Oct 23, 2019 12:34 Asia/Almaty
  • Америкада ирандық ғалымның ұсталуы – адам құқығының әшкере бұзылуы

Америка түрмесіне қамалған ирандық ғалым Масуд Солейманидің әйелі ирандық ғалымды заңсыз құрықтаған Американың ісін адам құқығын әшкере бұзу деп атап: "Себебі доктор Солеймани айыбы жарияланбастан түрмеде қамалып жатыр, - деді.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша Масуд Солейманидің әйелі доктор Маһназ Рабии Америкада қамауда жатқан ирандық ғалымның жағдайына қатысты кеше сейсенбі күні өткен баспасөз конференциясында: "Америка өз қонақтарын түрмеге қамау арқылы қонақжайлық танытады. Доктор Солеймани – профессор, Теһран Педагогика университетінің гематология кафедрасының меңгерушісі, әлемнің үздік ғалымдарының бірі бүгінде Американың түрмесінде қамалып жатыр", - деді.  Доктор Маһназ Рабии сонымен қатар Американың профессор Солейманиді санкцияны бұзды деп айыптауын негізсіз айыптау деп атап: "Доктор Солейманидің Америкада тіпті жұмысы, сауда, жеке бас тұрғысынан да ешқандай байланысы болған жоқ", - деді.

Иран Телерадио бірлестігі шетелдік торабының басшысы Пейман Джебели де баспасөз конференцясында профессор Солейманидің ғылыми жұмыстары туралы екі деректі фильмнің түсірілгенін хабарлап, ирандық ғалымды ұстағанда Американың таққан айыптарын теріске шығарып, Иран Телерадио бірлестігінің шетелдік торабы арналарының доктор Солейманиді азат ету мақсатындағы талпыныстары жалғасатынын мәлімдеді.

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама