Соңғы жиырма жылдың ішінде Каспий теңізі маңындағы елдер өзара қайшылықтарын, әсіресе Каспий теңізінің энергетикалық ресурстарын иеленуге қатысты келіспеушіліктерін доғару мақсатында көптеген отырыс өткізген болатын.

Бұған қарамастан, Каспий теңізі маңындағы елдердің қоршаған ортаны қорғау, кеме қатынасы, сауда-саттық, тіпті Каспий маңындағы елдердің әскери құзыры мәселелеріне байланысты келісімдері бұзылмастан жүзеге асып жатты. Алайда, Каспий теңізі маңындағы елдер Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимін анықтау және энергетикалық ресурстарды иеленуге қатысты бірқатар қиындыққа ұшыраған болатын.

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі сарапшылардың пікірі бойынша, Каспий маңы елдерінің Каспий теңізінің құқықтық режимін бекіту жолындағы ең маңызды кедергісі Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы екі және үшжақты келісімдерге қол қою болған. Шынтуайтында, бұл келісімдерге қол қою Каспий теңізі маңындағы республикалардың халықаралық деңгейде заңдастырылмаған және заңды қалыпқа сай келмейтін келісімдерге жүгіне отырып, Каспий теңізі елдерінің самиттерінде Каспийдің жаңа құқықтық режимін бекітуге өтініш жасаған болатын.

Бұл Әзірбайжан Республикасы Каспий теңізі маңындағы елдермен көп қиындыққа тап болған жағдайында орын алды. Әзірбайжан мен Түркіменстан арасында Каспий теңізіндегі Азари, Черағ және Кепез мұнай кен орындарына иелік ету мәселесіне қатысты келіспеушіліктер бар. Түркіменстан бұл мұнай кен орындарын сәйкесінше «Түркімен Баши», «Осман» және «Сардар» деп атаған. Ашхабад Каспий теңізіндегі бұл мұнай кен орындары негізінде Түркіменстанға тиесілі деп мәлімдеп отыр. Осы текетірестердің осы ғасырдың алғашқы онжылдығында шиеленісе түскені соншалықты, Ашхабад үкіметі ресми түрде 2000 жылдың қаңтар айынан бастап Бакудегі Түркіменстанның елшілігін жауып, бірнеше кезең бойы ымыраға келу туралы отырыстардың өткеніне қарамастан, еш нәтиже бермеді.

Осындай жағдайда Каспий теңізінің құқықтық режимінің болмауы осы қайшылықтардың күрделене түсуіне айтарлықтай әсерін тигізді. Жоғарыда аталған кен орындары Әзірбайжан Республикасының шикі мұнай шығарып, экспорттайтын негізгі кен орындары саналады.

Осыған байланысты Иран университеттерінің аймақтық зерттеулер пәнінің оқытушысы Элаһе Кулаи былай дейді: "Каспий теңізі маңындағы елдер көпжақты аймақтық келісімдерге бағынудан гөрі халықаралық сахнадағы жағдайға бағынып отыр".

Каспий теңізінің құқықтық режимінің болмауы жағалау елдерінің жан-жақты мүдделерін қамтамасыз етпейтіні анық. Каспий теңізі маңындағы елдердің құрлықтық қайраңдағы энергетикалық ресурстарын пайдалануға қатысты кез келген екіжақты ынтымақтастығы потенциалды түрде екі және көпжақты ынтымақтастықтың барлық салаларына әсер ететін фактор бола алады. Осы арада Түркіменстан саяси мәселелері жөніндегі маман Морадидің пікіріне сәйкес, Түркіменстан мен Әзірбайжан арасындағы текетірес аймақтың геосаяси орнынан бастау алып, Еуропа мен АҚШ-тың энергияны жанама түрде жөнелту жөніндегі жобаларға қатысуға ынтасы осы текетірестердің күшеюіне әсерін тигізіп жатыр.

