• Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері 1

Кербалада имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның серіктерінің арасынан әртүрлі жастағы және әртүрсті адамдарды көруге болады: қарттар мен жастарды, жасөспірімдерді, әйелдер мен балаларды, қара және ақ нәсілділерді. Хабиб бен Мазахер мен Мослем бен Аусадже бұрыннан серіктерінің қатарында болған. Зохейр бен Қайн Баджали Осман халифаның жақтасы еді. Сондай-ақ, солардың ішінде Уаһаб бен Абдолла Колеби жаңадан мұсылман болған христиан да имамның қасында шәһид болды.

Исламның басында кәпірлер мен үстемдікке қарсы көптеген қақтығыстар мен соғыстар орын алды. Олардың ешбіреуінен Кербаладағы пәктік байқалмады. Барлық соғыстардан қараңғылық пен дүниеқұмарлықты көруге болады. Кейбір сарбаздар қақтығыс қызған кезде өмірлеріне алаңдап немесе әскери олжаларға ие болуға үміттеніп, соғыс майданынан қашып, пайғамбарды (с.ғ.с.) жалғыз қалдырды. Ухуд соғысында сарбаздардың дүниеқұмарлығы пайғамбарды аузына дейін жеткізді. Хандақ соғысында сахабаларының құрайыш палуандарымен бетпе-бет келуіне алаңдауы олардың орындарында әрекетсіз қалуына себеп болды. Бірақ Кербала оқиғасында имам Хусейн (ғ.с.) баршаны бият ету міндетінен босатты. Сөйтіп, басқалармен бірге еріп келгендерге Кербала керуенінен кетуге мүмкіндік берді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктері жол бойы сан рет іріктелді. Өйткені, имам оның көтерілісінің барлық ғасырлар мен барлық ұрпаққа үлгі болуы үшін ең жақсы көтеріліс болуы қажеттігін басқалардан артық түсінді. Сондықтан имам Хусейннің (ғ.с.) қасында қалған адамдар күдік-күмән мен осалдықтан ада болды. Дәл осы мәселе Ашура оқиғасының кемел үлгі болуына себеп болды. Саальбие мекенінде Мослемнің шәһид болуы туралы хабар жеткен кезде Хани мен Абдолла Яқтар имамның қасына келді. Хазірет серіктері мен өзіне ерген адамдарды жинап, оларға: «Жақтастарымыз бізді тастап кетті. Қалаған адам қайта алады. Біз оған ренжімейміз»,- деді. Абыройлы өлімнің орнына қорлық өмірді таңдағандар  Ашурадан гөрі қайтуды жөн көрді. 

 

Имам Хусейн (ғ.с.) хиджри қамари күнтізбесі бойынша 61-ші жылдың мухаррам айының екінші күні Кербалаға аяқ басқан кезде серіктерінің оратсында: «Уа, Алла! Уайым-қайғы мен қиындықтар кезінде бір Өзіңді пана тұтамын. Бұл – біздің тоқтайтын мекеніміз. Алламен ант етемін, қиямет күні дәл осы мекенде кездесеміз. Мен бұл уәдені атам – Алланың елшісінен естігем. Атамның уәдесі күмән тудырмайды»,- деген дұғаны оқыды.  Имам Хусейн (ғ.с.)-ға ергендер оның сөзіне иман келтіріп, сол жерден кетпеді. Қасиетті кітапта хазірет Исаның апосталдары деп танымал болған 12 жақтасын тәрбиелегені туралы айтылған. Бірақ хазірет Иса қиындықпен бетпе-бет келген кезде  олар дұшпаннан қорқып, хазірет Исаның қасына жиналмақ түгіл, қазіргі Інжіл бойынша сол түні апостолдар өз өмірлерінен айрылудан  қорқып, хазірет Исаны үш рет теріске шығарған.

Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні қарсаңындағы  түнде дұшпандардан мұрсат алып, өз серіктерінің ортасында Алланы мадақтап, Оған жақсылықтары мен қиындықтарына алғыс айтып: «Уа, Алла! Біздің әулетімізді набоваттыққа лайық еткен, Құран мен діннің ілімін, еститін құлақ, көретін көз бен хабардар жүректі бізге сыйлаған Өзіңді мадақтаймын. Алла Тағала бізді алғыс айтушылардың қатарында орналастырды. Мен өздеріңнен артық әрі адал серікті және өз әулетімнен әділ әулетті танымаймын»,- деді. Содан соң имам  сөзін жалғастырып, серіктерін қайтуға  жігерлендіріп: «Мен білемін. Ертең біз олармен соғысамыз. Сондықтан сендер түн қараңғылығын пайдаланып, қатерлі мекеннен кете аласындар. Олардың ісі менімен. Олардың сендерде жұмысы жоқ»,- деді. Имамның сөздерінен кейін серіктері бір-бірлеп, хазіретке деген адалықтарын білдіріп, уәделеріне табанды екендіктерін мәлімдеді. Басында хазірет Аббас бен Әли: «Не үшін сенен кетеміз? Сенен кейін не үшін тірі қаламыз? Алла еш уақытта мұндай күнді  көрсетпесін»,- деді. Содан кейін Хашим әулетінің  басқа жастары да бірінен соң бірі адалыққа берік екендіктерін білдіретін сөздерін айтты.

