Sep 22, 2019 13:26 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иранның Қарулы күштері Парсы шығанағымен ойнауға рұқсат бермейді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Елдің Қарулы күштері Парсы шығанағымен ойнауға рұқсат бермейді, өйткені Ормуз бұғазының қауіпсіздігі әлемдегі бүкіл өткелдердің қауіпсіздігімен бірдей»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні елдің оңтүстігіндегі Бандар-Аббаста Иран Қарулы күштерінің әскери шеруінде: «Елдің Қарулы күштері Ирак пен Сирия халықтарын қолдау арқылы аймақта ДАИШ лаңкестік тобын жеңді»,-деді.

Лариджани Иранның аймақтағы барлық елдермен дос әрі бауырлас екенін, сионистік режимнің мұсылмандардың басты дұшпаны саналатынын айтып: «Иран Қарулы күштері зор айбынға ие болса да, осы 40 жылда ешбір елге басқыншылық жасамады»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы, сондай-ақ, Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығына тоқталып, саудиялық басшыларға: «Батыл болсаңыздар, Израиль режимімен күресіңіздер»,-деді.   

 

Тегтер

Сараптама