• Иран АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді 1

Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1332-ші жылдың азар айының он алтысы, милади жыл санағы бойынша 1953-ші жылдың желтоқсан айының жетісі Иран күнтізбесінде «Студенттер күні» деп аталған.

Бұл күн Теһран университеті студенттерінің АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласу саясаттарына наразылықтарының үстемдікке қарсы қозғалысқа айналған күнді еске салады. Студенттердің бұл наразылығына Пехлеви режимінің басқыншы күштері оқ атып, жауап берді. Пехлеви режимі басып-жаншу әрекетімен Иранның әртүрлі таптарының АҚШ-қа қарсы дауысын біржолата өшіргісі келді. Бірақ, азар айының он алтысы күні болған оқиға Иран халқының үстемшілдікке қарсы ағымын жылдамдатып, бұл күнгі қантөгіс Иран халқының ашуы мен Америкаға қарсы жиіркенішін екі есе арттырды. Азар айының он алтысы күнгі  оқиғаны билеп-төстеуші жүйе мен АҚШ-тың Ирандағы араласушылық әрекеттеріне қарсылық білдіру қозғалысының үлгісі деп атауға болады.

1953-ші жылдың желтоқсан айының жетісі күні Теһран Университетінің үш студенті Пехлеви режимінің басқыншы күштерінің оғынан қаза болды. Бұл оқиға Иранның сол кездегі заңды үкіметіне қарсы америкалық-британиялық төңкерістен шамамен 4 ай өткеннен кейін орын алды.

Бірақатар студенттің сол кездегі АҚШ Президентінің орынбасары Никсонның Теһран сапарына наразылықтары Иран халқының АҚШ-тың дұшпандық саясаттарын дұрыс түсінгенін көрсетті. Бұл наразылықтар Иран халқының үстемшілдікке қарсы ағымына ұласып, Иран халқының АҚШ-тың дұшпандық саясаттарына қарсы тарихи дабылына айналап, «Студенттер күні» деп аталды.

 

АҚШ-тың дұшпандығы: өткенге шолу

АҚШ-тың Ирандағы араласушылық әрекеттері хиджри шамси күнтізбесінің 1332-ші жылының мордад айының 28 күні, милади жыл санағы бойынша 1953-ші жылдың тамыз айындағы төңкеріс ағымында әшкере болды. Бұл оқиға Иранның саяси өзгерістеріне тікелей әсер етті. Сол кездегі АҚШ Президенті Эйзенхауер  Иранның заңды үкіметіне қарсы мордад айының жиырма сегізі күнгі америкалық-британиялық төңкерістен кейін АҚШ Конгресіндегі сорынбасары Ричард Никсонның Иран сапары туралы: «Никсон Иранға сапар шегіп, саяси жеңістің үміттендіретін нәтижесін жақыннан көреді»,- деген болатын. Бұл сөздер мордадтың 28 күнгі төңкерістен кейін Иранның саяси өзгерістері бұл елдің саяси, мәдени, экономикалық және әскери салаларындағы Американың араласуын арттыратындай жағдай қалыптастыруы керек еді. Дәл осы мәселе Иран халқының, әсіресе студенттердің ашуына себеп болды. АҚШ өзін демократия мен адам құқығының жаршысы етіп көрсеткенімен, аймақтағы диктаторлар мен кертартпа режимдерді қолдауымен танымал. АҚШ-тың Иран шаһынан бастап, Тунистегі Бен Әлиді, Мысырдағы Хосни Мүбарак пен басқа да зорлық-зомбылық жасаушы араб үкіметтерін қолдауы Иран мен араб мемлекеттерінің халықтары үшін АҚШ-тың айлакер болмысын әшкереледі. 

28-ші мордад төңкерісінен кейінгі жылдары  АҚШ-тың әскери кеңесшілері өз үкіметінің заңсыз мүдделерін қорғап, Вашингтонның саясаттарын іске асыру үшін Теһранға бет алды. Сол төңкерістен кейін шаһ «Иранды экономикалық және қаржылай талан-тараждан құтқару үшін» деген уәжбен Ақ үйге хат жолдап, Америкадан тез арада көмек көрсетуді сұрады. АҚШ-тың сол кездегі Президенті Эйзенхауер хатқа жауап ретінде Иранға 45 миллион доллар көлемінде қайтарылмайтын көмек жіберді. АҚШ-тың мақсаты Иранды толығымен билеп-төстеу болды. Негізінде шаһ режимі мен Американың қарым-қатынасы бұл тарихи кезеңнен кейін дамып, АҚШ-тың Иранға ықпал ету үшін жағдай тудырды. АҚШ пен Британия келісіп, 1953-ші жылғы төңкерісті ұйымдастырып, демократиялық жолмен сайланған Иран Премьер-министрі Мұхаммад Мосаддеқті биліктен түсіріп, абсолюттік диктатураны билік басына қайтарды. Бұл төңкеріс Ирандағы демократияны ондаған жылға кейінге қалдырды.

 

Азар айының он алтысы – АҚШ-тың жоспарын өзгерткен күн

Азар айының он алтысы күнгі оқиғадан бір күннен кейін британдық дипломат Денис Райт Иранмен қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін Теһранға келіп, ирандық қоғамдық ой-пікірдің ашуы мен наразылығына себеп болды. Қантөгістен кейін азардың 17 күні Никсонның Теһранға келуімен тұспа-тұс Иран астанасының барлық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ереуілге шықты. Никсон құрметті доктор атағын алу үшін Теһран  Университетінің Құқық және саясаттану факультетіне келген кезде басылымдардың бірі «Үш тамшы қан» деген бас мақаласында Никсонға ирандықтардың қонақжайлығы мен қонақтың алдында құрбандық шалатын рәсіміне тоқталып: «Никсон, мырза! Сіздің қадамыңыздың құрметті болғаны сондай, елдің үздік үш жасын, университет студенттерін құрбан етті»,- деп жазды.

Қазір бұл оқиғадан көп жыл өтті. Бірақ, Иран халқы өзінің жарты ғасыр бұрынғы АҚШ-тың дұшпандық саясаттарына қарсы табандылығы мен үстемшілдікке қарсы күрес тарихының ешбір парағын өшіргісі келмейді. Бұл революцияшыл қозғалыс Иранның әлемдік үстемшілдікке қарсы күресін жылдамдатты. 1979-шы жылдың ақпан айындағы революцияның жеңісіне ұластырған Иран халқының шаһ режиміне қарсы күресінің артуымен азар айының он алтысы сияқты оқиға кезінде қан төгіліп, Иран халқының үстемдікке қарсы революцияшыл күресі басталды. Революцияшыл қозғалыстар Ислам революциясының жеңісінен кейін АҚШ-тың «тыңщылық ұясын», яғни елшілігін басып алу ағымында жалғасып, Иран халқының, әсіресе студенттердің АҚШ-қа қарсы тұрып, америкалық үкіметке бұрынғыдай Иран халқын билеп-төстеуге рұқсат етпейтінін көрсетті.

 

 

Тегтер

Dec 04, 2018 18:56 Asia/Almaty
Сараптама