Oct 20, 2019 18:42 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы "Amad News" ақпарат арнасының басшысын ұстау әрекетінде Сақшылар корпусының барлау құдіреті көрсетілгенін айтты.

 

Иран халқы мен басшылар "Amad News" ақпарат арнасы басшысының ұсталғанына қуаныш білдгеннен кейін генерал Хусейн Салами: "Сақшылар корпусының барлау күштері дұшпанға өз үйінде тағы бір мықты соққы беріп, осы күштің барлау құдіретінің деңгейін танытты.

Осындай кәсіби барлау шарасы мен оперативті әрекеттің арқасында дұшпанның психологиялық соғысының бір арнасы жойылды. Бұл арна сананы тынышсыздандыру, көше бүліктерін ұйымдастыру, басшылар арасына іріткі салу, жалған ақпарат пен қауесет тарату, халық арасында жағымсыз пікір мен үмітсіздікті таратумен айналысқан. Сақшылар корпусы үстемшілдердің барлау қызметтерін қапыда қалдырды",-деді.

 

Тегтер

Сараптама