Басып алынған жерлерде өмір сүретін палестиналықтар істері жөніндегі жоғарғы комитет сол жерлерде өмір сүретін арабтардың 2018-ші жылдың шілде айының он тоғызын Израиль Парламенті бекіткен «Еврей үкіметінің нәсілшіл заңына» қарсы күрестерінің негіздері бойынша «Израиль апартеидімен күрес күні» деп атады.

Басып алынған Палестинадағы араб топтары істері жөніндегі жоғарғы комитет – басып алынған Палестина жерлеріндегі арабтарды біріктіру және олардың саяси белсенділігін арттырып, оларға қатысты ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру мақсатында 1982-ші жылы құрылған саяси орган. Израиль Кнессеті 2018 жылдың шілде айының он тоғызын басып алынған Палестинаның бүкіл жерін тек сионистерге тиесілі деп жариялап, палестиналықтарды азаматтық және адами құқықтарынан мақұрым еткен «Еврей мемлекеті» деген нәсілшіл заңды бекітті. «Еврей мемлекеті» заңы – АҚШ үкіметі дайындаған әрі жарияланбастан бұрын іске асырыла бастаған америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасының бір бөлімі. Адамзат тарихындағы ең нәсілшіл заңдардың бірі саналатын «Еврей мемлекеті» заңы – Израиль апартеид режимі белгілерінің бірі. Сионистік режимнің бұл шешімі осы режимнің әлемде апартеидтің көрінісі екенін көрсетті.

Апартеид – халықаралық конвенцияда нәсілшілдік қылмыспен күрес және соған сәйкес жаза қолдану туралы белгіленген нақты заңды термин. Бұл конвенция 1973-ші жылы АҚШ пен Израильден басқа БҰҰ мүшелерінің қолдауымен Бас ассамблеяда бекітілді. Конвенцияның екінші бабы бойынша бұл термин бір ұлттың екінші ұлтқа үздіксіз күш көрсетіп, басып-жаншып, оларды өмір сүру және азаттық құқықтарынан айырып, мүліктерін тартып алып, елдеріне оралу және елдерінде өмір сүру құқықтарын бұзған жағдайда қолданылады. Қорыта айтқанда, апартеид – ұлт пен дінге қатысты кемсітушілік, әлеуметтік тұрғыдан алалап, кейбір нәсілдерді мүдделері мен тиісті қызметтерден мақұрым ету. Апартеидтік заң азаматтық құқықтарды олардың нәсіліне қарай топтастырады. Жылдар бойы Оңтүстік Африкада үстемдік еткен апартеид пен Израиль режимінің апартеидін салыстыратын болсақ, израильдік апартеидтің Оңтүстік Африка апартеидінен бірнеше есе күшті екенін байқауға болады. Сионистік режимнің әрекеттері мен жобаларының барлығы нәсілшіл әрі бұл режимнің адамзатқа қарсы болмысын көрсетеді. Сионистік режим әрекеттері, қылмыстары мен нәсілшілдік тұрғылары бойынша Оңтүстік Африкадағы апартеидтен асып түседі. 1994-ші жылы Нельсон Мандела жыныстық теңдік  істері жөніндегі өзінің арнайы өкілі сайлаған апартеидке қарсы танымал белсенді тұлға әрі жоғары оқу орнының ұстазы Оңтүстік Африкадан шыққан Фарид Исхақ Оңтүстік Африка апартеидін Израильдің қылмыстарымен салыстырды. Ол Венадағы сионистік режимге санкция салу туралы әлемдік қозғалыстың отырысы аясында: "Күмәнсіз, Палестина халқының сионистік режимнен көріп отырған азаптары апартеид кезінде Оңтүстік Африка бастан өткен жағдайдан бірнеше есе ауыр. Оңтүстік Африкадағы апартеид режимі қара нәсілділерді жер құрлығынан құртуды көздемеді. Израильдің қылмыстары мен зұлымдығы палестиналықтардың нәсілін жойғысы келеді деген ой тудырады",- деген болатын.

Сионистік режим – басып алу арқылы құрылып, қырып-жою, террор, адам құқығын бұзу және нәсілшіл әрекеттер арқылы өз өмірін жалғастырып келе жатқан режим. Бұл режимнің басшыларының ұстанымдары олардың палестиналықтардың нәсілін толығымен құртуды көздейтінін, бұл мақсаттарына жету үшін ешбір қылмыстан бас тартпайтындықтарын көрсетеді. Осы салада сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман палестиналықтарды жоюды талап етті. Либерман 1948-ші жылы басып алынған Палестина жерлеріндегі араб коалициясының басшысы Мұхаммад Шаходемен пікірталасында: "Израиль армиясы палестиналықтарды жоюы керек",- деген болатын. Либерман палестиналықтарды басып алынған жерлерден шығарып жіберуді  қуаттап: "Палестиналықтардың жерлері мен үйлерін басып алып, олардың орнына израильдік қалашықтар салуы керек",- деді.Израильдің Соғыс министрі одан бұрын палестиналықтарды  батырып жіберуді  талап еткен болатын. Осыған орай 1991-ші жылы Израильдің бұрынғы премьер-министрі Исхақ Рабин палестиналықтарды Жерорта теңізіне батырып жіберуді талап етті. Сондай-ақ, сионистік режимнің бұрынғы басшыларының бірі Манахим Бегин Палестина халқын әлемдіктер олардан құтылатын жаратылыстар деп атаған болатын.

