Oct 23, 2019 12:55 Asia/Almaty
  • Рухани ертең Бакуге барады

ИИР Президенті Хасан Рухани Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін ертең бейсенбі күні Бакуге барады.

 
Иран Президенті кеңсесінің Байланыстар және ақпарат тарату бөлімі басшысының орынбасары Али Реза Маази Президент Хасан Руханидің Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының 17-самммитіне қатысып, баяндама жасау үшін Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевтің ресми шақыруымен ертең Бакуге сапармен баратынын хабарлады. 
Маазидің айтуы бойынша ИИР Президенті Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммитіне қатысып, аймақ пен халықаралық жағдайға қатысты ИИР-ның ұстанымдарын мәлімдеуімен бірге Әзірбайжан президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Теһран-Баку байланыстарындағы маңызды мәселелерді, ортақ келісімдер мен жобалардың орындалу үдерістері туралы сөйлеседі. 
Әзірбайжан республикасы Қосылмау қозғалысының төрағалығын үш жылдық (2019-2022) бір кезеңмен мойнына алып отыр. 
 

 

Тегтер

Сараптама