Каспий теңізі маңы елдерінің Қазақстанда өткен бесінші саммиттің соңында бекітілген келісімнің Әзірбайжанның Каспий теңізі маңындағы басқа елдермен арадағы қайшылықтарын шешуге көмектесе алатыны шәксіз. Сондықтан 2003 жылы Әзірбайжан басшыларының Каспий теңізінің қоршаған ортасын сақтау туралы конвенцияға қол қоюына қарамастан, Каспий теңізін ластау көрсеткіші осы елге тиесілі деп айтқан жөн. Сонымен қатар, Баку үкіметі басшыларының бәрінен бұрын Каспий теңізінің қоршаған ортасына көңіл бөлмей отырғанын да еске салған жөн. Шын мәнінде, әзірбайжандық басшылар көпұлтты компаниялармен мұнай және газ шығару туралы келісімдерге қол қою арқылы, Түркіменстанмен арадағы даулы кейбір кен орындарын Әзірбайжанның атына тіркеуге талпыныс жасаған.

Сарапшылардың ойынша, Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимін бекіту ісінің ұзаққа созылуының ең маңызды себебі Ресей, Қазақстан жәнее Әзірбайжан басшыларының екі және үш жақты келісімдерге қол қоюына байланысты. Бұл сарапшылар екі және үш жақты келісім құжаттары Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі бекітілместен бұрын және Иранға Кеңес одағы кезеңіндегі келісімдерді таңу мақсатында қол қойылған деп санайды. Ресей мен Қазақстан 1998 жылы шілде айында келісімге қол қойып, Каспий теңізі бетіндегі су акваториясы мен теңіз түбін бөлуге дауыс берді. Соның нәтижесінде Ресей Қазақстан және Әзірбайжанмен үшжақты келісімдерге қол қойды. Бұл құжатқа қол қою іс жүзінде Кеңес одағының ыдырауынан кейін Каспий теңізі маңында пайда болған елдердің Каспий теңізі маңындағы басқа мемлекеттермен ынтымақтастық жасауға ықыласы жоқ екендігін көрсетті. Ресейдің Қазақстан және Әзірбайжанмен арадағы екі және үш жақты келісімдері аймақ халықтары Ресей президенті Каспий теңізі маңындағы басқа елдер арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін оң қадамдар жасайтынын күткен жағдайда қол қойылды.

Бұған қарамастан, Ресей басшылары Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі алғашқы қадам ретінде Каспий теңізі маңында құрылған жаңа мемлекеттермен бағыттас әрекеттер жасады. Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы екі және үш жақты келісімдерге сәйкес, Каспий теңізінің акваториясы мен теңіз түбі шекарасы бөлінуі тиіс болды. Бұл құжаттың болуына қарамастан, үш мемлекеттің арасында әлі де келіспеушіліктер бар. Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі бекітілгеннен кейін бұл келіспеушіліктер шешілетін секілді көрінеді. Алайда, бұған қарамастан осы аталған үш мемлекеттің әрқайсысы барынша қысқа мерзімді экономикалық мүдделерге ие болуы мақсатында екі және үш жақты кұжатқа қол қойды.

Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі туралы құжатқа қол қою мәселесін қолдаушылар мен қарсы болғандар болды. Жуырда Қазақстанның Ақтау қаласында өткен Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммитінде қол қойылған келісімдердің қолдаушылары мен сыншылары бар.

Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі туралы құжатқа қол қою мәселесін қарастыру арқылы былай деп айтқан жөн: Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимі туралы конвенцияның кейбір сыншылары қоршаған орта мәселелерін Иран мен Ресейдің басқа елдерден артықшылықтары ретінде бағалап отыр. Олардың ойынша, Ресей дәл осы сылтаумен басқа елдерге қарағанда жаңа артықшылықтарға ие бола алады.

