Sep 18, 2019 17:04 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Арбағин шеруі күннен күнге  жаһандануда

Ислам революциясы жетекшісі Арбағин шеруінің күннен күнге жаһандануын қуаттап: "Имам Хұсейннің (ғ.с.) қисыны мен жолдауы дүниежүзін күпірлік пен үстемдік күштері билігінен құтқарады",- деді.

 

Аятолла Хаменеи сәрсенбіде ирактықтардың мейманшылығы мен Арбағин шеруі зиаратшыларына қызмет етулеріне алғысын айтып, бұл шеруді имам Хұсейнді (ғ.с.) көбірек  таныстыруға және жаң исламдық өркениет құруға жағдай тудыратын теңдессіз әлемдік тақырып деп біліп: "Имам Хұсейн (ғ.с.) тек шиіттерге ғана емес, бүкіл исламдық мазхабтарға, адамгершілікке қатысты. Сондықтан мұсылман еместер де Арбағин шеруіне қатысады. Егер Батыс Азия мен Солтүстік Африка елдерінің көптеген әлеуеттері бір-біріне қосылып, іс жүзінде қолданылса, илаһи ғиззат пен  исламдық өркениеттің шынайы жүзі әлемдіктер үшін анық көрінетін болады",- деп қосты.

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың Иран халқына қарсы 40 жылғы қастықтары, қоқан-лоққылары мен санкцияларына тоқталып: "Бүкіл қастықтарға қарамастан ИИР нәзік көшеттен күн сайын жемістері артып жатқан мықты ағашқа айналды",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи соңында АҚШ пен сионистік режимге өлім тілейтін ұрандар жөнінде: "Илаһи көмекпен келешекте бұл ұрандардағы тілеулер орындалып, исламдық үмбет дұшпандарын жеңеді",- деп қуаттады.

 

Тегтер

Сараптама