Керабал шәһидтерінің кесенесі

Хашим әулетінен кейін орнынан тұрып: «Уа, Аба Абдолла! Біз сізді тастап кетеміз бе?Алланың алдында не дейміз? Біз еш уақытта кетпейміз.  Найзаны дұшпанның кеудесіне шаншып, өздерінің қылыштарымен оларды ұрып-соғамыз. Қылыштарымыз қолымыздан түскен кезде басқа ешбір қару қолымызда қалмаса, таспен ұрамыз. Алламен ант етемін, еш уақытта өзіңізден бөлінбеймін. Біз Алла елшісінің сіз туралы айтқанын ұмытқан жоқпыз. Егер мен өліп, қайта тіріліп, содан соң отқа жанып, күлім желмен шашылып, қайтадан тіріліп, бұл 70 рет қайталанса да, еш уақытта өзіңізден бөлінбес едім. Соңында өзіңіздің қасыңызда өлемін. Мен тек бір рет қана өлемін. Сондықтан мәңгілік бақытқа ие болу үшін неліктен солай істемеймін?»- деген Мослем бен Аусадже Асади болды.

Мослем бен Аусадже Асади – Алла елшісінің әйгілі сахабаларының бірі және имам Әли (ғ.с.)-ның ежелден келе жатқан серігі әрі сопы. Мослемнің есімі соғыстар мен исламдық жеңістер кезінде мұсылмандарың ауызынан түспейтін. Мослем бен Аусадже Куфеде өмір сүретін Асад әулетінен шыққан. Ол имам Хусейн (ғ.с.) үшін хат жазған адамдардың бірі болды. Мослем бен Ақил келген соң ол халықтан имамның басшылығы үшін адалдыққа ант алған. Бірақ Мослем бен Ақил мен Хани бен Урве қамауға алынып, бұл екі адам шәһид болған соң отбасымен бірге имам Хусейн (ғ.с.)-ға қосылып, өз имамы үшін жанын қиды. Әділет талап ету мен зұлымдыққа қарсы күресу имам Хусейн (ғ.с.) серіктерінің ең маңызды ерекшеліктері болды. Имам Хусейн (ғ.с.) мектебі жолында қадам басқандар әділетсіздік пен зұлымдықтың алдында үнсіздік таныта  алмайды. Мослем бен Аусадженің Ашура күнгі өлеңдері оның зұлымдықтың қарсыласы екенін көрсетеді. Ол: «Егер менен сұраса, мен – Асад әулетінен шыққан майданның күрескерімін. Маған зорлық-зомбылық жасаушылар – алға басып, кемелдікке жету мен мұқтажсыз Алланың дінінен алыстағандар»,- деді. Мослем бен Аусадже бұл өлеңін айтқан соң дұшпанға қарсы шабуыл жасап, шайқасты. 

Ашура күні дұшпан әскерінің оң жағының  қолбасшысы Омар бен Ходжадж  имамның адамдарына қарсы шабуыл жасап, шындық пен жалғандық сарбаздары бетпе-бет келді. Бұл шайқаста Мослем бен Аусадже алғы шепте болып, жанкештілігімен шындықты қорғады. Ол және оның серіктері дұшпанның сарбаздарын шегіндіріп, оларды сұм мақаттарынан бас тартқызды. Бірақ, Мослем жарақат алып, өлім қарсаңында жатты. Соғыс аяқталған кезде барша Мослемнің жерге құлап, соңғы демін алып жатқанын көрді. Соңғы сәтте имам Хусейн (ғ.с.) Хабиб бен Мозахермен бірге Мослемнің қасына келіп, оның күресіне алғыс айтып: «Мослем! Алла сені рақым етеді»,- деп, «Ахзаб» сүресінің «Мүміндерден Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: олардан кейбіреуі жандарын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін  әсте ауыстырмады. Мүміндерден Аллаға деген уәделерін шындыққа  шығарған ерлер бар: олардан кейбіреуі жандарын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады»,- деген 23-ші аятын оқыды.

Сол сәтте имамның ескі серігі Хабиб бен Мозахер жақындап: «Сенің жерде жатқанынды көру мен үшін өте қиын. Сені жаннат күтуде»,- деді. Мослем бен Аусадже әлсіреген даусымен: «Алла сені жарылқасын»,- деп жауап қайтарды. Хабиб оған: «Сен қалаған және сен үшін маңызды нәрсені, маған өсиет еткеніңді орындағым келеді, бірақ азғана уақыттан кейін мен де өзіңе қосыламын»,- деді. Мослем имамға қарап, Хабибке: «Өлгенше ағамыздың қасынан кетпе»,- деп өсиет айтты. Хабиб: «Алламен ант етемін, солай болады»,- деді. Сол сәтте Мослем жан тапсырды. «Зиярат ал-Нахия ал-Моқаддасада»: «Сәлем, саған Мослем бен Аусадже! Сен – жанын қиған және Алланың жолында шәһид болған бірінші адам болдың. Қағбаның Құдайымен ант етемін, сен жеңілдедің. Имамыңа адал болып, оның жолында ерлік пен жанкештілік көрсеткенің үшін Алла Тағала саған сауап жазады»",- деп айтылған..

 

Тегтер

Sep 12, 2018 16:41 Asia/Almaty
Сараптама