Oct 22, 2019 17:53 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-нан SABITY танкеріне жасалған шабуылды зерттеуге қатысуды сұрады

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі дүйсенбі күні бұл ұйымнан ирандық SABITY танкеріне жасалған лаңкестік шабуылды зерттеуге қатысуды сұрады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілі мәлімдеме жариялап, Теһранның SABITY танкеріне жасалған лаңкестік шабуылға қатысты зерттеу жұмыстарын бастағанын қуаттап, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштен ұйымның мамандарын осы үдеріске қатыстыруды сұрады.

БҰҰ-дағы Иранның өкілі: «Ирандық танкерге жасалған шабуыл үкіметтік тұлғалардың араласуымен жасалғандықтан лаңкестік әрекет саналады»,- деді.

Ирандық SABITY танкері  11 қазанда Қызыл теңіздегі өтетін дәлізге жақын жерде жарты сағат ішінде екі рет нысанаға алынып, шабуылдардың салдарынан танкерге нұқсан келді. Дүйсенбі күні бұл танкер Иран суларына енді.

 

 

Сараптама