Халықаралық мұнай мәселесі жөніндегі кеңесші, Еуропа мен Ресей істері жөніндегі сарапшы Вандад Малексетиан Каспий теңізі ресурстары келешегінің көкжиектері туралы: "Иран мен Ресейдің Каспий теңізі келісіміндегі он төртінші тармағына қатысты артқа шегінуіне қарамастан, қоршаған орта мәселелеріне байланысты бұл екі елдің Каспий теңізіндегі өз мүдделерін көздеуде ықтиярлары жоқ емес. Шынтуайтында, Иран, Түркіменстан және Әзірбайжан ортақ мұнай мен газ кен орындарында барлау жұмыстарын жүзеге асырып, Ресей болашақта Еуропаны отынмен қамтамасыз етудің баламалы жолдарын  бұғаттай алады",- деді.

Есептеу жұмыстарына сәйкес, Каспий теңізінде 50 миллиард баррельге жуық шикі мұнай мен 257 триллион текше фут табиғи газ қоры бар. Сонымен қатар, Каспий теңізінің су көлемі 70-80 миллиард шаршы метрді құрайды.

ИИР Каспий теңізі оның жағалау елдері үшін ынтымақтастық, бейбітшілік пен достық, қауіпсіздік пен тыныштық теңізі және теңіз маңындағы елдер теңіздің қоршаған ортасы мен ондағы тіршілік иелерінің экожүйесін сақтап, кеме қатынасын жүргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бұл теңіздің жаңа құқықтық режимін бекіту мақсатында көбірек әріптестік жасауды қажет етеді деп санайды. Жарияланған статистикалық мәліметтерге сай, Каспий теңізі маңындағы елдердің 10-12 миллионы Каспий теңізінің жағалауында өмір сүріп, осы теңіз арқылы күн көріп отыр. Жоғарыда аталған халық санының басым бөлігі ИИР-ның үш жағалау облысына тиесілі. Сол себепті Каспий теңізінің экологиясын сақтау теңіз жағалауында өмір сүретін адамдар, әсіресе теңіз жағалауында өмір сүретін ирандықтар үшін аса маңызды саналады.

«Теһран конвенциясы» деген атпен танымал Каспий теңізінің қоршаған ортасын ластанудан сақтау туралы конвенция 37 баптан құралған. Оған 2003 жылы қарашаның он төрті күні Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің вице-президенттері немесе қоршаған министрлері тарапынан қол қойылған. Каспий теңізі маңындағы елдердің 1991 жылдың желтоқсан айында тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий теңізінің ластануын жағалау үкіметтерінің, әсіресе Иран басшыларының ең маңызды алаңдаушылығы деп бағалауға болады. Каспий теңізінің экожүйесі 300 өсімдік пен жануарлардың түрінен тұрады. Ал теңіздің бекітілген стандарттардан тыс ластануына байланысты теңіз флорасы мен фаунасындағы өсімдіктер мен жануарларға жойылып кету қаупі төніп тұр.

Мұндай жағдайда Әзірбайжан, Қазақстан мен Түркіменстан мұнайды барлау және шығару арқылы Каспий теңізіндегі ластану көрсеткішін де арттырды. Өткен жылдары Каспий теңізі маңындағы кейбір үкіметтердің экономикалық іс-әрекеттері өзгерді. Осыған байланысты Каспий теңізінде өмір сүретін су жануарларын тұрақты түрде пайдалану тұрақсыз пайдалануға айналды. Мысал ретінде Каспий итбалықтары санының азайып, жойылып кету қаупіне сітеме жасауға болады. Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Каспий итбалықтарының саны 1 миллионнан 100-ге дейін азайып кеткен. Сол себепті осы сүтқоректілер қатарына жататын бұл теңіз жануар түрін сақтап қалу шаралары аса маңызды.

Осындай алаңдаушылық тудырып отырған шындықтарға байланысты сарапшылардың пікірі Қазақстанда жуырда өткен Каспий теңізі маңы елдері басшыларының отырысы жаңа құқықтық режим мәселесін талдаумен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселесіне бағдарламалардың ішінен артықшылық беру үшін қолайлы мүмкіндік жасады дегенге саяды.

 

Тегтер

Sep 07, 2018 16:12 Asia/Almaty
Сараптама