Sep 22, 2019 14:36 Asia/Almaty
  • Иранның әскери-қорғаныс саласындағы жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі өтті

Қасиетті Қорғаныс аптасының бірінші күнінде Иранның әскери-қорғаныс саласындағы жаңа жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бүгін, жексенбі күні  ИИР-дің негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесі маңында өткен Иран қарулы күштерінің әскери шеруінде «Хаел» ирандық артиллериялық кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кешен толқын тудырмастан нысананы анықтайды, сондықтан көзге түспеспен әрекет ете алады.  

«Каман 12» әскери ұшқышсыз ұшағы да Иран армиясы әуе күштерінің ұшқышсыз ұшақтарының жаңа буыны ретінде 160 км/сағ жылдамдыққа ие. Оның максималды жылдамдығы 200 км/сағ. Әрекет ету радиусы – 1000 км. Ол 100 кг жүк тасымалдай алады.

Иран армиясының әуеден жерге атылатын ең маңызды әрі ең жойқын бомбаларының қатарына жататын «Ғасед» ақылды бомбасы жоғары тиімділік, жойқын қуат, нысананы анықтауда жоғары дәлдікке ие. Бұл бомба да әскери шеруде жұрт назарына ұсынылды. Ол қысқа уақыттың ішінде көптеп жасала бастайды.

«Әср 67» зымыраны, «Асеф» зымыраны, «Ғадер» бомбасы, 2000 фунттық ақылды бомба, «Ғадер» ұшаққа артылатын зымыран мен «Абабиль» ұшқышсыз ұшағы да бүгін жұрт назарына ұсынылған ирандық қорғаныс құралдарының қатарына жатады.  

Сараптама