Сионистік режимнің нәсілшілдігі халықтар арасында кемсітушілік орнатып, зорлық-зомбылық пен лаңкестік арқылы өз мүдделерін басқа халықтарға таңып, оларды билеп-төстеуді қарастырады. Саяси сарапшылар Кнесеттің  "Еврей мемлекеті" деп аталған заңды бекітуін нәсілшілік пен израильдік апартеидті күшейту шешімі деп бағалады. Сионистік режим әртүрлі жолдармен нәсілшіл саясаттарын заңдастырып, әлемдік қоғамға қабылдатқызғысы келеді. Негізінде "Еврей мемлекеті" деген заң – АҚШ үкіметі дайындаған "Ғасыр мәмілесі" деп аталған қастық жоба. Бұл жоба АҚШ тарапынан сионистік режимге аймақтағы нәсілшіл саясаттарын ілгерілетуге жол ашады. Бұл жоба АҚШ елшілігі Тель-Авивтен Құдсқа ауыстырылған соң баяндалды. Сионистік режим өзін әлемде еврей үкіметі ретінде таныстырғысы келеді. Шамамен бір жарым миллион халықты құрайтын 1948-ші жылы басып алынған аймақтарда өмір сүрген палестиналықтарды толық шығарып жіберу сионистік режимнің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Әлемдік қоғамның сионистік режимге қарсы шара қолданбауы мен америкалық "Ғасыр мәмілесі" жобасы халықаралық саладағы келесі бір қатер болуда. Сионизмнің қатері халықаралық қоғам үшін фашизм мен нацизм сынды нәсілшіл қатерлерден қауіптірек.

Израиль әрқашан қоғамдық таптарға бөлінетін қоғам болды. Сионистік режимнің нәсілшілдігі тек палестиналықтарға ғана қатысты емес. Бұл режимнің нәсілшіл әрекеттерін басып алынған жерлерге көшіп келген еврейлерге қатысты да көруге болады. Яғни, мигрант еврейлерге қарсы нәсілшіл әрекеттер іске асырылуда. Еврейлерді бірнеше топқа бөлу, нақты айтқанда батыс текті еврейлер (ашкеназилер), шығыс текті еврейлер (сефардилер) және Африкадан шыққан еврейлерді (фалаши) деп бөлу сионистік режимнің нәсілшіл әрекеттерінің көрінісі. Басып алынған Палестина жерлеріндегі халықтың қомақты бөлімін құрайтын шығыс текті еврейлер (сефардилер) екінші дәрежедегі, батыс текті еврейлер (ашкеназилер) бірінші дәрежедегі азаматтар болып саналады. Сефардилер қоғамдық артықшылықтар, жұмыс орындары және саяси лауазымдардан мақұрым қалады. Бірақ, сефардилерден де жаман өмір сүретіндерді кездестіруге болады. Нәсілшіл әрекеттер сионистік қоғамның таптар кастасы деп аталатын қоғамдық әділетсіздіктің бір түрімен басқарылатынын көрсетті. Сионистік режимнің нәсілшіл әрекеттері Батыстың, әсіресе АҚШ-тың қолдауының арқасында одан сайын кеңейіп, алдаңдатын жағдайға жеткізді. Сол себепті БҰҰ-ның Бас ассамблеясы сионистік режимге қарсы әлемдік наразылықтардың ықпалымен 1975-ші жылы 3379-шы қарарды бекітіп, сионизмді нәсілшілдікке теңеді. Батыс үкіметтерінің қысымы және сионистік режимнің алдамшы уәждерінің әсерінен аталмыш қарар 1990-ші жылы күшін жойды деп жарияланғанымен, сионистік режимнің іс-қимылдары оның нәсілшіл саясаттарының шамалы болса да өзгермегенін көрсетті. Осындай жағдайда іс жүзінде басып алынған Палестина жерлері мен әлемнің түкпір-түкпірінде сионистер нәсілшіл әрекеттерін іске асырмайтын күн жоқ. Сондықтан күндердің бірінің «Израиль апартеидімен күрес күні» деп аталуы әлемнің адамзатқа қарсы Израиль режимінің  әрекеттеріне ерекше назар аударатынын көрсетеді. Бірнеше жылдан бері әлемдіктер әлемнің түкпір-түкпіріндегі Израиль апартеидіне қарсы бірлік аптасы рәсіміне куә болуда.

Израиль апартеидіне қарсы бірлік аптасы – бірінші рет Канаданың Торонто қаласында халықты сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы әділетсіздіктерінен хабардар ету үшін, ал соңғы жылдары дүниежүзінің ондаған қалаларында өткен халықаралық халықтық рәсім. Жыл сайын наурыз айында өтетін бұл рәсімге қатысушылар мақалалар жариялап, фильмдер көрсетіп, сөз сөйлеп, Израильге қарсы санкция салуға нгізуге талпынады. Сионистік режимге қарсы әлемдік кең ауқымды реакциялар бұл режимнің өмірінің соңғы кезеңіне жеткенін көрсетеді. Өйткені,  соңғы жылдары Батыс үкіметтерінің қолдауына ие болған Оңтүстік Африкада билігін орнатқан апартеид режимі бұл елдің халқының күресі мен әлемдік қоғамның қолдауының әсерінен құлдырады.

 

Sep 08, 2018 19:20 Asia/Almaty
Сараптама