Oct 20, 2019 17:07 Asia/Almaty
  • Рухани Ирак халқы, басшылары мен үлемдеріне «Арбағин» рәсімін өткізгені үшін алғыс айтты

ИИР Президенті Ирак Президенті мен Премьер-министріне жолдауында осы елдің халқы, басшылары мен үлемдерінің қауіпсіздікті толық қамтамасыз етіп, «Арбағин» зияратшыларына қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күнгі Ирак Президенті Бархам Салех пен Премьер-министрі Адел Абдулмахдиге жолдауында: "Имам Хусейн (ғ.)Арбағинінің ұлы шеруінде халықтың мәңгі есте қалар ерлігі, Ашураның азаттық пен мәрттік жолдауы бүкіл әлем халықтарының құлағына тағы жетті. Биылғы шеру де велаятты қолдап, азаттықты жақтайтын миллиондаған адамның қатысуымен өтті. «Арбағин» басқосуы бұл рәсімнің күнтізбелік шара емес екенін, тарихта мәңгі қалар мұғжиза және Хусейн мәдениеті мен Ашура көтерілісін таныстыратын ең мықты ақпарат құралы екенін тағы көрсетті", - деді.

Рухани «Арбағин» басқосуын бәрінен бұрын Иран мен Ирак халықтары арасында тілеулестік, бірлік пен шынайы жақындық, миссия мен велаятқа ынтызарлықтың көрінісі және зұлымдық, кемсітушілік пен қатігездікке қарсы бірлескен майдан құрудың белгісі деп атады.

 

Тегтер

Сараптама