• Хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) қайтыс болған күніне арналған бағдарлама

Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағы әрі Алланың лайықты пенделерінің бірі, илаһи тұлғаның Иран жеріне қадам басқанынан бері көп ғасыр өтті. Бұл теңдессіз тұлға рақым мен мейірімнің теңізін өзімен бірге ала келді. Сол кезеңнен бері Иран халқы ұлы тұлғаны қонақ етіп күтуді мақтан тұтып, күн сайын хазіреттің рақым бұлағынан шөлдерін қандыруда.

Бүгін – хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) дүние салған күні. Бүгін шындықты жақтайтындардың жүректері қайғыға  толады. Бүгін Мешхед қаласы Иранның түкпір-түкпірінен, тіпті әлемнің әртүрлі елінен жиналған зияратшыларды күтіп жатыр. Имамның қасиетті кесенесінен мыңдаған ғашық зияратшының имамға сәлем мен салауат жолдаған дауыстары естіледі. Біз де жүректерімізді қасиетті мекенге жеткізіп,  олармен қосылып: «Сәлем сізге Әли бен Мұса әр-Реза!»- дейміз.

Имам Казем (ғ.с.) шәһид болған соң баласы имам Реза (ғ.с.) имамат міндетін мойнына алып, үмбетті басқарды. Аббаси халифасы Харунның кезіндегі қоғамның саяси жағдайы ауыр болғаны сондай, тіпті имамның ең жақын серіктері өз өмірлері үшін алаңдады.  Бірақ, имам Реза (ғ.с.) қысымдарға қарамастан исламның негіздері мен құндылықтарын таныстырумен айналысты. Өйткені, сол кезде бөгделердің тілі мен мәдениеті кең таралып, ислам үмбетінің пайғамбар сүннетінен алыстауына себеп болды. Имам Реза (ғ.с.) атасының сүннетін жаңғырту жолында көп талпыныс жасады. Имамның денсаулық пен медицина біліміне ерекше көңіл бөлуі ислам әлемінің мәдени тарихындағы ең ықпалды адамдардың біріне айналуына себеп болды. Имам Реза (ғ.с.) Пайғамбар әулеті ұрпағының бірі ретінде өзінің ғылыми, әсіресе медицина саласындағы мәліметтерінің үлкен бөлімін әкесі мен ата-бабаларының айтқан сөздеріне сүйеніп,  өз жақтастарының ықтиярына тапсырды.

Хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.)-ның имаматы Харун әр-Рашидтің, одан кейін оның екі перзенті Амин мен Мамунның халифатымен тұспа-тұс келді. Мамун өзінің халифаты кезінде ерекше жағдаймен кезікті. Аббаси үкіметінің орталығы болған Бағдадтағы Аминның билігін жақтайтындардың арасында оның жағдайы осал болды. Басқа жақтан әләвилердің көтерілісі Мамунның үкіметі үшін шынайы қоқан-лоққы саналды. Сондай-ақ, оларға ирандықтар қосылуы мүмкін еді. Мамун имам Резаға (ғ.с.) өзінен кейін халифатты басқаруды ұсынып, өз үкіметінің осал негіздерін нығайтуды ойлады. Ол өзінің бұл ісімен әләвилердің көтерілісін бақылауға алып, олардың ризалығына ие болып, ирандықтарды өз халифатында қабылдаудан үміттенді. Сол себепті хиджридің 201-ші жылы имам Резаны (ғ.с.) Мединеден Мервке әкелуді бұйырды.

 

Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесі

Марвке сапары кезінде имам Реза (ғ.с.) тоқтаған барлық жерде бұл аймақтың халықтары  көптеген берекеге  бөленді. Имам Реза (ғ.с.) Нишабурге кіріп, қаланың ортасынан өтіп бара жатқан кезде хазіреттің қалаға келетінін естіген халық күтіп алу үшін жиналды. Сол кезде Пайғамбардың хадистерін жатқа білетін екі ғұлама имамның атының жүгенін ұстап: «Уа, имам! Уа, ұлы имамдардың перзенті! Бізге ұлы атаңыз Алла елшісінің хадистерінің бірін айтып беріңізші»,- деп өтінді. Имам (ғ.с.) тоқтағанда халық хазіреттің нұрлы жүзін көрді. Кейбіреулер қуаныштан жылады. Хазіретке жақын болғандар имамның атын сүйіп, қала ию-қию болып,  қаланың ақсақалдары хадисті есту үшін халықтан шуламай, тыныштық сақтауды сұрады. Халық біраздан кейін тынышталды. Имам Реза (ғ.с.) «Селселе-е әз-захаб» деп танымал болған хадисті баяндады: «Әкем, Алланың беделді пендесі Мұса бен Джафар әкесі Джафар бен Мұхаммадтан, ол өз әкесі Мұхаммад бен Әлиден, ол әкесі Әли бен әл-Хусейннен, ол әкесі Хусейн бен Әлиден, ол пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінен естіген әкесі Әли бен Абитолебтен және пайғамбар Жебірейілден Алланың «Алладан басқа Құдай жоқ» деген сөз – менің қорғаным. Осы қорғанға кірген барлық адам азабымнан аман қалады» деп айтқанын естіген». Жиналғандар бұл хадисті естіп, оны халықтың арасында таратып, ондаған мың ер мен әйел естіп, басқаларға жеткізді. Имам Реза (ғ.с.) жолға шыққан керуенін тоқтатып: «Бұл хадистің шарты бар: менің өзім сол шарттардың бірімін»,- деді. Бұл хадис илаһи азаптан құтылудың шарттарының бірі тауһид екенін, тауһидтің шартының велаят пен имаматты қабылдау, ал имамның солардың бірі екендігінің көрсеткіші.

Имам Реза (ғ.с.) Мервке келген соң Мамун хазіретке велаяттың мұрагері болуды ұсынды. Мамун қысым көрсеткендіктен имам Реза( ғ.с.) оның ұсынысын қабылдады. Бірақ, наразылығы мен шешімнің қысыммен қабылданғанын білдіретін өз шартын да мәлімдеді. Имам Реза (ғ.с.) шарттарының бірі ретінде еш уақытта үкіметтің істеріне араласпайтынын айтты. Өйткені, имам Мамунды билік басына заңсыз келді деп санады. Сондықтан Мамун имамның қырағылығының нәтижесінде өзінің мақсаттарына жете алмайды. Біраздан кейін хазіреттің велаят мұрагерлігі туралы хабар тараған соң Медине мен Меккеде және басқа да исламдық маңызды қалаларда халық имамды көбірек танып, бұрынғыдан көбірек имамның мөлдір бұлағынан сусындады. Мерв сапары имам Реза (ғ.с.) өмірінің маңызы кезеңдерінің бірі болды. Өйткені, бұл сапар хазіреттің рухани және ғылыми тұрғылардағы жоғары деңгейін дәлелдеді. Мерв пен Хорасан халқы хазіретті танып, жақыннан көріп, сабақтары мен ғылыми пікірталастарына қатысуға ынтық болды.

Халықтың имам Резаға (ғ.с.) деген махаббатының артып бара жатқанын күн сайын көрген Мамун әртүрлі қастықтарымен имамның абыройын төккісі келіп, имам Реза (ғ.с.) мен әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрлі ғылымдар бойынша ғалымдарды жинап, ғылыми пікірталастар ұйымдастырды. Бірақ, Мамунның бұл ісі де нәтижеге жетпей, керісінше, имамның білімінің теңдессіз екендігі одан сайын дәлелдене түсті. Имам Резаның (ғ.с.) зорлық-зомбылықтың тамырына қарсы  жасырын әрі мақсатты күресінің әсерлі болғаны сондай, үстемшіл үкіметтердің Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне қарсы жылдарға созылған теріс үгіт-насихаттарына қарамастан, имамдардың рухани дәрежелері көбірек айқындалып, қоғам Алла елшісінің әулетін, әсіресе имам Резаны (ғ.с.) мадақтады. Мамун өз жобаларын, әсіресе имамды велаят мұрагері етіп, сырт көзге өзін имамға жақындата алмаған соң, тәсілін өзгертіп, имам Резаны (ғ.с.) уландырды. Хиджри қамаридің 203-ші жылының сафар айының соңында имам Реза (ғ.с.) 55 жасында қайтыс болып, Тус қаласында жерленді.

Әлемнің барша мұсылмандарына имам Резаның (ғ.с.) қаза тапқан күнінің жылдығына орай көңіл айтамыз.

 

Тегтер

Nov 08, 2018 17:36 Asia/Almaty
Сараптама