•  Иса Мәсіхтің (ғ.с.) Құрандағы бейнесі (5)

Алла Тағала Құран Кәрімде хазірет Мәсіхті жақсы ахлақтың көрнекті үлгілерінің бірі ретінде атап, оның көркем қасиеттерін азат әрі иманды адамның өз өміріне енгізіп, өз болмысында қалыптастыруы үшін лайықты екенін айтады.

Мәсіх келіп, адамзатқа нұр, достық, мейірімділік пен адалдықты тарту етті. Оның жылы алақаны барлық мұқтаж әрі кедей адамдарды аялады. Хазірет адамдардың арасындағы өмірінің барлық сәтінде жамандықпен күресуге және жақсылыққа шақырудан аянбады.

Алла Тағала Құран Кәрімде хазірет Мәсіхті жақсы ахлақтың көрнекті үлгілерінің бірі ретінде атап, оның көркем қасиеттерін азат әрі иманды адамның өз өміріне енгізіп, өз болмысында қалыптастыруы үшін лайықты екенін айтады.

Ата-ананы құрметтеу және өмірде зұлымдық пен қатыгездіктен аулақ болу – Алла Тағала тарапынан пенделерге баяндалған Исаның өзіндік ерекшеліктері. Жаратушы оны барлық адамдардың өздерінің жеке бастық және қоғамдық өмірде сіңіруі қажет маңызды ерекшеліктер деп атап: «Сондай-ақ, мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды. Мені шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады» деді. (Мәриәм сүресі, 31-32 аяттар)

Мәсіх Құранда осы әлем мен ақыреттегі беделді тұлғалардың әрі Аллаға жақын адамдардың бірі ретінде аталады. Ол басқаларға деген сүйіспеншілік мен мейірімділік үндеуін күллі адамзатқа жолдап, әділдіктің орнауы мен зұлымдықтың жойылуына жол көрсетті. Оның тағылымдарынан былай деп оқимыз: «Шынымен, сіздерге айтамын: егер бір бөлме өртенетін болса, ол өрт бір бөлмеден екінші бөлмені шарпиды. Осылайша көпн бөлме өртенеді. Алайда, өртті бірінші бөлмеде сөндірсе, өрттің ізі қалмайды. Алғашқы зұлым адамның да жағдайы осылай болады. Егер оның алдын алса, одан кейін зұлымдық жасайтын адамдар болмайды. Себебі, басқалар одан ғибрат алады. Дәл солай сияқты, егер от бірінші бөлмеден ағаш немесе тақтай сияқты жанатын зат таппаса, басқа еш нәрсені өртей алмайды».

Dec 31, 2017 12:10 Asia/Almaty
Сараптама