Nov 11, 2019 19:10 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұстафа ( с.ғ.с.) атындағы әлемдік сыйлықпен Ислам әлемінің 5 ғалымы марапатталды

Бүгін дүйсенбі күні Теһранда "Бірлік апталығының" басталуымен хазірет Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы әлемдік сыйлықпен Ислам әлемінің 5 ғалымы, 2 түркиялық және 3 ирандық ғалым марапатталды.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, түркиялық Удур Шаһин "Обырға қарсы вакциналар" саласындағы еңбегі, ирандық Әли Хадам Хосейни "Нано-биологиялық гидрогельдер", түркиялық Умран Инан "Жерге жақын кеңістіктегі толқындар мен бөлшектер", сондай-ақ ирандық Хосейн Бахарванд "Діңгекті жасушалар" мен Мұхаммад Абдәлвандтың "Обырды анықтаудағы жаңа әдістер" салаларындағы еңбектері үшін "Исламдық Нобель" деп аталатын хазірет Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы әлемдік сыйлықпен марапатталды.

Хазірет Мұстафа ( с.ғ.с.) атындағы әлемдік сыйлық екі жылда бір рет Ислам әлемінің ғылыми дамуын тереңдету мақсатында ислам елдерінің инновациялық еңбектерге ие ғалымдарына берілді.

 

 

Сараптама