Oct 23, 2019 13:08 Asia/Almaty
  • Зариф: Америка – көпжақтылық үшін шынайы қатер

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф қазіргі таңда көпжақтылыққа Америка тарапынан қауіп төніп тұрғанын айтты.

Мохаммад Джавад Зариф кеше сейсенбі күні кешке Бакуге аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатта Әзірбайжанның астанасында Қосылмау қозғалысына мүше елдердің басшылары мен премьер-министрлерінің саммиті өтетінін мәлімдеп: "Мемлекеттер дипломатия мен көпжақтылық негіздеріне көңіл бөлуі керек. Қосылмау қозғалысына мүше елдер көпжақтылық пен оны нығайтуға көбірек назар аударады", - деді.


Қазанның 25-26 күндері Әзірбайжанның астанасы Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдердің басшылары мен премьер-министрлерінің 17-саммиті өтеді.

Саммиттің алдында, яғни бүгін сәрсенбі, ертең бейсенбі күндері Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді.

 

Тегтер

Сараптама