• Иран АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді 2

16-шы азар оқиғасы Иран халқының оянып, АҚШ-тың билеп-төстеушілігіне қарсы тұратынын, сондай-ақ, Иранның әлемдік үстемшілдікке қарсы күресінің аяқталмайтынын көрсетті. Бұл ағым Иран халқының Ислам революциясының әр кезеңінде үстемдікке қарсы тұру қажеттігінен хабардар екендігін дәлелдеді.

 

Иран халқының үстемшілдікке қарсылығы "Абанның 13 – әлемдік үстемшілдікпен күрес күні" сияқты күндерден анық байқалады. Бұл оқиғалардың әр біреуі Иран халқының өткен 50 жылдағы әлемдік үстемшілдікке қарсы тұрып, АҚШ-қа сенімсіздік білдіруінің белгісі.

Иранның бұрынғы дипломаты Сейед Хосейн Мусавиан америкалық "Al-Monitor" порталына жазған мақаласында Иранның Америкаға қатысты сенімсіздіктерінің артуының себептерін зерттеп: "АҚШ пен Батыс үкіметтері 25 жыл бойы шаһқа жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл қолдаулар Иран халқын күрделі өзгерістермен бетпе-бет келтірді. 1979-шы жылғы Иранның Ислам революциясы Батыстың Иранға деген ұстанымының нәтижесі болды. Революциядан бері АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты санкция, оқшаулау және қарсылас топтар арқылы елдің үкіметін өзгертуге бағытталды",- деп жазды.

Ислам революциясынан кейін Батыс үкіметтерінің көбі Иранмен арадағы келісімдерін біржақты түрде бұзып, Иран төлеген ондаған миллиард долларға қарамастан аяқталмаған өндірістік жобаларды тастап кетті. АҚШ-тың қастықтары мен араласушылықтары, қазіргі қоқан-лоққылары мен Иранды айыптаулары революциядан кейінгі барлық жылдардағы Ираннан үркіту мақсатында іске асырылуда. Әрбір ұстаным мен әрбір әрекеттің белгілі бір мақсатты көздейтіні анық мәселе. Дұшпанның мақсаты – басқа халықтардың әлемдік үстемшілдікке қарсы күрестерінің үлгісіне айналған Ислам республика жүйесін бағындыру.

Бүгін Трамп үкіметінің ИИР-на қатысты саясаты қоқан-лоққылар мен экономикалық санкцияларға негізделген. АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы, біржақты санкцияларын қайтадан салуы және Американың Мемлекеттік департаменті мен Қаржы министрлігінде Иранға қарсы шара ойластыратын комитет құру секілді шешімдерін осы салада бағалауға болады. АҚШ шамамен 40 жыл бойы күнделікті әртүрлі сылтауларды, соның ішінде Иран халқының адам құқығын қолдауды сылтауратып,  Иранға қарсы дұшпандығын, араласушылық әрекеттері мен санкцияларын жалғастыруда. Трамп үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы, Иранның ядролық бағдарламасы мен зымырандық қорғаныс күшін қоқан-лоққы және қауіп ретінде көрсетуі, Ирандағы адам құқығы туралы мәселені көтеруі АҚШ-тың Иранға қатысты стратегиясының негіздері саналады.

Иран халқы дұшпандарының қолынан еш нәрсе келген жоқ

Негізінде Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдардағы АҚШ-тың Иранға қатысты ұстанымы Обаманың сырт көзге өзгеше көрінген ұстанымынан басқа уақытта үнемі дұшпандық және қисынсыз болып, үстемшіл және билікқұмар саясаттарға негізделді. Ислам революциясының жетекшісі  Басидж ұйымы мен әртүрлі таптардан шыққан бұл ұйымның өкілдерімен кездесуінде ИИР-ның АҚШ халқымен еш мәселесінің жоқ екенін қуаттап: "Иран халқының мәселесі АҚШ үкіметінің зорлық-зомбылығы мен күш көрсетушілігіне қатысты»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи сондай-ақ, әлемдік үстемшілдікпен күресу күніне байланысты оқушылар және студенттермен кездесуінде: "Үстемшілдікпен күрес Ислам революциясы мен біздің халықтың арасындағы ақыл мен қисынға және ғылыми қолдауға ие ағым. Иран халқының "Америкаға өлім!" деген ұраны қисынды, күшті қолдауға ие әрі ақылға сай. Әрине "Америкаға  өлім!" деген Америка халқына өлім тілеу емес. Американың халқы да басқа халықтар сияқты. "Америкаға өлім!", яғни Американың саясаттары мен үстемшілдікке өлім тілеу. Оның мағынасы осы",- деген болатын.

Ислам революциясы жетекшісінің сан рет қуаттаған мәселесі Иранның АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы, әсіресе Сирия, Ливан мен Ирактағы билеп-төстеушілік және іріткі салу қастандықтарын заласыздандыруға негізделді. Дәл осы мәселе Американың Иранға дұшпандық білдіруінің негізгі себебі болып отыр.

 

16-шы азар – Иран халқының тарихында ұмытылмайтын оқиға

Үстемшілдікпен қарсыласып, үстемшіл елдердің зорлық-зомбылықтарына қарсы тұруды Ислам революциясының ең маңызды негіздері мен мақсаттарының бірі ретінде имам Хомейни мен аятолла Хаменеи әрқашан қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ үкіметін елдің халқынан бөліп, үстемшілдікке қарсы күрес туралы ұстанымын анық көрсетіп: «АҚШ-пен мәселе – үстемшілдікке қатысты. Өйткені, АҚШ үкіметі – үстемшіл үкімет. АҚШ-тың тәсілдері үстемшілдіккке негізделген. Біз географиялық мекен, бір  ел, адамдар мен қоғамы тұрғысынан АҚШ-пен жұмысымыз жоқ. Бұл тұрғылардан Америка да  басқа мемлекеттер сияқты. Біз америкалық үстемшілдік, зорлық-зомбылық пен артық талап етушілікке  қарсымыз»,- деп баса айтты.

АҚШ басшылары бұрынғы кезеңде де, осы кезде де Иранға соққы беру үшін кез келген әрекетті пайдаланады. Бірақ, Иран халқы АҚШ-тың қастықтарына қарсы тұрып, Ислам революциясының негіздері мен армандарына сүйеніп, әлемдік алпауыт елдердің билікқұмар саясаттарын дағдарысқа тірей алатынын көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай,  Обама АҚШ-тың темір жұдырығын барқыт қолғаптың ішінде жасырып, өзгеріс туралы сөйлеген кезде Иран халқы бұл сөздерді естіп, қуанған жоқ. Сондықтан Трамптың қазіргі қоқан-лоққылары мен сөзбен шабуылдауларынан қорықпайды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қасиетті кесенелерді қорғап, шәһидтер мен шекара шәһидтерінің отбасыларымен кездесуінде Трамп пен АҚШ-тың басқа басшыларының дұшпандық сөздеріне тоқталып: «АҚШ Президентінің бос сөздері жаңа мәселе емес. Өйткені, ислам жүйесі басынан бастап, әртүрлі қастандықпен бетпе-бет келді. Бірақ, Иран халқының дұшпандарының қолынан ешнәрсе келген жоқ»,- деді.

 

Тегтер

Dec 05, 2018 16:36 Asia/Almaty
Сараптама