Sep 08, 2019 21:05 Asia/Almaty
  • Тасуа – махаббат пен жанкештіліктің көрінісі

Тасуа күні – имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерінің өздерін теңсіз, бірақ тарихи шайқасқа дайындаған күн.

Тасуа – мұхаррам айының тоғызыншы күні. Тасуа – Исламның ұлық пайғамбарының немересі әрі шиіттердің үшінші имамы хазірет Хұсейн (ғ.с) мен адал серіктерінің соңғы күні. Бұл күн Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті үшін өте қиын өтіп, қайғылы болғанына байланысты "Хұсейннің тасуа күні" деп аталды. Имам Садық (ғ.с.):  "Тасуа – Хұсейн (ғ.с.) мен серіктері Кербалада қоршауға алынып, Шам әскері оларға қарсы шықты. Ибн Зиад пен Умар Саад атқа мінген сарбаздардың жиналғандарына қуанды. Олар имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерінің күш-қуатынын жетпейтіні мен оларға ешкімнің көмекке келмейтіні және ирактықтардың қолдамайтындарына сенімді болды. Шиіттер бұл күнді имам Хұсейннің (ғ.с.) бауыры хазірет Абу әл-Фазыл Аббаспен байланыстырып,  Ашура күні сынды ерекше көңіл бөліп, аза тұтады.

Мұхаррам айының тоғызыншы күні Кербала даласы тарихта мәңгі қалған оқиғаның куәсі болды. Бұл күні адасқан әрі билік пен байлық туралы ғана ойлаған 30000 адам өз қолдарымен үлкен қылмысты іске асырып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) ең сүйікті адамдардың бірі, яғни хазіреттің немересінің қаның төгуге асықты. Оларға қарсы жақта сандары аз болғанымен азат, өз нәпсілерін билейтін, ақылды әрі қырағы, пәк имам Хұсейн (ғ.с.) болды. Өліммен бетпе-бет келгендеріне қарамастан, имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерінің жүректері үміт пен махаббатқа толы болды.   Шемр бен Зей әл-Джушан   Кербалаға    өзімен 4000 сарбазды ертіп әкелді.    Шемрдің Кербалаға   Куфе басшысы Абдолла бен Зиядтың  Умар бен Саадқа имам Хұсейнді Язидке бағынуға мәжбүрлеуді немесе хазіретпен күресуді бұйырған хатын жеткізді.  Сондай-ақ, Ибн Зияд Умар бен Саадқа: «Егер бұл бұйрықты орындай алмасаң, әскердің қолбасшылығын Шемр бен Зей әл-Джушанға тапсыр»,- деп қоқан-лоққы көрсетті. Умар бен Саад хатты оқып, Шемрге: "Әскерді саған тапсырмаймын. Мен сені әскер басшысы болуға лайықты деп санамаймын, мен бұл істі өзім аяқтаймын. Сен жяу әскердің басшысы бол",- деді.  Шемр Умар бен Саадқа жазылған Ибн Зиадтың хатын одан алып, ағасының баласы Абдолла бен Аби әл-Махалмен бірге Убайдолладан апаларының перзенттері үшін олардың аман қалатындары труалы хат сұрады. Убайдолла олардың сұранысын қабылдады.  Шемр өзінің сұм мақсатына жету үшін хазірет Абу әл-Фазл мен оның үш бауырына қатысты хат алып, олардың аналарымен бір елде  болуын пайдаланып, оларды өз жағына тартпақ болды. Бірақ, Шемр хазірет Аббасты шақырған кезде имам Хусейн (ғ.с.) одан Шемрге баруды сұрағанға дейін тіпті жауап та бермеді. Хазірет Аббас пен бауырлары олардың аман қалуына кепілдік беретін хат пен  олардан   имамнан кетуді талап еткен шақыру туралы хабардар болған кезде ызаланып: «Алла сені мен сенің қамқорлығыңды лағынет етсін.  Біз аман қалып, пайғамбардың (с.ғ.с.) қызының баласы аман қалмасын дейсіңдер ме?!» - деп жауап берді. Бұл қатаң жауап Шемрдің жобасын  сәтсіздікке ұшыратып, оны хазірет Аббас пен имам Хұсейн (ғ.с.)-ның арасында қайшылық тудырудан үмітсіздендірді. Шемр хазірет Аббастың бауырына адал екенін, бұл екі ағайындының арасында ажырамас байланыстың бар екенін түсінді.

