Oct 03, 2019 21:23 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныс ақиқаттарының ескіріп, ұмытылып немесе теріске шығарылуына жол бермеу керек

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеи қыркүйектің отызы күні Иранның Орталық облысының 6200 шәһидіне арналған Конгрессті ұйымдастырушылармен кездесуде қасиетті қорғаныс ақиқаттарының ескіруі, ұмытылуы немесе оларды теріске шығару үшін мүмкіндіктің тууына жол бермеу керектігін баса айтты.

 

Жетекші шәһидтердің әкелері, аналары мен жұбайларының естеліктерін жинаудың маңыздылығын қуаттап: «Шәһадат Құдай осы ұлыларға нәсіп еткен сый, артықшылық.

Жарқын жолдағы шәһидтер мен ардагерлер және мүгедектердің өмірлері ғибратқа толы әрі олардың рухани жоғары деңгейлерін көрсетеді» деді.

 

Хазірет шәһидтердің джиһад жасаудағы түрткісін илаһи ризашылыққа бөлену деп атап: «Мұндай жиындарды өткізу жұмыс саналмауы керек. Керісінше жастар мен жасөспірімдерді революция мен қасиетті қорғаныстың танымал тұлғаларымен таныстыру жолындағы бастама деп есептеу керек» деді.   
 

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама