Nov 11, 2019 16:21 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Қазақстанға аттанды

Иран Сыртқы істер министрі Astana Club 2019 саммитына қатысу үшін бүгін дүйсенбі күні Қазақстанға аттанды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бұл сапарында жыл сайын өтетін Astana Club 2019 қатысуымен бірге ел басшыларымен кездесіп, пікір алмасады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави кеше жексенбі күні тілшілермен өткізген отырыста: «Иран Сыртқы істер министрі дүйсен, сейсенбі күндері Қазақстанға сапар шегіп, бұл елдің жоғары лауазымды басшыларымен екіжақты және аймақ мәселелері жөнінде пікір алмасып, ғылыми институттардың бірінде сөз сөйлейді»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама