Sep 17, 2019 14:52 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-пен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың келіссөз жөніндегі тақырыпты қайта көтеруіне байланысты: «Ислам республикасының барлық басшыларының ортақ пікірінше, АҚШ-пен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді»,- деп қуаттады.

 

Аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбіде діни оқу орындарының  оқу жылының басталуына байланысты фикх сабағының басында америкалықтардың келіссөз жүргізу мақсатының өз қалауларын қабылдату және Иранға мейілінше қысым жасаудың әсерлі болуын дәлелдеу екеніне тоқталып: «Иран халқына қарсы мейілінше қысымды арттыру саясаттың ешбір құны жоқ»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі америкалық басшылардың келіссөз туралы әртүрлі ұстанымдарына назар аудартып: «Кейде ешбір шартсыз келісөз, кейде 12 шарты бар келіссөз туралы айтады. Бұл сөздер олардың тұрақсыз саясатын білдіреді немесе екінші тарапты шатастыруды көздейді. Олар Ислам республикасын адастыра алмайды, өйткені біздің жолымыз – анық. Біз не істеп жатқанымызды білеміз. Олар мұндай келіссөздерін олар үшін сауынды сиыр сынды амал ететіндерге ұсынсың. Ислам республикасы – мүміндер, Алланың мұсылмандары және ғиззат республикасы. АҚШ сөздерін қайтып алып, тәубе етіп, өздері бұзған ядролық келісімге оралған жағдайда, Иранмен келісімге келіп, сұхбаттасатын елдер қатарына қосыла алады. Өзгеше жағдайда Ислам республикасы мен америкалық басшылар арасында ешбір деңгейде Нью-Йоркте болсын, басқа жерде ешбір келіссөз жүргізілмейді»,- деп баса айтты.

 

Тегтер

Сараптама