Nov 13, 2019 17:22 Asia/Almaty
  • Иранның ЕЭО меморандумы экспорттың дамуына жағдай жасайды

Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасында қол қойылған меморандум Иранның аймақ елдеріне экспортының артуына одан ары жағдай жасайтынын айтты.

 

Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай сейсенбі күні  Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлстан облысындағы ұлыстардың халықаралық фестивалінде тілшілерге берген сұхбатта: "Еуразия экономикалық одағы мен Иран ынтымақтастық меморандумына қол қою арқылы Иранның бес ел – Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения мен Беларусьпен саудасын дамытуға жағдай жасады",-деді.

Гүлстан облысының әкімі Хади Хақшенас: "Иран БҰҰ-ға мүше 200 елдің арасында ең көп көршісі бар 20 елдің қатарына жатады. Бұл Иран үшін осы мүмкіндіктерді пайдалануға берілген теңдессіз мұрсат",-деді.  

Иран мен Еуразия экономикалық одағының преференциалды сауда туралы келісімі 27 қазанда күшіне енді.

Бұл келісім 862 тауарды қамтиды. Иран Еуразия одағына 360 тауарға, ал Еуразия одағы Иранға 502 тауарға жеңілдік жасады.

 

Тегтер

Сараптама