Jan 10, 2019 12:31 Asia/Almaty
  • Коалициялық кабинетінің құлдырауымен Нетаньяхудың саяси болашағы бұлыңғырлана түсті

2017-ші жылды АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдс қаласын Израильдің астанасы ретінде жариялау шешімімен аяқтап, 2018-ші жыл өзі мен Израиль үшін ерекше саяси жыл болады деп үміттенген Бениямин Нетаньяху 2018-ші жылды коалициялық үкіметінің тарауымен аяқтады.

Израиль армиясы 2018-ші жылдың қараша айында Газаға қарсы тағы соғыс ашты. Бірақ, бұл соғыс тек екі күнге ғана созылды. Израильдің Газаға қарсы 2008-ші жылғы соғысы 22 күннен кейін, 2012-ші жылғы соғысы 8 күннен кейін, 2014-ші жылғы соғысы 51 күннен кейін аяқталған болатын. Алайда, 2018-ші жылдың қараша айындағы соғыс екі күннен кейін атысты тоқтату келісімімен аяқталды. Израильдік коалициялық кабинетінің тарауы осы екі күндік соғыспен басталды.

Газамен атысты тоқтату келісімі нәтижелерінің бірі Нетаньяху кабинетінің Соғыс министрі әрі "Біздің үй – Израиль" партиясының төрағасы Авигдор Либерманның отставкаға кетуі болды. Либерманның өз міндетінен кетуі коалициялық кабинетті көпшілік дауыстан айырды. Нетаньяхудың коалициясы Кнессеттің 120 дауысының 61-не ие болды. Кабинетте 8 орынға ие "Біздің үй – Израиль" партиясының шегінуімен іс жүзінде Нетаньяхудың кабинеті тарады. Негізінде екі күндік соғыс және исламдық джихадпен атысты тоқтату туралы келісім коалициялық кабинеттің екі полюстік, яғни атысты тоқтатуды қолдайтындар мен оның қарсыластарына бөлініп, нәтижесінде коалициялық кабинеттің тарауына жеткізді. Сионистік стратегиялар институтының басшысы Йоаз Гендель: "Газа атауы естілген кезде Нетаньяхудың беделі төмендейді",- деді.

Израильдің қазіргі кабинеті – оңшыл партиялардан құрылған коалициялық кабинет. Бұл кабинетте ең көп дауысқа ие «Ликуд» партиясы 2015-ші жылғы сайлауда Кнессеттің ең көп орнына ие бола алмай, кабинет құрған кезде басқа оңшыл партиялармен коалиция құруға мәжбүр болды. Негізінде, коалиция – Израиль кабинеттерінің болмысы. Кабинеттің коалициялық болуы Израиль кабинеттерінің, әсіресе Нетаньяху кабинетінің көптеген ішкі қайшылықтарымен бетпе-бет келуіне себеп  болды.

Мәселен, "Біздің үй – Израиль" және "Еш Атид" партиялары Нетаньяхудың «Ликуд» партиясымен армияға экстремистік ортодокс еврейлерді алу заңын бекіту секілді кейбір мәселелер бойынша бір-бірімен пікір қайшылығына ие. Либерманның кетуімен қайшылықтар одан сайын арта түсті. Қалай болғанда да экстремистік ортодокс еврейлерді шақыру кейбір партиялардың «Ликуд» партиясы мен Нетаньяхудың өзіне қарсылық білдіру үшін сылтауға айналды. Нетаньяху коалициялық кабинетінің оппозициялық басшылары бұл туралы: "Ортодокстарға қатысты заң болса да, болмаса да, біз Нетаньяхуды қаламаймыз. Ол кетуі керек. Израильде қауіпсіздік пен деморкатия жоқ. Күнделікті тұрмысқа қажет нәрселер қымбат",- деді.

