• Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 8

Дұшпан бар күшімен соғысқа дайындалып, имамның керуенімен бірдей алға қадам басып, қаруы және әскерилерінің санымен үрей тудырмақ.

Имам Хусейн (ғ.с.) басқарған азғантай адамнан құрылған әскер еш нәрседен қорықпады. Өйткені, имам Хусейннің (ғ.с.) сенімдері мен иманы Құраннан нәр алды. Имам Хусейн (ғ.с.) келешек ұрпақ үшін илаһи нұсқау мен Хақ кітабын үйреткендей жақсы өмір сүру және абыроймен өлуді көрсетті. Ол шындықты әшкере етіп, баршаға жалғандық пен зорлық-зомбылықтың біраз уақыт билегенімен, жойылатынын түсіндірді.

Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) пікірінше, шындық пен жақсылық – көркем, жалғандық пен зұлымдық және жамандық соңында жойылады. Өйткені, жалғандықтың ғұмыры – қысқа. Бұл туралы «Рағыд» сүресінің 17-ші аятында:  «Ол көктен жаңбыр жаудырды да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ, сәндік-бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еріткен металдарда да сондай көбік болады.  Алла ақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды. Көбік кеуіп, ұшып кетеді де, адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді»,- деп айтылған. Алла Тағала ақиқатты жаңбырға, жалғандықты көбікке теңейді. Жалғандық судың бетіндегі көбік сынды сырт көзге күшті көрінгенімен селдің күшімен ағып кетеді. Алайда қалған су халыққа пайда әкеледі. Хақ – тұрақты. Имам Хусейн (ғ.с.) өз қозғалысымен шындықтың Алла арқылы расталып, тұрақты әрі тамырын тереңге жіберетінін жариялады. Сондықтан әділ күрес кез келген ғасырда әділет талап ететін халықты қызықтырып, оларды залымдарға қарсы бас көтертеді. 

Имам Хусейн (ғ.с.) өзінің ағартушылыққа толы сөзінде Умар Саадтың күнәһар әскеріне зұлымдық пен қылмыс жойылмағанымен олардың мүддесіне емес екендігін, сондықтан Жаратушының оларға мұрсат бергенін түсіндірді. Алланың алдында барлық халықтар сынақтан өтеді. Язид пен Ибн Зиядтың бұйрықтарымен Исламның ұлық пайғамбарының әулетін өлтіруге дайындалғандар мен Пайғамбардың перзенті мен имамдарын қолдау үшін шыққандар да сынақтан өтеді. Сөйтіп, жалғандықты қолдайтындар мен әділет талап ететіндер бөлініп, жеке-жеке сап түзейді. Шейх Мофид Захак бен Абдолла деген адамнан мынадай рауаятты жеткізген: «Ибн Саад әскерінің бірқатары біздің қасымыздан өтіп, бізді бақылауға алды. Сол кезде имам Хусейн (ғ.с.):  «Ал және сондай қарсы болғандар негізінен оларға мұрсат беруімізді өздеріне қайырлы  деп әсте ойламасын. Шын мәнінде, күнәларын арттырсын деп қана береміз. Сондай-ақ, олар үшін қорлаушы азап бар. Алла мүміндерді осы сендер болған күйде жақсыдан жаманды айырмай қоюшы емес»,- деген аяттарды оқыды. («Әли-Имран» сүресі, 178-179-шы аяттар). Дұшпанның әскерилерінің бірі Абдолла бен Самир бұл аяттарды имамнан естіп: «Қағбаның Құдайымен ант етемін, Алланың сіздерден бөлген жаманы – біз»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның адамдарының бірі Барир бен Хазир оған: «Уа, бұзақы, Алла сені жақсылардың қатарына қоссың ба?!»- деді.

Хазірет Зейнаб та ағасы имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған соң Шамда Язидтің алдында осы аятқа сүйеніп: «Сен бүгін қуанып отырсың. Біздің алдымыздағы әлем мен аспанды жауып, бізді тұтқындар сияқты бір қаладан басқа қалаға апарасың. Бұл – билігіңнің белгісі. Алланың алдында абыройың қалды ма? Сен қателестің. Алланың берген мұрсатын пайдаланбай, күнәларыңды ауырлаттың. Сені азап күтуде. Сәл сабыр ет. Алланың «Олар кәпір болып, мұрсат берілсе, олардың пайдасына деп ойламасын. Біз оларға күнәларын арттыру үшін уақыт береміз, оларды азап күтуде» деген сөзін ұмыттыңдар ма?»,- деді.

 

 

Тегтер

Oct 09, 2018 19:53 Asia/Almaty
Сараптама