Oct 16, 2019 18:38 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран әртүрлі ғылымдар саласында алда

ИИР Президенті елінің әртүрлі ғылымдар саласында дамығанын қуаттап: "Иран өткен 40 жылда соғыс және экономикалық қысым сынды қиындықтармен бетпе-бет келгеніне қарамастан, елдің жоғары оқу орындары өз міндеттерін жақсы атқарды",- деді.

 

Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні университтер мен зерттеу және технологиялық орталықтарда оқу жылының ресми басталуына орай өткен рәсімінде: "Қазіргі таңда Иран университеттерінің деңгейі аймақ, тіпті әлем деңгейінде жоғары әрі білім тұрғысынан да жақсы дамып келеді",- деді. Рухани қазіргі әлемде өзгерістердің өте жылдам болып жатқанына тоқталып: "Иран университеттері студенттерді жарқын келешек үшін тәрбиелеуі керек",- деп баса айтты. ИИР Президенті Теһранның басқа елдермен байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеп: "Бірақ бұл дұшпан Иранға  шабуыл жасаса, Ислам республикасының үснсіз қалатынын білдірмейді",- деді.  

 

 

 

Тегтер

Сараптама