астында өлмегенімен аштықтан өліп жатқан әлсіз балаларды жиі көруге болады.

Бірнеше жылдан бері Йемен соғыспен бетпе-бет келіп отыр. Бұл теңсіз соғыс. Жер мен аспаннан, тіпті теңізден  әйелдер мен балалардың басына оқ жауып, зымырандар атылуда. Йеменде үйлер иелерінің бастарына құлап, қираулардың астынан балалардың дауыстары естілуде. Бұл елден қираулардың астында өлмегенімен аштықтан өліп жатқан әлсіз балаларды жиі көруге болады. Халықаралық ұйымдардың үнсіздігі йемендік балалардың дауыстарының өшуіне себеп болуда. Енді үйлерден жастар көрінбейді, өйткені олар әкелерімен бірге өз отанын қорғауға кетіп, саудиялық зымырандардың астында шәһид болуда.

Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы тырысқақ аурының  таралуына себеп болуда. Жағдай өте нашар, газ бен ауыз су жеткіліксіз. Технология мен қарым-қатынас жүйелері дамыған, сондай-ақ гуманитарлық көмек пен адамгершілік туралы ұрандар таралған қазіргі ғасырда адам «йемендік қорғансыз балалар мен әйелдердің апаты туралы хабар әлемдік ұйымдардың құлақтарына неге жетпейді?» деген сұраққа жауап таппайды. БҰҰ қайда? Адам құқығы туралы айтылатын сөздер мен осы мәселеге қатысты отырыстар Йемен тақырыбында өтеді ме?  

Йеменді бомбалауды тоқтатыңдар!

