• Иса Мәсіхтің (ғ.с.) Құран Кәрімдегі бейнесі (4)

Хазірет Исаның ізбасарларының көбісі хазіреттің ғажайып мұғжизаларын оның Құдай болуының белгісі санап, хазіретті «Құдай» деп атады. Құран мен Иса (ғ.с.) арасындағы  көркем сұхбатта бұл мәселенің себептері қарастырылып, хазірет сыйынуды тек бір Құдайға ғана лайық санайтынын айтады.

 Хазірет Иса (ғ.с.) аспандық жетекшіні қажет еткен тынышсыз әрі тұрақсыз заманда пайда болып, адамдарды тақуалыққа, Құдайға сыйынуға және ақиқатты іздеуге шақырды. Ол бүкіл болмысы мұғжизалардан қалыптасқан пайғамбар болды, тіпті оның осы әлемдегі өмірі де мұғжизамен аяқталды. Иса (ғ.с.) науқастар мен анадан зағип боп туғандарды емдеп, өлілерді тірілтіп, саздан құс жасап оған жан бітірді. Адамзатқа бейбітшілік пен руханият сыйлау – хазіреттің ең үлкен мұғжизаларының бірі.

 

Хазірет Исаның ізбасарларының көбісі хазіреттің ғажайып мұғжизаларын оның Құдай болуының белгісі санап, хазіретті «Құдай» деп атады. Құран мен Иса (ғ.с.) арасындағы  көркем сұхбатта бұл мәселенің себептері қарастырылып, хазірет сыйынуды тек бір Құдайға ғана лайық санайтынын айтады: «(Сол уақытта) Алла: «Әй, Мәриәм ұлы Ғиса! Адамдарға Алланы қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?»,- дейді. (Ғиса Ғ.С.): «Әй, Алла! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен оны анық білесің. Сондай-ақ, менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көмектерді толық білушісің» дейді. Оларға Сен маған бұйырғанды ғана «Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің әрі сендердің Раббыларың» дегеннен басқаны айтпадым. Олардың ішінде болғанымда оларға байқаушы болдым. Сен мені алған шақта оларға өзін бақылаушысың. Негізінде Сен әр нәрсені толық білушісің» (Маида сүресі, 116-117аяттар)

Dec 31, 2017 12:06 Asia/Almaty
Сараптама