• Иран АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді 4

АҚШ-тың Ислам республикасына дұшпандығы бұл мемлекеттің белгілі бір үкіметі немесе саясаткерлеріне қатысты емес. Олардың әрқайсы мүмкіндіктеріне қарай Ислам революциясы мен Ислам республикасына қарсы қастандықтарды іске асырды.

 

16-шы азар оқиғасы Иран халқының үстемшілдікке қарсы күрес тарихындағы дұшпандықтың бір көрінісі болды.

АҚШ жарты ғасырдан бері Иранға  дұшпандық білдіріп келеді

АҚШ үкіметі жарты ғасырдан астам уақыт бойы әртүрлі салалардағы өзінің бар талпыныстары мен мүмкіндіктерін Иранға қарсы тұру үшін пайдаланып, әртүрлі жобалар арқылы Иран халқын бағындыруға әрекет жасап келеді. Бүгін де өзінің мақсатына жету үшін әрекеттерін жалғастырып жатыр. Бірақ Америка еш уақытта өзінің бұл арманына жетпейді. Американың Иранға қатысты сұм мақсаттары іске аспайды.

Ислам революциясыынң жетекшісі аятолла Хаменеи жүздеген дарынды ғалым жастармен кездесуінде АҚШ-тың Иранға қарсы мақсаттарына тоқталып, АҚШ режимінің Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашы күндерден басталған дұшпандығын еске салып: «Ол кезде ядролық, зымыран немесе Иранның аймақтағы ықпалы туралы мәселелер болған жоқ. Бірақ, америкалықтар революцияның жеңісімен  «тәуелді, бай және оларға бағынышты» Ираннан айырылғандарын түсінді», - деді.  

 

«Құлату» – тәуелсіз елдерге қарсы АҚШ әрекеттерінің негізгі сөзі

Ирандағы үкіметті құлату АҚШ-тың барлық президенттерінің жұмыс кестесінде ежелден қарастырылып келе жатқан мәселе. АҚШ-тың қазіргі Трамп үкіметі де сол мақсатты көздеуде. Бірақ, Америка басшылары бұл жолы да Иранға қатысты қателесіп отырғандарын қабылдауға мәжбүр. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, олардың Иранды өз мақсаттарына жету үшін сылтауратамыз деген ойлары ақылсыздықтарының белгісі.

Трамп үкіметі өз мақсаттарына жету үшін аймақтың басып-жаншушы, қылмыскер және заңсыз режимдерімен қатынасын бұрынғыдан көбірек әшкерелеуге мәжбүр болды. АҚШ-Израиль-Сауд Арабиясы кіретін үштік – сондай қара ниеттерінің бір бөлігі.

 

АҚШ-тың Иранмен ежелгі дұшпандығы

ИИР Президенті Хасан Рухани 2018 оқу жылының басталуына арнаған сөзінде АҚШ-тың Иранға қарсы ежелгі дұшпандығына тоқталып: «Өткен 40 жылғы АҚШ тарихындағы Иран, ирандықтар мен Ислам республикасына қатысты кек қазіргі үкіметтері кезінде ғана емес, бұрыннан байқалып отырған жағдай. Бірақ қазір Ақ үйде ең жаман адамдар жиналды»,- деді.

Рухани Ақ үйдегілердің исламдық Иранға қарсы мақсаттары туралы: «Олар жұмыстарын психологиялық соғыспен бастады. Экономикалық соғыс – олардың орта кезеңдік мақсаты.

Иранның жүйесін құлату – олардың түпкі сұм мақсаты»,- деді. Америка Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бері «қатты күш» пен «жұмсақ соғысты», сондай-ақ, экономикалық қысымды Иран халқына соққы беру үшін пайдаланды.

Саддам тұтқындалған соң америкалық United Press International ақпарат агенттігі: «80-ші жылдардағы химиялық және бактериялық бағдарламалар АҚШ-тың қолдауынсыз мүмкін емес деген шындық бүгін әшкереленді» деп жазды.

АҚШ Сенатының сыртқы саясат комитетінің сол кездегі қызметкерлерінің бірі: «Біз Саддамның әрекетіне әсер еттік. Өйткені, оны өз елінің ішіндегі қырып-жою әрекеттеріне байланысты қудаланбауын өте маңызды деп сендірдік»,- деді.

Бірақ бұл әрекеттер Ислам республикасы жүйесінің беделін төмендеткен жоқ. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі Иран халқының үстемшілдікпен қарсыласуы негізінде дұшпанның барлық жоспарын бұзды. Есептеудегі қателіктері олардың Иранға қатысты дұшпандықтарын ұзаққа созғанымен бұл әрекеттер Иран халқының айбынын арттыра түсті. Сарапшылардың көзқарасы бойынша, бүгін ИИР бұрынғысынан да тұрақты. Революцияның дұшпандары осыған дейін Ислам республикасы жүйесінің шындығын өзгертуге талпынса, бүгінде шындықты жасыра алмайтындықтарын қабылдауға мәжбүр. Сондықтан 16-шы азар – революцияның жеңісіне дейінгі күнтізбедегі бір күні ғана емес. 16-шы азар – Иран халқының үстемшілдікке қарсы күресінің жеңіске жету жолындағы шындықтың белгісі. Қазіргі кезде Иран халқы өз революциясының құндылықтары мен мақсаттарынан артқа шегінбеуімен қатар революциялық құндылықтарына бұрығыдан бетер табанды.

Политология пәнінің ұстазы Арнольд Оливер: «АҚШ-тың Иранға қатысты әрекеттері туралы ұлттық қисынды дискуссия қажет. Дискуссияны бастау үшін 1953-ші жылдағы төңкерістен кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғалар мен олардың салдарларына шолу жасау керек. Сол оқиғаларды әділ бағалау Иран халқының АҚШ басшыларына неліктен жиіркеніш білдіретінін көрсетеді»,- деді.

Шын мәнінде, 16-шы азар оқиғасын осы тұрғыдан қарастыру қажет. Бұл оқиға Иран халқының  еш уақытта АҚШ-тың араласу әрекеттері мен билікқұмарлығына баығнбайтынын дәлелдеді.

 

Тегтер

Dec 07, 2018 03:07 Asia/Almaty
Сараптама