Sep 22, 2019 15:09 Asia/Almaty
  • Таңылған соғыстың басталған күні Иранның әскери айбыны паш етілді

31 шахривар, сәйкесінше 22 қыркүйек – Ирактың Иранға таңған соғысының басталған күні.

Ирактың дарға асылған диктаторы Саддам режимінің басқыншы армиясы 39 жыл бұрын осындай күнде АҚШ-тың рұқсатымен және Сауд Арабиясы мен Кувейттің қаржылай қолдауымен  Иранға қарсы ауқымды шабуыл бастады. Ақырында бұл соғыс 8 жылдан кейін дұшпандар коалициясы үшін қорлыққа толы жеңіліспен, ал Иран халқы үшін абырой-айбынмен аяқталды.

Таңылған соғыс барлық қиындықтар мен қысымдарға қарамастан қарсыласу мен табандылықтың қымбат тәжірибесіне айналды. Бұл ұлы жетістік Иран халқының Ислам революциясынан кейінгі тарихында мәңгі есте қаларлық кезең болды.  

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның әскери және тәртіп күштері қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Қасиетті қорғаныс кезеңін Иран халқы үшін абырой көзі деп атап: «Таңылған соғыстың материалдық және рухани шығыны жоғары болғанымен Иран халқының 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезіндегі жетістіктері шығындардан әлдеқайда көп... 8 жылдық Қасиетті қорғаныс тәжірибесі барлық қиындықтар мен қысымдарға, қаржы тапшылығы мен көптеген қиындықтардың болғанына қарамастан әлемдік алпауыттардың зорлығы мен жөнсіз талап-тілектеріне қарсы тұруға болатынын көрсетті»,-деді.  

Иран тежегіш қабілет және тіпті басқыншылық қуат жөнінен қазір аймаққа қауіп төндіретін оқиғаларға төтеп беруге қабілетті. Сондықтан Иранның жергілікті зымырандар әлеуеті елдің күш-қуатының басты негіздерінің бірі саналады.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами сенбі күні Теһранда АҚШ-тан олжаланған және құлатылған ұшқышсыз ұшақтардың алғашқы көрмесінің ашылу рәсімінде: «Иранға шабуыл жасайтын кез келген ел өз жерінің басты күрес алаңына айналарын білуі тиіс. Қазір Иран әлемдегі төртінші зымырандық алпауыт болып танылды»,-деді.  

Кез келген дұшпанның осы әлеуеттерді ескере отырып, Иранға шабуыл жасамас бұрын осы елдің тежегіш, қорғаныс және басқыншылық күш-қуатын өзінің есептемелерінде ескеріп, Иранға шабуылдың шығыны мен пайдасын шынайы түрде бағалауға мәжбүр екені анық.

Осы бағалауда екі жайт маңызды: біріншісі – Иран қарулы күштерінің қауіпсіздікті қорғаудағы және ауыр қоқан-лоққылармен күресудегі стратегиялық рөлін растау, екіншісі – Иран қарулы күштерінің тежеу саласында стратегиялық рөл ойнау кезеңіне енуі. Әскери қуаттың бұл сатысы аймақтың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін сақтауда шешуші рөл ойнайды.  

ИИР ешқашан аймақта соғыс отын тұтатуды көздеген емес, бірақ дұшпандармен күресуде және қоқан-лоққыларды жоюда әрекетсіз қалмайды, аймақтың қауіпсіздігін бұзушыларға қатаң қатынас көрсетеді, өйткені бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүру үшін мықты болып, қоқан-лоққыларды тежей алу керек.

Сараптама