Sep 10, 2019 12:41 Asia/Almaty
  • Ашурада имам Хұсейнмен (ғ.с.) бірге

Сәлем саған уа, Хұсейн! Уа, Алла елшісінің пәк перзенті! Саған және сен үшін жандарын қиған пәк адамдарға - сәлем!

Тарих әрқашан шындық пен жалғандықтың бетпе-бет келуінің куәсі болды. Бұл қайшылықтардың бір жағында илаһи пайғамбарлар мен әділетті талап етушілер, басқа жағында залымдар, надандар мен адасқандар. Хазірет Ибрахим Намрудке, хазірет Мұса Перғауынға және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) құрайыш дінсіздеріне қарсы. Жалғасында имам Хұсейн (ғ.с.) мен санаулы серіктері аптап ыстық шөл далада бақайшағына дейін қаруланған дұшпанның қоршауына түсіп, теңсіз шайқаста шындық пен әділетті қорғады.

Ашура күні ерекше көңіл-күймен басталды. Имам Хұсейн (ғ.с.) 72 адал серігімен Кербала даласында Саад әскерін бақылап тұрды. Умар Саад қызыл және қара байрақтарының орындарын ауыстырып және найзаларын көрсетіп, Аллаға ғашық ададмарды қорқытқысы келді. Бірақ нәтижеге жетпей, соғысты бастауды бұйырды. Имам Хұсейн (ғ.с.) дұшпанның әскерилерінің алдына шығып: «Уа, халық! Менің сөзімді естіп тұрсындар ма! Менің кім екенімді білесіндер ме? Амалдарың туралы ойланыңдар. Мені өлтіру сіздер үшін лайықты ма? Менің қадір-қасиетіме нұқсан келтіру сіздерге рұқсат етілді ме? Мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызының ұлы емеспін бе? Мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) орынбасары әрі Алла елшісіне бірінші мүмін ретінде қосылған хазіреттің көкесінің перзенті емеспін бе? Алла елшісінің мен және менің ағам туралы «бұл екеуі жәннәт шәһидтерінің көшбасшылары» деген сөздерін естімедіңдер ме?

Алламен ант етемін, Шығыс пен Батыстың арасында, сендердің араларыңда немесе басқа жерде менен басқа Пайғамбардың қызының ұлы жоқ. Мен сендерге өкініштімін. Сендер кек алатындай, мен сендердің араларыннан біреуді өлтірдім бе? Әлде біреудің мүлкін тартып алдым ба, жарақаттадым ба? Олардың ешбіреуі жауап бермеді. Има Хұсейн (ғ.с.): «Аллмен ант етемін, Мен қорлықты қабыладмаймын және құлдар сынды зұлымдықтың астында өмір сүрмеймін. Уа, Алланың пенделері! Мен Жаратушымды пана тұтамын»,- деп қосты.  

Ашура күнінің зуһр кезеңі. Имам Хұсейннің (ғ.с.) өмірінің тек бірнеше сағат қалды. Имамның серіктері майданға шығып, имам Хұсейннің (ғ.с.) рухындағы адамгершілік пен азаттықты қорғады. Олардың әр біреуі «бірнеше жанымыз болып, Алла елшісінің перзенті жолында құрбан ететін едік» деп ойлады. Зуһр кезінде имам Хұсейн (ғ.с.)  намаз оқу үшін дұшпаннан соғысты бір мезгілге тоқтатуды сұрады. Дұшпан қабылдамады, бірақ имам дұшпанның садақтарына қарамастан намазды бастады. Екі серігі имамды қорғап тұрды. Имамның намаз кезіндегі айбыны серіктерінің көзжастарына себеп болды. Олар соғыс кезінде намазға тұрған және «біз намаз үшін соғысамыз» деген имамның әкесі хазірет Әлиді  (ғ.с.) көргендей болды.

Әдемі ержүрек жігіт шайқасқа шығуға рұқсат сұрады. Бұл жігіт имам Хұсейннің (ғ.с.) тұңғыш перзенті – хазірет Әли Акбар. Ол Ашура күні Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің басқа мүшелерінен бұрын шайқасқа шығуға рұқсат сұрайды. Ол әкесімен қоштасқан кезде, имам Хұсейн бен Әли (ғ.с.): «Уа, Алла, қазір бұл топқа қарай түрі мен сөзі Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұқсас жігіт шығады. Біз Пайғамбарды есімізге алған кезде, осы балаға қарайтын едік»,- деді. хазірет Әли Акбар дұшпанның алдына шығып: «Мен Әли Акбар – Хұсейн бен Әлидің ұлымын. Алламен ант етемін, надан адам бізді басқармайды. Найзам майысып, қылышым сынғанша сендермен шайқасамын»,- деді. Содан соң майданға шықты. Шөлден шаршағынана қарамастан дұшпанның көбін өлтірді. Барша таңғалды. Ол бір шамалы уақытқа шатырларға келіп, соғыс майданына қайтып оралды. Сол кезде бірнеше адам жасырын жерден оған шабуыл жасады. Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұқсас имам Хұсейннің (ғ.с.) сүйікті перзенті Әли Акбар жерге құлады. Ол шәһид болды.

Имамның серіктері бірінен соң бірі маңйданға шығып, ержүректілігі көрсетіп, шәһид болды. Имам Хұсейн (ғ.с.) олардың өмірлерінің соңғы сәттерінде қастарына жақындаған кезде, олар: «Уа, Алла елшісінің перзенті жанкештілік міндетімізді орындадық па?»- деп сұрайтын. Имам жауабы ретінде олардың бастарын сипайтын.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) барлық серіктері шәһид болып, хазірет олар мен перзенттерінің шәһид болғандарын көрген соң, майданға өзі шығу шешім қабылдады. Бірақ майданға шығардан бұрын шатырлардың қасына барып, хазірет Зейнабқа: «Сәби баламды (Әли Асғарды) маған бер, онымен қоштасайын»,- деді. Хазірет сәбиін құшақтады. Сол кезде хазірет Зейнаб: «Баурым! Бала біраздан бері су ішпеді. Алдындағы әскерден бала үшін шамалы су сұрайсын ба»,- деді. Имам Хұсейн (ғ.с.) сәби баланы алып, дұшпанның әскерінің алдына шығып: «Мыңа балаға рақым білдіріңдер, шөлден ауызын әзер ашып-жауып тұрғанын көрдіндер ме?!» Имам сөзін аяқтамастан бұрын Хармале бен Кахели Асади Умар Саадтың нұсқауымен Әли Асғардың нәзік тамағын садақпен нысанаға алды. Садақ сәбидің тамағына қадалды. Имам Хұсейн (ғ.с.) жылап, Аллаға: «Уа, Алла! Өзің біз бен мыңа жамағаттың арамызға төрелік ет. Олар көмектесеміз деп бізді шақырды, бірақ бізді өлтіруді көздеді»,- деді. Имам Хұсейн (ғ.с.) сәби шәһидтің қаның қолына толтырып, аспанға қарай шашып: «Менің басыма түскен әр қиындыққа төзу мен үшін оңай, өйткені Алланың көзінің алдында»,- деді. Хазірет атынан жерге түсіп, қылышымен жерді қазып, шәһидті жерледі.

Жарты күн өтті. Кербала жерінде қан төгілді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) мүнәжәтінің дауысы естілді: «Өзіңнің тағдырыңның алдында сабыр сақтаймын. Уа, Алла Өзіңнен басқа Құай жоқ. Уа, өтініш білдірушілерді естуші, мен үшін Өзіңнен басқа Жаратушы жоқ. Уа, соңы жоқ, мәңгі Жаратушы. Уа, өлгендерді тірілтуші. Әр адамды ісіне қарай бағалаушы, мені мен мыңа халықтың арасына төрелік ет. Сен ең жақсы төрешісін». Ашура зуһры өтті, үлкен апат орын алды. Алла елшісінің (с.ғ.с.) немересі имам Хұсейннің (ғ.с.) басы кесіліп, дұшпан найзаларының ұшына көтерді. Бірақ дұшпанның мастануы аяқталмастан бұрын имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерінің қанынан азаттық көшеті өсіп, тарихтағы бүкіл азаттық талап етуші қозғалыстардың қайнары болған үлкен қозғалыс қалыптасты. Сөйтіп, имам Хұсейн (ғ.с.)  мен қасиетті жолы адамзат, бүкіл ғасырлар мен бүкіл нәсілдер үшін мәңгі үлгіге айналды.

Сәлем саған Хұсейн! Алла елшісінің пәк перзентіне – сәлем! Саған және сен үшін жандарын қиған пәк азаматтарға – сәлем!

 

Тегтер

Сараптама