Nov 12, 2019 15:07 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран электр станция жабдықтарын өндіру әлеуетіне ие

ИИР Президенті елінің ғылыми жетістіктеріне тоқталып, Иранның электр станция жабдықтарын өндіру әлеуетіне ие екенін қуаттады.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Керман облысының тау-кен металлургия және су мен энергетика жобаларының іске қосылу рәсімінде елдің электр қуаты өндірісіндегі үлкен өзгерістерге тоқталып, Иранның елдің іші мен аймақтың басқа елдері үшін электр стансаларын салып жатқанын айтты. Рухани сондай-ақ Иранның зымырандық күш-қуатын баса айтып: «Иран бүгінде әуе-қорғаныс саласында америкалық ұшқышсыз ұшақтарды құлата алатын зымыран жасай алатын әлеуетке ие»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама