Oct 20, 2019 15:04 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы АҚШ-тың алдында мықты  тұр

ИИР Президенті рухани Иран халқының осы жылдары абырой-айбынын жақсы сақтағанын, АҚШ пен одақтастарының ешқашан ирандықтарды тізе бүктіре алмайтынын қуаттады.

 

ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһранда Қасиетті қорғаныс кезінде 70 пайыз жарақат алған ардагер Адел Карими Гивимен кездесуінде шәһидтер, жаралы жауынгерлер мен ардагерлер жанұяларының сабырлығы мен жанпидалығын мадақтап: "Шәһидтер, жаралы жауынгерлер мен ардагерлер Иран халқының Қасиетті қорғаныста дұшпандарды жеңуіне зор үлес қосты",-деді.

ИИР Президенті АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимінің аймақта Иранды қыспаққа алып, соққы беру үшін жасап жатқан қысымдары мен талпыныстарына тоқталып, Иран халқының барлық қысымға айбынмен қарсы тұрғанын баса айтты.

 

 

Сараптама