Sep 17, 2019 13:03 Asia/Almaty
  • Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту – бұл келісімді сақтап қалу саласындағы қадам

ИИР Президенті дүйсенбіде Ресей Президенті Владимир Путинмен Сирия жөнінде өткен Иран, Ресей және Түркия Президенттерінің бесінші саммитінің аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуын бұл келісімді және оның басқа мүшелерінің міндеттемелерін сақтап қалу саласындағы қадам екенін қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметенше Хасан Рухани бұл кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының халықаралық маңызды келісімдердің бірі болғанына тоқталып: «ИИР басқа тараптар өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелерін қайтаруға дайын»,- деді. Рухани АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығуын еске салып: «Басқа тараптар, әсіресе Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға маңызды рөл атқара алады»,- деп қосты.

Ресей Президенті де бұл кездесуде Мәскеудің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу ұстанымын және бұл салада талпыныс жасайтынын қуаттады. Владимир Путин Иранның аймақтағы маңызды рөліне тоқталып: «ИИР аймақ мәселелері, әсіресе Сирия дағдарысын шешу рөлі оң әрі өте маңызды болды»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама