Oct 13, 2019 19:48 Asia/Almaty
  • Имам Хусейнге (ғ.) қатысты рәсімдерді сақтау арқылы АҚШ-ның алдында тізе бүкпейміз

Ислам революциясының жетекшісі Иранның АҚШ алдында иілмеуінің себебін Иран халқының шәһидтер көшбасшысының қозғалысы негізінде күпірлік, сионизм және АҚШ-пен күресуді өзінің міндеті санауы деп атады.


Ислам революциясы жетекшісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні таңертең имам Хусейн (ғ.) университеті  түлектерінің рәсімінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының елдің іші мен сыртындағы абырой-айбынына тоқталып: "Америкалықтар Сақшылар корпусымен жауласамыз деп оның атақ-айбынын арттыра түсті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі күш-құдіреттің көрсеткіші ретіндегі компьютерлік бағдарламалар мен жүйелердің барлық түрімен жарақталуы қажеттігін қуаттап, «Арбағин» жаяу шеруін шынайы құдірет дәлелдерінің бірі деп атап: "Кербалаға барар жолдағы миллиондаған зияратшының шеруі ислам мен исламдық қарсыласу қозғалысының құдіретін қайта көрсетті",-деді.  

Аятолла Хаменеи әртүрлі елдерден келген және әралуан ағымдарға жататын мұсылмандар мен басқа дін өкілдерінің «Арбағин»-Хусейннің қырқындағы ұлы шеруін қазіргі замандағы айқай-шу мен жарнамаға толы күрделі әлемде теңдессіз ақпараттық оқиға деп атап: "Әл-Хусейнге деген махаббат бізді біріктірді" деген мағыналы ұран – сирек кездесетін ақиқат, өйткені имам Хусейн (ғ.) осы жиындағы барша жұртты руханият пен азаттық бұлағына қарай қозғалысқа бастады",-деді.   

 

Тегтер

Сараптама