Nov 13, 2019 17:39 Asia/Almaty
  • Джебели: Ислам әлемі дұшпандармен күресу үшін бірлікті қажет етеді

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы басшысының орынбасары Джебели Ислам революциясының мұсылмандардың бірлігін баса айтатынын айтып: "Ислам әлемі дұшпандармен күресу үшін бірлікті қажет етеді",-деді.

Пейман Джебели ИИР Телерадио бірлестігінде "Бірлік апталығына" орай сүннит үлемдермен өткен отырыста дұшпандардың мұсылмандар арасында қайшылық тудыру үшін ойластырған қастандықтарына тоқталып: "Британдық шиіт пен саудиялық сүннит және қалталы израильдіктер мұсылмандар арасына іріткі салып, өз мақсаттарын орындауды көздейді",-деді.

Джебели ислам әлемінің бірлігін нығайтудың ИИР Телерадио бірлестігінің миссиясы екенін айтып: "ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының мақсаты – әлемде болып жатқан оқиғалар жайлы шынайы баяндап, ИИР-ның жетістіктері мен абырой-айбынын таныстырумен қоса, бұрмалаушы және іріткі салушы ағымдармен күресу",-деді.

Ол ИИР Ислам революциясының басқа елдерге үлгі екенін айтып: "Иран Ислам революциясы үстемшілдердің исламға қарсы зұлымдығының ең ауыр жағдайында да қоғамды сәттілікке жеткізіп, әділетсіздіктен құтқара алатынын дәлелдеді",-деді.  

Тегтер

Сараптама