Ұлы Алла Құран Кәрімде мүмін пенделерін өз міндеттемелеріне табанды болуға шақырады. Алла Тағала «Раад» сүресінің 20-шы аятында шындық талап етуші кемеңгерлердің ерекшеліктеріне тоқталып, уәде мен келісімге табанды болуды қуаттап:  «Олар, сондай Алланың уәдесін орындағандар әрі серттерін бұзбағандар»,- деді. Сондай-ақ Ұлы Жаратушы «Мәиде» сүресінің 1-ші аятында мүміндерді: «Әй мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар»,- деп, келісімге табанды болуға шақырды. Тарих келісім бойынша амал етуді құрметтейтін тұлғаларды еске салады. Әрине имам Хұсейннің ( ғ.с.) серіктері пәк имадардың үздік сахабалары саналады. Бұл ададмар илаһи үлкен сынақтан енселерін биік көтеріп өтіп, өз міндеттерін жақсы орындады. Кербала ерлігін көрсеткендердің ең басты қасиеттері имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің армандарына табанды болулары болды. Олар ең қиын жағдайда имаммен бекіткен келісімдерін бұзбады. Имамның серіктері мен жақындарының арасында хазірет Аббас ерекше орынға ие. Хазірет Аббастың есімі әрқашан батылдық және адалдық деген қадір-қасиеттермен бірге еске алынады. Хазірет Абу әл-Фазл Алланың алдындағы уәдесіне табанды болып, бұл жолда жаның қиды.

Хазірет Аббастың кесенесі

Мұхаррам айының тоғызыншы күні Кербала даласында Умар бен Саад әскерінің іс-қимылы артып, ол өзін имам Хұсейнге (ғ.с.) қарсы соғысқа дайындады. Шатырлардың алдында тұрған имам Хұсейн (ғ.с.) дұшпанның шабуыл жасайтыны туралы хабарды ести салысымен хазірет Аббасқа: «Егер мүмкін болса, оларды соғысты ертеңге қалдыруға көндір. Бүгін түнде бізге Алламен сырласып, намаз оқып, өткізуге мұрсат берсін. Алла менің намаз оқып, Оның кітабын оқығанды жақсы көретінімді біледі»,- деді.  Хазірет Аббас дұшпандарға қарай аттанып, соғысты Ашура күніне шегіндіре алды.

Түн батты. Түннің үнсіздігінде имам Хұсейнннің (ғ.с.) жүрекке қонымды дауысы естіліп, хазірет серіктерін жинап:   «Сендер шешім қабылдауға еркінсіндер, егер кеткілерің келсе, қараңғылықты пайдаланып, бұл жерден кетіңдер. Бұл әскер мені нысанаға алуда. Егер қолдары маған жетсе, басқалармен ісі жоқ»,- деді. Имамның бауыры хазірет Аббас табандылығын жариялады. Содан соң көздері жасаураған хазіреттің адал серіктері бір-бірлеп, қасына келіп: «Аллмен ант етеміз, еш уақытта қайтпаймыз»,- деді. Имам Хұсейн (ғ.с.): «Ертең барлығымыз өлеміз, ешкім құтқарылмайды»,- деп қуаттады. Сол кезде серіктері: «Өзіңнің жолыңда шәһид болуға рұқсат еткен Алланы мадақтаймыз»,- деді. имам Хұсейннің (ғ.с.) бауырлары мен жақындары қасына келіп: «Уа, Пайғамбардың перзенті, егер бұл жерде сізді жалғыз қалдырсақ, халыққа не дейміз? Ағамыз, басшымыз және теңдессіз жаартылысты дұшпанның арасында қалдырдық деп айтамыз ба?»- деді. Содан соң Мүслім бен Аусаджа: «Алламен ант етемін, қасынан кетпейміз. Алла Тағала Пайғамбарыңың өзің туралы айтқанын ұмытпағанымызды көрсін» және Зухайр бен Қейн: «Уа, Пайғамбардың перзенті, өзіңнің қасында мың рет өліп, қайта тіріліп, содан соң қайта өлуді, сөйтіп Алланың менің өлімім арқылы өзің мен әулетіңді құтқарып қалуын армандаймын»,- деп жалғастырды. 

Бұл түні Кербала даласы имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерінің айбыны мен иманының куәсі болды. Бүкіл жерде олардың мүнәжәттары және Алламен сырласуларының дауысы естілді. Алла жолында шәһид болуды таңдау имамның серіктерінің арасында ерекше көңіл-күйді тудырып, олар өздерін теңсіз, бірақ тарих тағыдырын шешетін соғысқа дайындалды. Олар өз ерлігімен Исламды мәңгі етті.

Имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктерінің шәһид болған күніне көңіл айтамыз.

Хазірет Аббастың кесенесінде аза рәсімдер өтуде

 

 

Тегтер

Сараптама