2011-ші жылдың қаңтар айының 14 күні  Йеменде көтеріліс орын алды. Йемен халқының ел президенті Абдолла Салехтің диктатуралығына қатысты наразылықтары үлкен толқынға айналды. Нәтижесінде Әли Абдолла Салех халықтың наразылық толқынына қарсы тұра алмай, 2012-ші жылдың қаңтар айында Йеменнен қашты. Халық сайлауының нәтижесінде Абд Раббе Мансур Хади 2012-ші жылдың ақпан айынан бастап Йемен Президентінің міндетін атқара бастады. Англия, Мысыр мен бұрынғы Кеңес одағында  білім алған Мансур Хади отставкаға кеткен президент Әли Абдолла Салехтың орынбасары болды. Йемендіктердің 60 пайызы қатысқан сайлауда ол президент болып сайланды. Жемқорлықпен күресу мен шынайы демократияны қалаған Йемен халқы Мансур Хадидің де Салех сияқты демократиялық емес, диктатуралық билікті қалап, сол сияқты жемқорлыққа батып, елді алға ілгерілете алмайтынын, сондай-ақ, Сауд Арабиясына тәуелді екенін түсініп, қайтадан көшелерге шығып, Хади Мансурдың билік басынан кетуін талап етті. Халықтық қарсылықтардың туын көтеріп,  йемендік диктаторларға қарсы күрестің алғы  шебіне қатысып жүрген Ансаролла 2015-ші жылдың қантар айында үкіметтің сарайын басып алды. Сол кезде Мансур Хади Аден қаласына қашып кетті. Ол отставка кету туралы шешімін өзгертіп, өзін Йеменнің жалғыз заңды басшысы және Аденді өзінің уақытша астанасы деп жариялады. Мұнымен қатар ежелден Йеменнің табиғи ресурстары мен байлығына  көз тіккен Сауд Арабиясы Йеменге қарсы шабуыл жасады. Сауд Арабиясы бұрыннан Аден шығанағында  суларды қолына түсіру үшін Баб әл-Мандеб бұғазын басып алуды көздеді. Бұл Сауд әулетінің үлкен армандарының бірі болып табылады. Сауд Арабиясы сонымен бірге хусилер деп аталатын шиіт күштерінің күшеюіне алаңдап, өзінің барлық мүмкіндігін хусиліктерді әлсіретуге пайдаланғанымен нәтижеге жетпеді. Бұл мәселе Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің арсыз уәждерінде жарияланып, Батыс мемлекеттерінің қолдауына ие болды. Ол Хазармот пен әл-Мохре облысын Сауд Арабиясының жерлеріне қосып алуды Йеменге шабуыл жасауының негізгі мақсаттарының бірі деп атады. Сауд Арабиясының шабуылы және кейбір араб үкіметтерінің оны қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айының 25 күні «Шынайы дауыл» деген әрекет басталды. Сауд Арабиясының шабуылы Мансур Хадиді қолдау сылтауымен орын алды. Сауд Арабиясын паналап жүрген Мансур Хади Йеменнің қалалары мен халқына қарсы әскери шабуылды қолдайтынын жариялады. Бүгін халықаралық заңдар мен келісімдерге қайшы үрейлі шабуылдың басталғанынан бері бірнеше жыл өтуде. Әскери емес, қарапайым халықты қырып-жою, инфрақұрылымдарды қирату, Йеменде әл-Қаиданың кеңеюі Йеменге қарсы әскери шабуылдардың салдарларына жатады. Йемен инфрақұрылымдарының, ауруханалары, мектептері мен жоғары оқу орындарының қирауы – соғыстың салдарлары. Саудиялық шапқыншылар мен олардың одақтастары тіпті Йеменге гуманитаралық көмектің енгізілуіне рұқсат етпейді. Сауд Арабиясы басқарған, АҚШ, Британия мен Израильдің қолдауына ие араб коалициясы Йеменнің құылық, теңіз және әуе жолдарын жауып, бұл елдің халқына жедел жәрдем жеткізуге рұқсат етпеуде. Мәліметтер бойынша Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменге қарсы соғысының төртінші жылында бұл елдің жағдайы апатқа айналған. Йеменнің Денсаулық министрлігі осы күнге дейін мыңдаған қарапайым халықтың өлгенін хабарлады. Аштық пен жұқпалы аурулардың таралуы йемендіктерді қауіп-қатерге тіреді. «Йемендіктерді бомбалауды тоқтатыңдар!» деп айқайлатын ешбір халықаралық ұйым жоқ. Айта кететін жайт, халықаралық Амнистия ұйымы енді ғана бұл апатты Рияд басқарған коалицияның әскери қылмыс жасау ықтималдығымен байланыстырды. Бұл ұйымның мәлімдемесінде: «Сауд Арабиясының қарамағындағы күштер БҰҰ-на қатысты гуманитарлық көмек тиелген кемелерді Йеменнің көтерілісшілеріне жетуден бұрын тоқтатып, тексеру сылтауымен бірнеше ай бойы суда ұстайды. Кейде тексерістер гуманитарлық көмектерді жеткізу үдерісіне кедергі тудырды»,- деп айтылған. Аятолла Хаменеи бұл шабуылды геноцид деп атап, халықаралық араласуды қажет етеді деп: «Балаларды өлтіріп, үйлерді қиратып, ұлттық байлықты талан-таражға салу – үлкен қылмыс»,- деп қуаттады. Йеменнің әртүрлі аймақтарындағы, әсіресе соғыс жүріп жатқан қалалардағы аштық, азық-түлік тапшылығы, дәрі-дәрмек пен гигиеналық жағдайдың болмауы балалардың өміріне қауіп тудыруда. БҰҰ-ның ЮНЕСЕФ қоры: «Тарихта бірінші рет бұл ұйымға жедел жәрдем көрсету үшін ұшақтарды пайдалануға рұқсат берілмеді»- деп хабарлады. Қазіргі таңда Йеменнің 2 миллионнан астам баласы азық-түлік тапшылығынан қиындық көруде. Соның салдарынан әр минут сайын бір  бала өлуде. Тырысқақ сияқты аурудың таралуы мыңдаған баланың өмірін қатерге тіреді.Йемен әлемдік мейірімсіздік және ұзақ уақытқа созылған үнсіздіктерге қарамастан дұшпандармен қарсыласуда. Ансаролла "Йемендік зымырандардың қашықтығы күннен күнге артуда" деп жариялады. Осыдан бұрын олардың Риядты нысанаға алуы саудиялық жас, тәжірибесіз басшыларды қорқытып, йемендік балалардың бойында үміт отын тұтандырды. Алла Тағала Құран Кәрімнің "Ағраф" сүресінің 128-ші аятында: "Мұса (Ғ.С.) еліне: «Алладан жәрдем тілеңдер әрі сабыр етіңдер: Жер Алланікі екені даусыз. Ол құлдарынан қалағаныңа мұра қылады. Соңғы табыс тақуалардікі» деді.

 

 

 

Jul 06, 2018 10:44 Asia/Almaty
Сараптама