Oct 19, 2019 14:02 Asia/Almaty
  • Шамхани: Дұшпандар «Арбағинның» айбынын жоя алмады

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы дұшпандардың имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағин» рәсімінің айбынын жойғысы келгенімен сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Шамхани жұма күні Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысындағы Шаламче халықаралық шекарасын аралау аясында: «Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағины» мен халықтың бұл қозғалысты қолдауы - «Арбағинның» мәдени миссиясының тек Кербала мен Бейн әл-харамейнмен шектелмейтіндігінің белгісі. Исламдық Иранның ең шығыс шекарасынан ең оңтүстік шекарасына дейін 3 миллион 300 мың зияратшыны өткізу өте үлкен жұмыс. Санкцияларға қарамастан Иран «Арбағин» зияратшыларын мәдени, логистикалық, медициналық және тасымалдау, сондай-ақ қауіпсіздік тұрғыларынан қамтамасыз етті»,- деді.   

 

 

Тегтер

Сараптама