«Сырт көзге өздерін дұрыс көрсетуге талпынған АҚШ-тың бұрынғы басшыларымен жүргізген келіссөздердің нәтижесі осындай болды. Ирандықтар үшін қанжар дайындап отырған АҚШ басшыларымен енді ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді».

Иран Ислам революциясының 1979-шы жылы жеңіске жетуі Ирандағы патшалық режимнің тақтан таюымен бірге көптеген үстемшілдердің, әсіресе АҚШ-тың Иранның табиғи ресурстарынан бас тартуына себеп болды. Сол күннен АҚШ-тың дұшпандығы мен әртүрлі америкалық үкіметтердің Ирандағы исламдық үкіметті құлату мақсатын көздеген әртүрлі әрекеттері басталды. Соғыс, террор, лаңкестік  топтарға, соның ішінде «Мұнафеқин» лаңкестік тобына қаржылай және әскери қолдау көрсету, экономикалық және басқа салаларда санкция салу АҚШ пен одақтастарының әшкере де жасырын дұшпандығы болып табылады. Олар Иран халқы мен Ислам республикасы жүйесіне көптеген қиындық тудырып, бұл халықтың жігеріне соққы беріп, бағындырғысы келді.  Бірақ, АҚШ пен одақтастарының ешбір қитұрқы бағдарламалары осы күнге дейін Иран халқының революциялық қозғалысына соққы бере алмады. Дұшпандық әрекеттер Иран халқының жігерін одан сайын нығайта түсті. 

АҚШ-тың әртүрлі президенттерінің әлемнің қоғамдық пікірін алдау үшін қолданатын жолдарының бірі – қисынды келіссөздер жүргізу туралы уәж айтуы. Олар өздерін қиындықтарды келіссөздер арқылы шешуші тарап етіп көрсетуге тырысады. Сол себепті олар «ИИР келіссөздерге дайын емес» деген уәж айтуда. Ежелгі мәдениет пен өркениетке ие Иран халқы тарихының басынан осы уақытқа дейін тәуелсіздік талап ететін барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатқан.

Иран Президенті Хасан Рухани басқарған ИИР-ның 11-ші үкіметі америкалықтардың сұрауымен Иранның ядролық тақырыбы туралы АҚШ және бес еуропалық мемлекетпен келіссөз жүргізетін келісімгер топ құрды. Иран мен АҚШ және бес еуропалық үкімет расында өткен көптеген отырыстардан кейін ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деген келісімге қол қойылды. Иран өз міндеттемелеріне табандылық білдіріп, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі сияқты халықаралық агенттіктер әртүрлі қастандықтарымен Иранның табандылығын теріске шығара алмай, ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды екенін 12 рет қуаттады. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуы мен ядролық келіссөздердің нәтижесінде АҚШ Иранға қарсы салған санкцияларының күші мен Иран халқына қарсы қысымдарын жоймақ болды. Алайда, үстемшілердің болмысы зорлық-зомбылық пен шектен тыс талап ету болғандықтан, АҚШ-тың шынайы болмысы әшкереленіп, АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп елінің барлық міндеттемелеріне немқұрайдылық танытып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты. Израиль режимінің қолдаушысы болған америкалықтар келіссөздер туралы ұранның АҚШ үкіметі үшін тек бір көзбояушыық екенін, негізінде олардың әлемге жылан сияқты өз уын шашатынын дәлелдеді. АҚШ Иран халқы мен бүкіл әлемге оларға сенім артуға болмайтынын тағы көрсетті. 

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз сөздерінде АҚШ-тың берген уәделерінде тұрмайтынын сан рет айтқан болатын. Аятолла Хаменеи «АҚШ тек исламдық Иранға қатысты уәделерін ғана бұзып отырған жоқ. Бұл мемлекет тіпті оған бағынған Иранның бұрынғы шахы Мұхаммад Реза Пехлеви мен Мысырдың диктаторы Хосни Мүбәрәк сияқты өзінің нөкерлеріне де осындай қатынас жасады» деп санайды. Ислам революциясының жетекшісі  бұдан бұрын АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандығының тереңдігінің әшкереленуі туралы: «Өткен жылдардағы және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі келіссөздерде ядролық және зымырандық тақырыптың бұл дұшпандықтың негізгі мәселелері емес екендігі анықталды. АҚШ-тың қарсылығы мен дұшпандығы исламдық жүйенінің негізіне қатысты. АҚШ сондай-ақ, маңызды аймақта беделін көтеріп,  қарсыласу шебін күшейтіп, АҚШ-тың зұлымдықтарына қарсы тұрып, Исламның туын көтерген және исламдық жүйені өз күш-құдыретінің факторларының бірі саанйтын Иран халқына дұшпандық білдіреді»,- деді.   

АҚШ Президентінің міндеттемелеріне тұрақсыздығы мен Иран туралы уәждері олардың дұшпандықтарының тереңдігін көрсетіп отыр. Иран келісімге келіп, келіссөздер арқылы ядролық ғылым саласында ғылыми жетістіктерін сақтап қалуға мүдделік танытқанымен АҚШ ирандықтарға дұшпандығын жалғастыра беретінін көрсетті. Бұл тәжірибе  Иран үкіметі мен халқы үшін маңызды болды. Өйткені, ирандық жаңа буынның АҚШ-тың Иранға деген дұшпандығы мен қара ниетін түсінуіне себеп болды. Американың міндеттемелеріне табанды болмауы әлем халықтарының алдында Иранның беделінің көтеріліп, АҚШ-қа деген жиіркеніштің бұрынғыдан бетер арта түсуіне себеп болды. Аятолла Хаменеи Иран АҚШ-қа  икемділік танытқан сайын АҚШ-тың дұшпандығы азаюдың орнына одан сайын арсыздана түскеніне тоқталды. Аятолла Хаменеи АҚШ уәделерін бұзып, президент Трамптың арсыздығынан кейін елдің Үкімет мүшелерімен кездесуінде сөйлеген жуырдағы сөзінде АҚШ-пен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейтінін қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: «Сырт көзге өздерін дұрыс көрсетуге талпынған АҚШ-тың бұрынғы басшыларымен жүргізген келіссөздердің нәтижесі осындай болды. Ирандықтар үшін қанжар дайындап отырған АҚШ басшыларымен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді»,- деді.

Иранның  аймақтағы өзгерістерде негізгі рөл атқарып отырғанына байланысты Иранмен келіссөз жүргізу АҚШ-тың негізгі қажеттіліктерінің бірі саналады. Сондықтан америкалық басшылар үнемі Иранмен келіссөз жүргізуге талпыныс жасап келеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Обама аятолла Хаменеиге хат жолдап, келіссөз жүргізуді сұраған болатын. Шын мәнінде, Обама бұл әрекетімен Иранды АҚШ пен келіссөз жүргізуге мұқтаж көрсетіп, Иранды келіссөздер үстеліне әкелмек болды. Бірақ, Иран «алтылық» тобының қисынды және дәлелді келіссөздерімен өз міндеттемелеріне табандылығын, керісінше, АҚШ өз міндеттемелеріне тұрақсыз екенін көрсетті. Қазір АҚШ экономикалық қысымдарымен Иранның Ислам революциясын экономикалық мәселелерді шешуге қауқарсыз деп көрсетуге әрекет жасап отыр. Аятолла Хаменеи біраз жыл бойы дұшпанның экономикалық санкцияларына қарсы ұлттық өндірісті күшейтіп, қарсыласу экономикасын пайдалану қажеттігін қуаттап келеді. Аятолла Хаменеи экономикалық салада маңызды жетістіктерге жету үшін жергілікті күштерді пайдалану керек деп санайды. Ислам революциясының жетекшісі жуырдағы сөзінде экономикалық мәселелерді шешу үшін басшылардың бірлігін маңызды санап, үкіметтен белді буып, экономикалық мәселелерді шешуге күш салуды талап етті. Аятолла Хаменеи елдің экономикалық тақырыптарына тоқталып: «Экономикалық салада бар күшімізбен еңбектенуіміз керек. Елді экономикалық тұрғыдан басқаруда тығырыққа тірелуге болмайды. Елдің экономикалық істеріне жауапты басшылар мен белсенділерден ұлттық өнім шығаруға сүйенген қарсыласу экономикасын  барлық жұмыстар мен саясаттардың негіздері ретінде қалыптастыруды сұраймын»,- деді.

 

  Иран Президенті және Үкімет мүшелері аятолла Хаменеимен кездесті

 

Қарсыласу экономикасының  стратегиясы нәтижеге жетсе, көп  пайда әкеледі. Жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті өнімнің сапасын арттыру, экспорт бөлімінің жұмысын белсенді ету – қарсыласу экономикасының жетістіктеріне жатады. Ұлттық өндіріс пен экономикалық мәселелерді шешу тақырыбы – елдің жоғары лауазымды басшылары назар аударатын маңызды мәселелер. Діни жетекшінің пікірінше, өнім шығару мәселесі шешілсе, халықтың тұрмысы жақсарады.

АҚШ пен одақтастары бар күштерін пайдаланып, Иран халқын Ислам революциясынан үмітсіздендіріп, одан алыстатуға әрекет жасауда. Олар Иран халқының революцияның көшетін өздерінің қанымен суарып, жас көшеттің мықты ағашқа айналып, еш уақытта мәуелі ағашты қуратпай, жемісін жинап, пайдаланатынын білмейді. Бүгінде ғылым мен білім және технология салаларының көшбасшылары саналатын революцияшыл жастар Ислам революциясының маңызды нәтижелері саналады. Жастар мен халықтың әртүрлі таптарының көмектері және исламдық жүйе басшыларының ақылымен АҚШ-тың экономикалық санкциялары оның басқа да қитұрқы әрекеттері сияқты нәтижеге жетпейді. Қарсыласу экономикасы санкцияларды залалсыздандырып, дұшпанның үмітін үзеді. Иран Ислам революциясының жетекшісі  айтқандай, қарсыласу экономикасының саясаты мен қорғаныс саласындағы шаралар, сондай-ақ, дұшпанға қарсы күш-қуатты нығайту алға ілгерңлеуге көмектеседі.

 

 

 

 

Тегтер

Sep 12, 2018 16:24 Asia/Almaty
Сараптама