Қар 08, 2019 20:32 Asia/Almaty
  • Иранның төртінші қадамы – АҚШ-тың «мейлінше қысым көрсету» саясатының сәтсіздігі

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-ты зұлымдықтың көшбасшысы және әлемдегі лаңкестіктің құрушысы әрі демеушісі атады.

Сейед Аббас Мусави АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагустың Иранға қарсы сөзіне реакция білдіріп: «Мұндай сөздердің зұлымдықтың көшбасшысы және әлемдегі лаңкестіктің құрушысы әрі демеушісі болып отырған режимнен есту таңырқататын жайт емес пе?»- деді.

Морган Ортагус Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамына реакция білдіріп, халықаралық қауымдастықтан ИИР-на қарсы қысымдарды арттыруды сұрады. Бұл сөздер АҚШ-тың Иранға қарсы «мейлінше қысым көрсету» саясатының сәтсіздікке ұшырағанын және бұл елдің Иранға қарсы әлемдік ұстаным ұйымдастырғысы келетінін көрсетеді. АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы «мейлінше қысым көрсету» саясатын ұстанып, өз мақсаттарына жете алмады. Өйткені Иран халқы қарсыласуымен АҚШ-тың зорлық-зомбылығы және біржақты саясатын залалсыздандырды. Басқаша айтқанда, «АҚШ-тың Иранға қарсы «мейлінше қысым көрсету» саясатының нәтижесінде Вашингтон оқшауланды. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамын іске асыру да АҚШ ұстанымының нәтижесі»,- деп бағалауға болады. Халықаралық Валюта қоры мен Дүниежүзілік банкінің соңғы мәліметінше, Иран экономикалық тұрғыдан дамып, Иран мұнайға тәуелді экономикадан өтті. Бұл АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанымы мен санкцияларының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Мұнайға сүйенуден өту Ирандағы экономикалық кірістердің түрлілігін, дәл осы түрліліктің Иран экономикасының ілгерілеуіне себеп болғанын көрсетті. Бұл салада америкалық Foreign Affairs бейсенбі күні Иранның төртінші қадамына реакция білдіріп: «Иран АҚШ-ның санкцияларынан сәтті өтті. Иранның ядролық жұмыстары мен аймақтың белсенділігі бұрынғыдай жалғасуда»,- деп жазды. Бұдан бұрын америкалықтар қоқан-лоққылар мен «мейлінше қысым көрсету» саясаты Иранның ядролық жұмыстарының жалғасуына кедергі болады және Иранның Батыс Азиядағы рөлін төмендетеді»,- деп уәжденген. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамы АҚШ-тың санкциялары мен кең ауқымды қысымдарының Иранның бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарының дамуын тоқтата алмағанын, бұл технологияның жергілікті болғанын көрсетті. Америкалықтар біржақты ұстанымдарымен бірге басқаларға қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытып, басқа елдерді Иранға қарсы қойғысы келеді. Бұл мәселе АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекеттерінен анық байқалуда. Бұл салада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбіде Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту үдерісін АҚШ пен Еуропа әрекеттерінің нәтижесі деп атап: «АҚШ өз міндеттемелерін орындамай,  халықаралық құқықтарды бұзуымен бірге санкциялармен жазалу арқылы әлемнің басқа елдеріне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыруға тыйым салды»,- деді.  Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты жаңа әрекеттері АҚШ пен Еуропаның реакцияларына тап болды. Иранның бұл әрекеттері - «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қарастырылған Ислам республикасының заңды құқығы.

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама