Бұл бағдарлама бүгінгі күні сионистік режимнің езгісі мен қанауы және басқыншылығымен күрестің символына айналған палестиналық медбике Разан Ашраф әл-Наджардың шәһид болуына байланысты әзірленді.

Палестиналық медбике және "Оралу құқығы" қозғалысының шәһиді бүгінгі күні сионистік режимнің езгісі мен қанауы және басқыншылығымен күрестің символына айналды. Оның есімі – Разан Ашраф әл-Наджар. Жасы небәрі жиырма бірде ана атанған бұл бану қоғам мен халқы алдындағы жауапкершілік сезімі оны өз еркімен жауынгерлік киімді, яғни медбикенің ақ халатын киіп, ана болудың көркем тұстарына көзжұмып, артқа шегінуді білмейтін жолда қадам басуға итермеледі.

Разан Ашраф әл-Наджар

21 жастағы Разан медбике болған. Ол Газа секторының оңтүстігінде, басып алынған Палестинаға жақын маңда орналасқан Хуза қаласында тұратын. Әкесі 2014 жылы сионистердің Газа секторына қарсы жасаған шабуылдары салдарынан толығымен қиратылған мотоциклдың қосалқы бөлшектерін сататын дүкеннің иесі болған. Ол сегіз адамнан құралған отбасының ең үлкен перзенті еді. Разан әл-Наджар Хан-Юнестегі ауруханада екі жылдық медбикелік курс бітірген. Оның «Ерікті медбике» атты гуманитарлық белсенділігінің басталғанына екі жарым ай ғана болған еді. Жұма күні Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнестің шығыс бөлігінде 10-шы рет қатарынан ұйымдастырылған "Оралу құқығы" шеруіне қатысушы азаматтарға медициналық көмек көрсету кезінде сионист әскерилердің атысы салдарынан шәһид болды. Разан мұның алдында бірнеше рет көз жасаурататын газ қолдану кезінде уланған болатын. Алайда бұл оқиға оны сионистік басқыншыларға қарсы күресу және босқындардың Палестинаға оралу құқығын қуаттауға бағытталған шешімінен айнытпады.

Ол  басып алынған жерлерге "Қайта оралу" атты үлкен шеру кезінде қаза болған көптеген шәһидтердің бірі болды.

Палестиналықтардың "Оралу құқығы" атты бейбіт шеруі наурыздың отызы, яғни х.ш.ж.с.б 1397 жылы фарвардиннің оны басталып, қазіргі кезге дейін жалғасып келеді. Сионистік режимнің әскерилері осы шеруді басып-жаныштау арқылы қазіргі таңға дейін жүздеген палестиналықты шәһид етіп, жаралады. Палестина халқының мақсаты 11-ші тарауында палестиналық босқындардың өз жерлеріне қайта оралу құқығы ресми түрде мойындалған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №194 қарарын қуаттау болып табылады.

Разан халыққа медициналық көмек көрсету кезінде қаза тапты. Ол Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің жекке парақшасындағы соңғы жазбасында: "Артқа шегінбейміз! Қайтпаймыз! Мені нысанаға ал. Қорықпаймын! Күн сайын отбасымның жанында сабыр сақтап, өз жерімде қала беремін. Бәріміз бірге осылай жалғастыра береміз!",- деп жазған еді.

Өзі секілді адамдармен бірге табиғи құқығын қорғау үшін Газа секторындағы шекаралық қоршауға барған күні оның қолында соғыс қаруы болмағанымен, оның қолы шипалы еді. Жараланғандардың жанына жетіп, олардың жараларын емдеген сәтте оның сол жерде әділетсіздікке толы сол кезеңде болуы һәм өзі үшін, һәм бір-бірімен иық тірестіріп, табандылық танытып жатқан халқы үшін де шипа болды. Ол Газа секторында өз өміріне төнген қауіпке қарамастан бір сұхбатында: "Жас палестиналық медбике ретінде өз халқым мен олардың пәк өмірлерін құтқарып жатқанымды мақтан тұтамын" деген болатын.

Разан сондай-ақ өткен айда The New York Times баспасына берген сұхбатында: "Біздің мақсатымыз – адамдардың өмірін құтқарып, қару-жарақсыз-ақ кез келген істі жүзеге асыра аламыз деген жолдауды әлемдіктердің құлағына жеткізу",- деп баса айтқан болатын.

Разан кеудесіне тиген оқтан көз жұмды. Құтқарушы топтың бұл медбикені аман сақтап қалу үшін жасаған талпыныстарының ұялы телефон арқылы түсірілген қысқа фильмдегі соңғы минуттары интернет желісінде таралып, мыңдаған рет қаралып, интернет қолданушылары оның суреттерін жариялау арқылы аза тұтып жатыр. Осындай интернет қолданушылардың бірі оған келесі өлең жолдарын арнады:

Сенсіз қала астаң-кестең,

Хабарсыз немесе хабары болса да.

Кіршіксіз таза жүрегіне

Тәнті болғандар саған сәлемін жолдауда

Халықаралық заңдарға сәйкес, құтқарушылар мен медициналық көмек топтары қақтығыстар кезінде иммунитетке ие. Сондай-ақ, халықаралық заңдар бойынша, ауруханаларға шабуыл жасауға, дәрігерлер мен медбикелерге қарсы қару қолдануға тыйым салынады. Алайда сионистер бұл заңдарды тағы да бұзды. Медициналық құтқарушыны өлтіру шәксіз, адамзат баласына қарсы жасалған қылмыс 1949 жылғы Женева конвенцияларын әшкере бұзу және де қарулы қақтығыстар кезінде медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі халықаралық азаматтық заңдарды бұзу болып табылады. Бұл заңдарға көзжұмбайлық таныту сионистік режимнің халықаралық гуманитарлық құқықтарды үсті-үстіне бұзуына қатысты қатты алаңдаушылық тудырып, халықаралық қылмыстардың жазасыз қалуы мен қалыпты жағдайға айналуына да қорқыныш тудырды.

Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілінің айтуынша, Разан құтқарушылар тобымен бірге жарақат алғандарға көмек көрсету үшін Хан-Юнестің шығысына қарай жол тартып, олардың барлығының ешқандай қауіп төндірмейтіндігін көрсету үшін қолдарын жоғары көтерген кезде басқыншы күштер бұл жайтқа назар аудармастан, оқ жаудыру арқылы оны шәһид етіп, бірқатар құтқарушыны жаралаған. Бұл әрекет басқыншы режим қылмыстарының куәсі ретінде Израильдің Палестина халқын өлтірудегі ұйымдасқан саясатын көрсетіп отыр. ФАТХ қозғалысының ақпарат өкілі Усама әл-Қауасами: "Разан әл-Наждардың шәһид болуы өлтіру, жою мен езгіге негізделген сионистік режимнің фашистік-лаңкестік көзқарасын көрсетіп отыр",- деді.

Бұл қатыгез әрекет басқыншы режимнің ешбір заңды құрметтемейтінін, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың осы заңдарды ашық түрде бұзушылыққа назар аудармайтынын көрсетіп, әлемдік қауымдастық пен гуманитарлық ұйымдардың адамгершілік принциптерді сақтауына қатысты үмітті үзді. БҰҰ-ның Таяу Шығыс аймағындағы бейбітшілік үдерісі жөніндегі үйлестіруші Николай Младенов осы оқиғаға қатысты реакциясында: "Израиль дәрігерлер мен құтқарушыларды нысанаға алудан бас тартуы тиіс",- деген кеңес берді.

Бірақ, Разан Ашраф Палестина мен оның асқақ армандарына жету жолында табандылық танытып, өз халқының құқықтарын жүзеге асыру үшін жанын пида етіп, шәһид болған мыңдаған палестиналық әйелдердің бірі саналады. Палестина әйелдерінің күрестері сионистік режимге қарсы күрестерінің басынан бастап ұйымдар мен мекемелер құру арқылы әлі күнге дейін жалғасып келді. Палестина интифазасында күн өткен сайын сионистер тарапынан құрықталып, абақтыға қамалып немесе шәһид болып жатқан әйелдердің саны артып жатыр

Разан Ашраф әл-Наджар – Палестина интифазасының шәһиді

Сионистік режимнің палестиналық әйелдердің бастарына келтірген қиындықтарына қарамастан олар тәрбие, әлеуметтік, саяси, экономикалық және әскери салалар бойынша Палестина интфазасына белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосуға бел буған еді. Дәл сол себепті де олар күрестің алдыңғы шебінде орналасып, палестиналық еркектермен иық тірестіріп, өз жерлерін құтқарып, мазлұм халықты азат ету үшін жандарын пида етуде. Олар өз отбасыларын қыспақ пен дағдарыстан аман алып шығып, осылайша бір мезгілде әрі әке, әрі ана болумен қатар, Палестинаны дағдарыстан құтқаруға күш салуда. Олар халық пен Палестинаның келешегі жолында жанпидалық жасап, әлемдіктерге палестиналық әйелдердің интифазада берік дуал секілді Палестина халқының болмысын жою талпыныстарына қарсы табандылық танытып, Палестина революциясын үмітсіздік дауылынан сақтап, Палестинаның исламдық жер ретінде тек палестиналықтарға тиесілі болып болуы үшін жаңа рух пен серпін сыйлауда.

Интифазаның кең етек жаюы палестиналық әйел көзқарасы тұрғысындағы көзқарастарды өзгертті. Палестина интифазасы палестиналық қоғамның іргетасы саналатын палестиналық отбасыға әртүрлі әсер етті. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Палестина халқы арасындағы бірліктің кең етек жайғанын көрсететін отбасы мүшелері арасындағы ынтымақтастық, тілектестік пен жақындықтың кең таралуы саналады. Сонымен қоса, олардың арасында исламға бет бұру артып, олардың басым бөлігі джихадтық бағдарды ұстанып, мешіттерде ұйымдастырылатын жиындарға белсенді түрде қатысып жүр.

Әйелдердің интифазаға қатысуы, сонымен қатар, палестиналық әйелдер мен қыздардың, тіпті мосқал әйелдердің бар дауыстарымен ұрандатып, жастарға көмеккке асығып, Құдсты басып алушы режим әскерімен қақтығысқа түсуіне себеп болды. Әйелдердің осындай қоғамдық шараларға қатысуы оларды Палестина қоғамындағы сабырлы әрі мықты тұлғаларға айналдырды. Әсіресе, шәһидтердің отбасы, шәһидтердің аналары мен жұбайлары төзімділік пен шыдамдылық және Құдайға тәуекел ету арқылы бақытсыздықтар мен қиындықтарға шыдап, израильдік дұшпанға қарсы тұруда. Шын мәнінде, интифазаның өзіндік ерекшеліктерімен әйелдің қоғамдағы іс-әрекеттерге белсене қатысу рұқсатнамасына айналғанын айтуға болады.

Енді палестиналық медбике шәһид болу арқылы күрескерлер арасында жаңа қозғалыс пен серпіліс тудырып, әйелдердің өз күрестерін жүзеге асыру шешімін бұрынғыдан бетер нығайта түсті.

Sep 06, 2018 16:31 Asia/Almaty
Сараптама