• «Саһанд» эсминеці – Иранның қорғаныс және стратегия салаларындағы мақтанышы

Теңіз күштерінің "Саһанд" атты ең дамыған эсминеці Иран Ислам Республикасы Теңіз күштерінің флотына қосылды.

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзади Иран Телеарнасының бірінші арнасына  берген сұхбатында "Саханд" эсминецінің жұмсақ құралдарын жасаудың Иран үшін оңай жұмыс болғанын, қазір Иранда жасалып шығарылатын жабдықтардың сапасының әлемнің үздік мемлекеттерінің жабдықтарымен бәсекелесе алатынын айтты.

«Саһанд-3», «Саһанд-4» пен «Саһанд-5-тің» жергілікті кеме ретінде елдің оңтүстік флотына қосылуы Теңіз күштерінің алыс мұхиттардағы міндеттерін орындау әлеуеттерін арттырады. «Саһанд» эсминецінің маңызды ерекшеліктерінің бірі ретінде желкенді күшінің жоғарылығын атап айту керек. Сондай-ақ,  "Саһанд" эсминецінің 150 күнге дейін қолдау көрсетуші кемелермен бірге алыстағы мұхиттар мен толқынды суларда жүзуге шамасы келеді.

Ресейдің «Спутник» ақпарат агенттігі «Саһанд» эсминецінің сипаттамалары туралы хабарлап: «Саһанд» эсминецінің шетелдік үлгілерінің бағасы 300 миллион доллардан жоғары. Иран бұл эсминецті соның үштен бір бағасынан төмен қаржымен жасады. Бұл категориялардағы  теңіз кемелері бірнеше компанияның қатысуымен 3-4 жылда салынады. Иран болса 2-3 жылда нәтижеге жетпек»,- деп жазды.

Сүңгуірлер күрделі технологияларға ие. Ирандық эсминецтің ең маңызды ерекшелігіне оның 100 пайыз жергілікті технологиялардың арқасында жасалуы жатады. Иран Ислам революциясының жетекшісі  әрі елдің бүкіл Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшыларымен кездесуінде   армияның, әсіресе Теңіз күштерінің Ислам революциясының басынан осы күнге дейінгі жетістіктерін орасан зор әрі таңқаларлық деп бағалап: "Теңіз күштерінің қазіргі буыны өздерінің бастамашылдығы мен қабілеттеріне сенеді. "Саһанд" эсминеці, "Фатих" пен "Ғадир" сүңгуір қайықтарының елдің теңіз флотына қосылуы күннен күнге дамып келе жатқан мүмкіндікті көрсетеді",- деді.

Иранның Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы дұшпандар мен бәсекелестердің ИИР-на қарсы сап түзегеніне тоқталып: "Ислам республикасы ешкімге қарсы соғыс бастамайды, бірақ өз күш-қуатын дұшпан Иранға қарсы шабуыл жасаудан қорқатындай ғана емес, тіпті Иран халқына қоқан-лоққы жасауға жүрегі дауаламайтындай арттырады»,- деді.

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Ханзади: "Парсы шығанағынан Оман теңізіне дейін біз маңызды елміз. Бұл аймақтың теңіз белсенділігіне әлемнің 36 мемлекеті қатысады. Алайда, ИИР өз бақылауындағы теңіз аймақтарының қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп отыр және ешкімге азат суларға ешбір нұқсан келтіруге рұқсат етпейді",- деп қуаттады.

Су шекараларын қорғау әр мемлекеттің ең маңызды мәселелерінің бірі саналады. Бүгінде ИИР Теңіз күштері теңіздерден өтіп, мұхиттарға жетіп, мұхитта белсенділік көрсететін күш-қуатқа ие. "Саһанд" эасминеці сияқты әскери кеме жасап шығару Иранның әлемнің теңіз өндірісінде бұрынғыдан бетер жарқырауына себеп болды.

 

Тегтер

Dec 04, 2018 20:43 Asia/Almaty
Сараптама