Бениямин Нетаньяху басып алынған жерлерде ішкі саяси және халықтық қарсылықтармен бетпе-бет келуімен бірге сыйбайластық жемқорлық  бойынша бірнеше іспен де басы дауда қалып отыр. Нетаньяху өзінің премьер-министрлігінің бірінші күні сотта жемқорлық айыптан ақталғанымен қазір оған қарсы төрт іс ашылды. Нетаньяху мен әйелі Сара «1000» деген іс бойынша қымбат сыйлықтар алғаны үшін айыпталып жатыр.  Нетаньяху «2000» деп аталған іске қатысты «Едиот ахронот» газетінің баспагері Арнон Мозеспен бірлесіп, «Израиль әл-Яум» газетіне қарсы шектеулер енгізу кезінде оны қолдайтын ақпарат таратуға келісті деп айыпталуда. Израиль полициясы «1000» деген істе Нетаньяхуды шамамен 200000 доллар алды деп айыптады. «3000» деп аталған іс пара алып, Германиядан сүңгуір қайық сатып алуға, «4000» деген іс Коммуникация министрлігіндегі заңбұзушылық пен «Базак» компаниясына қатысты. Нетаньяху 2016-шы жылдың желтоқсан айынан бері аталмыш жемқорлық істерге қатысты полицияның тергеуіне түсіп, әйелі екеуінің жемқорлық істері басып алынған жерлердегі көптеген халықтық шерулерге себеп болды. Бұл жағдайлар Нетаньяхуды қысымдармен бетпе-бет келтірді. Сондықтан қысымдардан арылу үшін Нетаньяху мерзімінен жылдам сайлау өткізуге шешім қабылдады. Нетаньяхудың төтенше сайлау өткізуінің мақсаты өзінің жеке мүдделерін ілгерілетіп, бұзақылыққа қатысты соттың шешімінен бұрын халықтың өзі мен «Ликуд» партиясын халықтың сеніміне ие деп көрсетпек. Сондай-ақ, соттың шешім қабылдауынан бұрын шешім қабылдауға кедергі жасап, жаңа коалициялық кабинет құруды көздеп отыр. Израильдің мерзімінен бұрынғы парламенттік сайлауын 2019-шы жылдың сәуір айының 9-да өткізу жоспарланып отыр. Бұл өткен төрт жылдағы басып алынған жерлердегі екінші төтенше сайлау болады. 2015-ші жылғы парламенттік сайлау негізінде 2016-шы жылы өтуі керек болған. Бұл жолы да парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өткізіліп, Израильдің 21-ші Кнессеті белгіленген уақыттан бұрын құрылады.

Бүгінде Израильден іс жүзінде 4 топ саяси ойыншыны кездестіруге болады. Бұл төрт топқа «Жұмыс» партиясы мен оның жақтастары, «Ликуд» партиясы мен оның жақтастары, «Батыс пен Шығыстың діни партиялары» мен «Араб партиялары» коалициясы кіреді. Алдағы сайлауда оңшыл партиялар тағы жеңіске жетіп, оңшыл партиялар арасында бәсекелестік болады деген болжамдар айтылуда. Осы туралы сионистік «Таймс оф Израиль» газетінің порталы «Біздің үй – Израиль» партиясының басшысы әрі Нетаньяху кабинетінің Білім  министрі Нафтали Беннет пен басқыншы режимнің Әділет министрі Айелет Шакед және осы партияның негізгі мүшелері өз партиясынан шығып, «Жаңа оңшылдар» деп аталатын жаңа партия құратындарын жариялағаны жазды.

Деректер «Ликуд» партиясының қазіргі 30 орнынан да аз болатынын көрсетеді.  Қалай болғанда да «Ликуд» партиясы Израиль Парламентінің ең үлкен партиясы болып қалады. Бірақ, Нетаньяху Израильдің премьер-министрі болмауы мүмкін. Қазіргі кезде израильдік партиялардың арасында «Ликуд» партиясын сынаушылар оның төрағасы Бениямин Нетаньхуды сынайды.  

Бениямин Нетаньяху осы уақытқа дейін екі кезең Израильдің премьер-министрі болды. Бірінші рет 1996-1999-шы жылдарға сәйкес келді.  Нетаньяху 2009-шы жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін Израильдің премьер-министрі міндетін атқарып келеді. 2019-шы жылдың сәуірі айында оның бұл міндетті атқарып келе жатқанына 10 жылдан асады. Сыншылардың пікірі бойынша бұл демократиялық негіздерге қайшы.

Израильдің 12-ші телеарнасының 2018-ші жылдың желтоқсан айында өткізген жаңа сауалнамасы сионистердің 52 пайызының Нетаньяхудың бұл режимнің жаңа премьер-министрі болуын қаламайтынын көрсетті. Сондықтан, тіпті 2019-шы жылдың сәуір айындағы сайлауда «Ликуд» партиясы жеңіске жетсе де, бұл партия өз ішінен премьер-министр ретінде Нетаньяхудан басқа адамды ұсынады деген болжаумадар айтылуда. 2019-шы жылдың сәуір айындағы парламенттік сайлаудан кейінгі саяси бәсекелестік Нетаньяхудың саяси келешегін, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы саяси жүйеге әсерін тигізетін келешекті көрсетіп, «Трамп-Нетаньяху-бен Салман» деген арсыз үштік одағының жойылатындығына күмән тумайды.

 

 

 

 

 

Сараптама